banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 26, 2014 | 579 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

К.Мәсімов: Талантты жастарымыз өзге елге кетіп қалуы мүмкін

 

      Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов білікті мамандардың өзге дамыған елдердің экономикасына кетіп қалуына алаңдайды.   Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан кәсіпкерлердің бірінші съезінде айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

   Министрдің мәлімдеуінше, дамушы экономиканың алдында, соның ішінде, Қазақстан экономикасында төрт жаңа мәселе тұр. Соның бірі – еңбек ресурстарының жинақылығы, қазір дамыған елдерде білікті, талантты адамдар тапшылығы байқалып отыр.

      “Егер АҚШ, Батыс Еуропа заңнамаларындағы өзгерістерді қарасақ, олар білікті қызметкерлердің көші-қон мәселесін айтарлықтай жеңілдетіп жатыр. Соған байланысты жоғары білікті, әрі талантты адамдардың дамушы елдерден, соның ішінде Қазақстаннан мейлінше дамыған елдерге кетіп қалу қаупі туындайды” – деді Мәсімов.

     Оның айтуынша, бұл мәселені Үкіметтің көші-қон саясаты жөніндегі жұмысында ескеру керек, сондай-ақ кәсіпкерлер де бұған назар аударуы қажет.

Tengrinews.kz

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑