banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_0581

Қосқан уақыты Тамыз 19, 2015 | 618 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Кіріс департаментінің қызметкерлері ХҚКО қызметкерлерін оқытты

IMG_0581 IMG_0589 IMG_0566 IMG_0567 IMG_0568 IMG_0569 IMG_0581 IMG_0582

«ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен кездесу өтті. ХҚКО қызметкерлері биылғы жылы енгізілген қанатқақты 35 мемлекеттік қызмет түрін көрсету үшін, тиісті өкілетті органдардың мамандарымен тәжірибе алмасуды қолға алған. Бүгінгі кездесу де сала бойынша 10 қызмет түрін ұсынып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен өтті. Екі мекеме өкілдері ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде қандай құжаттар талап етілетіні, құжаттар қалай толтырылатыны, қабылдау уақыты және т.б. қажетті ақпараттармен бөлісті.
Жиынға Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті, қаладағы барлық аудандық бөлімдерінің басшылары мен өкілдері, «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы мен бөлімдерінің басшылары қатысты.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑