banner-top12

Оралмандар photo_20614-660x330

Қосқан уақыты Қазан 26, 2017 | 340 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Кеден одағы кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі

Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (көшіп келуші) болып танылған жеке тұлғалардың Кеден одағы кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі бойыншаәдістемелік ұсыныс

Нақты әдістемелік ұсыныс Қазақстан Республикасы Коституциясына, Кеден одағының Кеден кодексіне (бұдан әрі- КО КК), Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі- Келісім) және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының Кодексіне негізделген.

Егер Кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңнамаларында босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (көшіп келуші) болып танылған жеке тұлғалардың Кеден одағы кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі тікелей қарастырылмаған жағдайда, оларға ереже заңды тұлға ретінде қолданылады.

Әдістемелік ұсыныста қолданылатын негізгі терминдер және оларға анықтамалар:

  • жеке пайдалануға арналған тауарлар –кедендік шекара арқылы алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда, халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе өзге де тәсілмен өткізілетін жеке адамдардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждықтарына арналған тауарлары;
  • иесімен жөнелтілмейтін багаж – жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік аумағына кіруімен немесе оның Кеден одағының кедендік аумағынан кетуімен байланысты Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілуі үшін халықаралық тасымалдау (көлік экспедициясы) шарты бойынша тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке тұлғаға тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарлар;
  • иесімен бірге жөнелтілетін багаж – қолжүгін қоса алғанда, Кеден одағының кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлға тікелей өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
  • жеке пайдалануға арналған, тасымалдаушы жеткізетін тауарлар – Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтпеген жеке тұлғаның атына не жеке тұлғадан Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізу үшін халықаралық тасымалдау шарты бойынша (жүкқұжат, коносамент және өзге де құжаттар бойынша) тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар;
  • жеке пайдалануға арналған көлік құралы – жеке тұлғаның меншігінде немесе иелігінде болатын, осы көлік құралдарын тұлғаларды сыйақы алу үшін немесе тауарларды өнеркәсіптік немесе коммерциялық жолмен сыйақы алу немесе тегін тасымалдау үшін емес, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тек өз мақсаттарында өткізетін, қосалқы бөлшектерімен және әдеттегі керек-жарақтарымен және жабдықтарымен бірге, оның әдеттегі бактарында жанар-жағар майы мен отыны бар авто-, мотокөлік құралы, тіркеме, су немесе әуе кемесі;
  • тарифтік емес реттеу шаралары – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сандық және экономикалық сипаттағы өзге де тыйым салу мен шектеулерді енгізу жолымен жүзеге асырылатын тауарлармен сыртқы сауданы реттеу шараларының кешені;
  • тыйым салу мен шектеу – тарифтік емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы саудаға қатысты және ұлттық мүдделердің негізінде енгізілетін шараларды, тауарлармен сыртқы саудадағы тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін, экспорттық бақылау, оның ішінде әскери мақсаттағы, техникалық реттеу өнімдеріне қатысты шараларды қамтитын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын шаралар кешені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік, фитосанитарлық және радиациялық талаптар;
  • кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу–тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету;
  • тұтынуда болған тауарлар– киюдің, жуудың, пайдаланудың көзге көрінетін белгілері бар тауарлар;
  • тауарларды шығару – кеден органдарының мүдделі тұлғаларға тауарларды мәлімделген кедендік рәсім талаптарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес пайдалануға рұқсат беретін әрекеті.

Кіріспе.

  1. Кеден одағының кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (көшіп келуші) болып танылған жеке тұлғалар (бұдан әрі- Тұлғалар) Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес, жазбаша декларациялауға жататын міндетті талаптарға тиісті осындай тауарлар тізімінің  бар екенін білуі қажет.

Осындай тауарларға жататындар:

 

1) алып жүрмейтін багажда өткізілетін немесе тасымалдаушы жеке тұлғаның мекенжайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

2) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылатын кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны мұндай тауарларды кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып өткізудің нормаларынан асатын уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

4) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында тіркелген, кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және мұндай аумаққа кері әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

5) кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардың кеден шекарасы арқылы өткізетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары;

6) мәдени құндылықтар;

7) егер оларды өткізетін жеке тұлғаның алып жүрмейтін багажы болса, алып жүретін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;

8) Әдістемелік ұсыныстың 2-қосымшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар жатады.

 

Жеке пайдалануға арналған тауарларды жазбаша декларациялауды жеке тұлғалар өздері кедендік шекара арқылы жүруі кезінде кеден органына тауарларды бір мезгілде көрсете отырып, жүзеге асырады.

Халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетіндерді және кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатындарды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды жазбаша декларациялау жолаушы кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша нысанда жүргізіледі. Жолаушы кедендік декларациясының нысаны Әдістемелік ұсыныстың 1-қосымшасында көрсетілген.

Жеке тұлға өз қалауы бойынша кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға жолаушы кедендік декларациясын пайдалана отырып, жазбаша нысанда декларациялау жүргізуге құқылы.

Он алты жасқа толмаған жеке адамның жеке пайдалануға арналған тауарларын декларациялауды оны алып жүретін адам (ата-анасының бірі, осы адамның асырап алушысы, қамқоршысы немесе қорғаншысы, оны алып жүретін өзге де адам не алып жүретін адамдар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-анасының, асырап алушылардың, қамқоршылардың немесе қорғаншылардың алып жүруінсіз кәмелеттік жасқа толмаған адамдар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде – топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі) жүргізеді.

Кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы немесе:

кедендік шекарадан өту кезінде алып жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар;

жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде алып жүрмейтін багажда өткізілетін көлік құралдарын оларды кедендік шекара арқылы іс жүзінде өткізу үшін тасымалдаушыға берген (беретін);

халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың жөнелтушісі болатын;

өз атына тасымалдаушы жеткізетін тауар ретінде жеке пайдалануға арналған тауарлар, оның ішінде көлік құралдары түскен немесе осындай тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге жіберетін;

өзіне иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы тиесілі, кедендік шекара арқылы өтетін, жеке пайдалануға арналған көлік құралында жүрген;

сот шешімімен немесе мұрагерлік құқығы бойынша кеден одағының кедендік аумағында кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын иеленген;

кеден одағының кедендік аумағында кедендік бақылаудағы жеке пайдалануға арналған көлік құралына қатысты иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын иеленген;

осы Келісімге 3-қосымшада көзделген жағдайларда кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу құқығын иеленген шетелдік жеке тұлға декларант бола алады.

  1. Жолаушылар кедендік декларациясын беру кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың ұсынылуымен қоса жүруі тиіс. Мұндай құжаттарға:

 

1) жеке басын куәландыратын құжаттар (соның ішінде кәмелетке толмаған тұлғалар);

2) кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алуды, қамқорға алуды, қамқорлықты растайтын құжаттар;

3) декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растайтын құжаттар;

4) көліктік (тасымалдау) құжаттар;

5) кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктерге құқықты растайтын, соның ішінде жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкелуін (әкетуін) растайтын, сондай-ақ жеке тұлғаны босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы не кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған тәртіпте тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды растайтын құжаттар;

6) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;

7) жеке пайдалануға арналған көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер бар құжаттар;

8) жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар;

9) ұсынылуы кеден одағының кеден заңнамасында көзделген басқа да құжаттар мен мәліметтер жатады.

Әдістемелік ұсыныстың 7-қосымшасында көрсетілген тауарлар критерийлерге қарамастан, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.

Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде, жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша оның кедендік шекара арқылы жүруі кезінде жеке тұлғаға берілген, кеден органы ресімдеген жолаушылар кедендік декларациясының данасы ұсынылады.

Егер осындай, жолаушылар кедендік декларациясын жоғалту себебі бойынша немесе өзге де себептер бойынша жолаушылар кедендік декларациясы ұсынылмаған кезде, егер жеке тұлға өзгені дәлелдемесе, жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік төлемдерді төлеуден босатылған тауарларды әкелудің құн, мөлшер, салмақ нормаларынан асыра әкелінген ретінде қаралады.

  1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін, Әдістемелік ұсыныстың 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдер төленбейді.

Әдістемелік ұсыныстың 5-қосымшасында көрсетілген, кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдер, салықтар, осы қосымшада көзделген мөлшерлерде төленеді.

Кедендік кіріс ордерінің негізінде жеке пайдалануға арналған тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлейді. Кедендік кіріс ордерінің нысаны Әдістемелік ұсыныстың 6-қосымшасында көрсетілген.

Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік кіріс ордерін толтыруды және кедендік баждарды, салықтарды есептеуді кеден органының лауазымды тұлғасы жүргізеді.

  1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмайды.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу және (немесе) осы аумақтан әкету кезінде Әдістемелік ұсыныстың 5-қосымшасында көрсетілген тыйымдар мен шектеулер қолданылады.

Әкелуге және (немесе) әкетуге шектеу қойылған жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары беретін, шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарды кеден органына ұсынғанда жол беріледі.

Жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік шекарадан өту кезінде кедендік декларациялауға және кедендік рәсімдермен орналастырылмастан жеке пайдалану үшін шығаруға жатады.

  1. Жеке тұтыну үшін қолданатын тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуде тауарларды уақытша сақтау қоймаларында және кедендік рәсімдермен орналастыру тұлғаның өз қалауымен жүзеге асырылады.
  2. Келу орындарына алып жүретін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылуы мүмкін.Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен алып жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған мынадай тауарлар орналастырылуы мүмкін:
  • кеден одағының кедендік аумағында және шет мемлекеттің аумағында тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
  • келу орнынан қызметі жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын өңірдегі кеден органына дейін өткізілетін кезде Әдістемелік ұсыныстың 1-қосымшасында көрсетілген сәйкес кедендік төлемдерден босатылатын жеке пайдалануға арналған тауарлар.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған кезде жеке тұлға кеден органына транзиттік декларацияны ұсынады және егер осы Келісімде өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді енгізеді.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдаған кезде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес декларант ретінде әрекет ететін жеке тұлға кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес тасымалдаушы атқаратын міндеттерді атқарады.

7.Жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік шекарадан өту кезінде кедендік декларациялауға және кедендік рәсімдермен орналастырылмастан жеке пайдалану үшін шығаруға жатады. Тауарларды жеке пайдалану үшін шығару,осындай  тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тұлғажоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерді аяқтағаннан кейін жүзеге асырылады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑