banner-top12

Оралмандар 93050170d20ccc84311dff96b32

Қосқан уақыты Қазан 26, 2017 | 300 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе) осы аумақтан әкетуге тыйым салынған немесе шектелген жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізбесі

Әдістемелік ұсыныстың 8-қосымшасы

Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе)

осы аумақтан әкетуге тыйым салынған немесе шектелген жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізбесі

1. Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізу кезінде:
1.1 кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған баспа, аудиовизуалды және басқа да ақпарат тасығыштардағы ақпарат;
1.2 кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару оның негізгі бөлшектері, олардың патрондары;
1.3 әкелу кезінде тыйым салынған және (немесе) әкелу кезінде және (немесе) әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген қауіпті қалдықтар;
1.4 кеден одағының кеден шекарасына әкелу және кеден одағының кеден шекарасынан әкету шектелген ақпаратты құпия алуға арналған арнайы техникалық құралдар;
1.5 кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген есірткі заттарының және психотропты заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар;
1.6 тиісті құжаттары болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін дәрілік заттар түріндегі есірткі заттарының және психотропты заттардың, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған көлемдегі прекурсорлардың шектелген санын қоспағанда, есірткі заттары
1.7 әкелген және (немесе) әкеткен кезде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген адамның органы және (немесе) тіні, қан және оның компоненттері;
2. Кез келген тәсілмен әкету кезінде:
2.1 экспорты және (немесе) импорты кезінде сандық шектеу белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген қара және түсті металдардың қалдықтары және сынықтары;
2.2 кеден одағының кеден аумағынан экспорты шектелген өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары және қалдықтары, құрамында бағалы металдар бар кен және бағалы металдардың және шикізат тауарларының концентраттары;
2.3 әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген минералды шикізат (табиғи өңделмеген тастар);
2.4 әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жер қойнауы туралы ақпарат;
2.5 экспорты кезінде осы тауарлардың бір түрінің үш данасынан асатын саны кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жабайы өсетін дәрілік шикізаттар (өсімдіктер, өсімдіктердің бөліктері, тұқымдары, жемісі);
2.6 экспорты кезінде осы тауарлардың бір түрінің (аң аулаудан және балық аулаудан түскен олжаларды қоспағанда) үш данасынан асатын саны кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген тірі тағы аңдар және жабайы өсетін жекелеген өсімдіктер;
3. Кез келген тәсілмен әкелу кезінде:
3.1 кеден одағының кеден шекарасына әкелу тыйым салынған озонды бұзатын заттар
3.2 2001 жылы 22 мамырда Стокгольмде қол қойылған Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының әсеріне жатқызылатын кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған өсімдіктерді қорғау заттары;
3.3 кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған биологиялық су ресурстарын өндіру (аулау) жабдықтары;
3.4 18 жасқа толған бір адамға арналған жалпы көлемі 5 литрден астам этил спирті және алкоголь өнімі;
3.5 18 жасқа толған бір адамға арналған 200-ден астам сигарет немесе 50 сигар немесе 250 грамм темекі немесе жалпы салмағы 250 грамнан астам көрсетілген бұйымдардың жиыны.
4. Халықаралық почта жөнелтілімдерінде (осы бөлімнің 1-3-тармақтарына толықтыру):
4.1 алкоголь өнімі, этил спирті, сыра;
4.2 темекі бұйымдарының және шегу қоспаларының кез келген түрі;
4.3 азаматтық және қызметтік қару бұйымдарымен құрылымдық ұқсас қарудың (оның бөлшектерінің) кез келген түрі, оған патрондар (оның бөлшектері);
4.4 радиоактивті материалдар;
4.5 мәдени құндылықтар;
4.6 тез бұзылуға бейім тауарлар;
4.7 араларды, сүліктерді, жібек құртын қоспағанда тірі жануарлар;
4.8 кез келген түрдегі және жай-күйдегі өсімдіктер, өсімдіктің тұқымдары;
4.9 зергерлік бұйымдарды қоспағанда, кез келген түрдегі және жай-күйдегі асыл тастар, табиғи алмастар;
  1. Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе)

осы аумақтан әкетуге шектелген жеке пайдалануға арналған

тауарлардың тізбесі

1. Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізу кезінде:
кеден одағының кеден шекарасына әкелу және кеден одағының кеден шекарасынан әкету шектелген шифрлау (криптография) құралдары;
2. Кеден шекарасы арқылы, халықаралық почта жөнелтілімдерінен басқа кез келген тәсілмен өткізу кезінде:
2.1 әкелу және әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген озонды бұзатын заттар;
2.2 тиісті құжаттары болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін дәрілік заттар түріндегі есірткі заттарының және психотропты заттардың, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған көлемдегі прекурсорлардың шектелген санын қоспағанда, есірткі заттары;
2.3 кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару оның негізгі бөлшектері, олардың патрондары;
3. Кез келген тәсілмен әкелу кезінде:
кеден одағының кеден аумағына әкелу шектелген радиоэлектронды құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы жоғары жиіліктегі құрылғылар, оның ішінде қоса жасалған немесе басқа да тауарлардың құрамындағылар;
4. Кез келген тәсілмен әкету кезінде:
4.1 әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген минералогия және палеонтология бойынша жинақтамалар және жинақтау заттары;
4.2 әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жойылып кету қаупі бар жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенцияның қолдану аясына кіретін жабайы фауна және флора түрлері;
4.3 әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының қызыл кітаптарына енгізілген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар тағы аңдар мен жабайы өсімдіктердің түрлері, олардың бөліктері және (немесе) дериваттар;
4.4 әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген ұлттық мұрағат қорларының құжаттары, мұрағат құжаттарының түпнұсқалары.
5. Кеден шекарасы арқылы, халықаралық почта жөнелтілімдерінен басқа кез келген тәсілмен өткізу кезінде:
мәдени құндылықтар




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑