banner-top12

Оқырман хаты c22024222b871494217cd87b6fbcfe2b

Қосқан уақыты Мамыр 24, 2014 | 777 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Көрікті Құлжа

Адам баласының ең бақытты да шаттықты дәуірі сәбилік кез. Сол балғын балалықтың туған жерде өтетіні шындық. Көктемнің гүліндей сәлиқалы сәби кезім, тұлғалы тұғырым туған жерім Құлжада өтті. Ол мен үшін өте көрікті де, көркем әрі адам көзін нағыз ләззатқа бөлейтін табиғаттың тынысты жері болатын. Балауса балалықтан есейіп, ел қатарына ене бастағанда адам санасы мейірімділікке жаны құштар бола бастайды. Ең алдымен шынайы мейірімділікті, махаббатты туған жерден ғана сезінеді. Ал менің туған жерім Қытай Халық республикасының батысында орналасқан Құлжа қаласы. Ол Іле Қазақ облысының орталық қаласы. Айналасын айбыны биік, асқар шыңдарымен алыпта арқалы тау Тянь Шань таулары қоршап тұр. Қазақстан шекарасына 96 шақырым, Алматыға 486 шақырым. Сырт адамға тау бейне құрамалы қорған болып көрінеді. Бірде Асан қайғы бабам былай баға берген екен: шөбі шүйгін, халқы тыныш, ері арық, әйелі семіз киелі мекен деп Құлжаға баға берген екен. Қаланың халық саны 580 мыңға таяу, жалпы облыстағы қазақтар саны 2 –млн асады. 2005 жылы ең үздік саяхат қаласы, 2009 жылы Қытайдағы он орманды қаланың бірі деген атақ алды. Солайда туған жер әрбір адам баласының өмір жолының бастауы, қанат құйрығы, жетілген құстай таранып алтын тұғырдан аттанарда көзден аққан жас мынаны түсіндіреді: туған жердің де, отанның да ыстық екенін, оның біздерге сонша мейірімділігін шынайы түсінеміз. «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деп айтқандай туған жер ойға орала кетсе шынайы келбетін көргің келіп тұрады. Ондағы қызықты істермен, дос жаран, туыс туғанды ойлағанда жаның жадырап сала береді. Тамсана келе тарихына үңілетін болсақ бұл ақ үйсіндер мекендеген ежелден ақ ұлағатты ұлыстардың қонысы қонған Тянь Шань тауларының бөктері еді. Бұндағы оңтүстік тау саясында бұрала ағып жатқан Текес өзенінің бойынан биік биік шыңға айналған үйсіннің қабірін көреміз. Бұл бір ғана емес жиырмадан астам үлкен үлкен асулардан тұрады. Осы уақытқа дейін қабірге кіретін есікті ешкім таба алмаған. Киелі мекен, сондықтан мен туған жерімді мақтан тұтамын. Облыс аумағының көлеміндегі жасылданған яғни табиғи орман қырық процент аумақты қамтиды.
Алайда текті халықтың кезінде өскен біздер даналарымыз айтқандай: «сағынған ер елін аңсайды, самғаған қаз көлін аңсайды» демекші бабаларымыздың қаны тамған дархан даламыз қазақ елі,яғни қазақ даласы, Қазақстан республикасы өз отанымыз болғанына қуанып бұл жерге келіп білім алғанымды, азаматы болып қалғанымды мақтан тұтамын. Өйткені «отансыз адам, ормансыз бұлбұл», дейді ғой. Сондықтан отанды сүю ең бірінші борышым. Отан бізге туған жердей бола алады. Неге дейміз? Өйткені бабаларымыз мұра еткен жерлерді пайдалану және оны қорғау бізге негізгі міндет. Ол бізге тұрақты мекен және туған жерімізден де артақ бақыт пен шаттық сыйлай алады. Өз туған жерімді ұмытпаймын, оны сағынам әрі сүйем. Бірақ отан деген – болашақ ұрпақтың келешегі болғандықтан, ұлттың ұлылығын, елдің ерлігін сақтау үшін отан сүйіп, даңқымызды асқақтата әлемге жаю біздер үшін парыз.
Солайда менің Құлжам кіндік қаным тамған есімде мәңгілік жүретін, жүректен өшпейтін, көңілдей кетпейтін, самалы санамда, саясы даламды қалған тұғыры биік туған жерім болып қала бермек.
Алып кетсем сағынар ақ тұғырым
Өзіңде өтті сәт ғұмырым
Құлжам менің құт дархан тал бесігім
Өр өркемде асқар таңым атты бүгін
Сағындырар туған жердің топырағы
Еске алсам көздің жасы қосылады
Бірақ отан біздер үшін мәңгілікке
Көздің жасы отан сөзбен тосылады.
Бұзбайық бабалардың аманатын
Аманатпен бірге болсын қанағатың
Ойлайық туған жер мен отанды да
Сонда сен нағыз қазақ саналасың
Туылсамда басқа елдің байтағында
Қазақ елі отаным айтарымда
Мәңгілікке асқақтап азат болған
Атты бүгін ашық аспан байтағымда.

Амантұр Гүлназ

(Қытай Халық Республикасы)




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑