banner-top12

Шалқар index

Қосқан уақыты Қаңтар 27, 2015 | 682 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Кедергісіз қоғамға қарай бір адым!» акциясы

2015 жылдың 5 ақпаны күні Алматы қаласы Алмалы аудандық ХҚКО-да «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығымен бірге «Кедергісіз қоғамға қарай бір адым!» атты акция өтпек.
Акция мақсаты – мүгедек жандардың қоғам өміріне кедергісіз араласуына мүмкіндіктер жасау, есту қабілеті төмен жандарға ымдау тілі көмегімен электрондық үкімет порталында жұмыс істеуді үйрету, алдағы уақытта өз үйлерінде отырып-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға, электрондық үкімет порталына кіріп жұмыс істеу мүмкіндігіне жол ашу.
Яғни мүгедектерге ЭСҚ беру, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу жолдары туралы оқыту, буклеттер тарату, карт-ридерлер сыйлау сияқты шаралар жүзеге асырылмақ.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Елбасы да «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтқан болатын. Ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері тиіс. Тағы бір жаңалық – үстіміздегі жылға 21 қаңтар күні Парламент Мәжілісінде «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы мақұлдады. Мұның біздің елімізде де қабылдануы, Қазақстанда тұрып жатқан 627 мың мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасыларының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беріп, қам көңілдеріне қуат беріп, қуанышын үстей түсері сөзсіз.
Осы орайда, Халыққа қызмет көрсету орталықтары да мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетудің кешенді шараларын жүзеге асыруда. Барлық ХҚКО-ларда мүгедектер автокөліктері үшін автотұрақтар, пандустар, мүгедектерге арналған көтерілу құрылғылары, шақыру қоңыраулары, арнайы қабылдау столдары, көрсеткіш жазулар, браиль әріптерімен таныстыру тақталары, жол көрсету жазулары және т.б. құрылғылармен қамтамасыз етілген. ХҚКО қызметкерлері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жасаған 10 тармақтан тұратын Мүмкiндiгi шектеулi тұлғалармен қоғамда өзiн-өзi ұстай бiлу тәртiбi көрсетілген Мүмкiндiгi шектеулi тұлғағаларға қатысты әдеп ережесiн басшылыққа алады.
ХҚКО мүгедектерді жұмысқа тарту, қызмет алуға келген мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы курстардан өткен мамандардың қызмет көрсетуі (ымдау тілінің аудармашысы), І және ІІ топтағы мүгедектердің үйіне барып қызмет көрсету сынды жұмыстарды жүзеге асыруда.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдау бойынша мүгедек жандарды оқыту, кеңес беру және тестке дайындау жұмыстарын жүзеге асырылып, жұмысқа қабылдануда. Бүгінде Алматы қаласы ХҚКО-ларында 7 мүмкіндігі шектеулі жан қызмет етеді.
Есту қабілеті нашар жандарға ХҚКО-да қызмет көрсету үшін филиал инспекторлары «Ымдау тілінің аудармашысы» курсынан өтіп, сертификат алды. Өткізіліп жатқан шарамыз да осы ымдау тілін меңгерген қызметкерлерімізбен жүзеге асырылуда.
Мұның бәрі – мүгедек жандардың қоғам өміріне кедергісіз араласуына мүмкіндіктер жасау талпыныстарынан туып отыр.
Осылайша, айналамыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыра отырып, оларға біреуден көмек күту саясатынан құтылуға мүмкіндік беріледі.
Шараның өтетін орны: Алматы қаласы Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы. (Мекен жайы: Бөгенбай батыр көшесі, 221. Жұмалиев к-мен қиылысы.)
Шараның өтетін уақыты: 2015 жылғы 5 ақпан, сағат 11-00-де.
Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑