banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_7035

Қосқан уақыты Тамыз 23, 2019 | 63 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Келісім» атты азаматтарды қабылдау күні өтеді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинетімен бірге 2019 жылы 27 тамыз күні сағат 11.00 -де Алматы қаласы, Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Келісім» атты азаматтарды  қабылдау күнін өткізеді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы,  Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинеті, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры өкілдері қатысып, қала тұрғындарына әртүрлі даулардың, ұлтаралық түсініспеушіліктердің алдын алу, заңдық, құқықтық тұрғыда және мемлекеттік қызмет алуға қатысты кеңестер береді.

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 27 тамыз, сағат 11-00-де.

Өтетін орны: Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Наурызбай аудандық фронт-офисі.

Мекенжайы: «Шұғыла» шағын ауданы, 347/1




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑