banner-top12

Ақпараттар ағымы image-03-09-14-03-19-1

Қосқан уақыты Қыркүйек 5, 2014 | 502 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Көлік жүргізуші дәрігерлік байқаудан МХҚКО-да өте алады

       image-03-09-14-03-19-1 image-03-09-14-03-20-4

Енді Халыққа қызмет көрсету орталығына жүргізуші куәлігін алу үшін жүгінетін азаматтар, дәрігерлік байқаудан өту үшін, алысқа бармай-ақ осы жерден өту мүмкіндігіне ие болды. Бұрын Алматы қаласының ана шеті мен мына шетіне әр сала дәрігерлерінен жарамдылық анықтамасын алу үшін бірнеше күн бойы жүгіретін азаматтар, енді санаулы сағаттар ішінде МХҚКО ішінде дәрігерлік комиссия байқауынан өтетін болды. Алматы қаласы Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында орналасқан дәрігерлік бақылау комиссиясы мамандары азаматтарды қарап, қабылдауды ақылы түрде жүзеге асырады. Мәселен, көлік жүргізу үшін қажетті 083/у дәрігерлік анықтама бойынша денсаулығын растайтын, нарколог, терапевт, хирург, офтальмолог, отоларинголог, невропатолог, психиатр дәрігерлерінің әрқайсысына қарану 500-650 теңге аралығындағы соманы құрайды, яғни қалтаңызда 4000 теңгеңіз болса болғаны.
Сонымен қатар, жеке куәлік, мекенжай анықтамасы, мемлекеттік бажды төлегеніңіз туралы түбіртек, 3х4өлшемдегі фото, ер адамдар үшін әскери билеті қолыңызда болуы керек.
Дәрігерлік бақылау комиссиясы сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері, таңғы сағат 9-00-ден кешкі 18-00-ге дейін жұмыс істейді. Алдағы уақытта сұраныс болып жатса, жұмыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.
Біз Сіздерді өз орталығымызда күтеміз, құрметті автокөлік иелері. Қызметіміздің бәрі Сіздер үшін!

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑