banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_0452

Қосқан уақыты Сәуір 18, 2019 | 92 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Кездесу өтті

 

IMG_0448 IMG_0095.JPG11 IMG_0085.JPG11 20190402_155546 IMG_9980IMG_0452IMG_0543IMG_9958

Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында  «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесу өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.

Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф  Болат Бопайұлы, ақын Сламхат Сейітқамза, философия ғылымдарының докторы,  профессоры Бақытжан Сатершиновтер

№119 мектеп-лицейінің оқушылары мен кітапхана ұжымына, шара қатысқан қонақтарға қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы лекция оқыды.

Шара Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті.

 Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қорының баспасөз қызметі.

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑