banner-top12

Ақпараттар ағымы фото  23 октября 040

Қосқан уақыты Қазан 23, 2015 | 978 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

“Көші-қон саласындағы құжат рәсімдеу мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

фото  23 октября 017image-23-10-15-06-06-3image-23-10-15-05-46-3

image-23-10-15-05-54-6image-23-10-15-06-00-3фото  23 октября 015

Алматы қаласында «Қазақстан Республикасы Көші-қон саласындағы құжат рәсімдеу мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
– Бұл Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған алғашқы немесе соңғы жиын емес. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде соңғы төрт жыл бойы “Оралмандарды әлеуметтік бейімдеу орталығы” жобасы бойынша мұндай жиындарды жиі өткізіп отырамыз. Жоба бойынша шетелдерден көщіп келіп жатқан қандастарымызға бағыт-бағдар, құқықтық кеңестер, әртүрлі курстар өткізумен қатар, осындай басқосулар ұйымдастырамыз. Мұндағы мақсат – мемлекеттік органдардың өкілдерін оралмандармен кездестіріп, салалары бойынша қандастар тиісті сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік туғызу. Бүгінгі басқосуға Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасы, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Халықаралық құқық қорғау орталығы өкілдері қатысып отыр, – дейді Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова.

image-23-10-15-05-46-4фото  23 октября 006фото  23 октября 036
Жиын барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының орынбасары Марат Әмірханов шетелдік жастарды оқуға қабылдау барысында және оларды жатақханаларға орналастыру бойынша туындайтын сұрақтарына, Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Ләззат Шәймерденқызы Мұхитова жауап беріп, сұрағын қатағаттандырса, Алматы қаласына балалары Өзбекстаннан көшіп келіп, артынан келген ата-анасы қаладан “оралман куәлігін” алуға үлгермей, басқа шетелдіктер сияқты ықтиярхатпен жүрген оралман ана, жарты жыл бойы зейнеткерлік уақытынының “күйіп” кеткенін айтса, Қытайдан келген отбасы 16 жасқа толмаған баласына “ықтиярхатты” қазір алу керек пе, әлде кәмелет жасқа толған соң алған дұрыс па деп сұрайды. Оқу визасымен оқуға түсуге келген шетелдік жастардың да сұрақтары көп болды. Бірі, Қазақстанда тұрақты тіркеуде тұрып, оқу орнының жатақханасында тұруға бола ма десе, енді бірі оқи жүріп, қосымша жұмыс істеуге бола ма деп сұрайды. Ал, тағы бір Өзбекстаннан келген азамат дәл қазіргі уақытта ықтиярхатпен Қаскелең қаласында тұрып жатқанын, Алматы қаласынан үй сатып алуға бола ма десе, енді бірі Қазақстанда ықтиярхатпен жүргенін, үйлену үшін некесін “Сен Қазақстан азаматы емессің деп, некеге тіркеу туралы өтінішін қабылдамай жатқанын айтып, көмек сұрайды.

фото  23 октября 010фото  23 октября 061фото  23 октября 007

“Ықтияр хатпен жүрген этникалық қазақтар сайлауда дауыс беруге ғана құқы жоқ, қалған әрекеттерде ҚР азаматтарымен бірдей тең құқылы емес пе? Алматыдағы АХАЖ бөлімі біздің некемізді тіркеуден бас тартты. Әуелі әртүрлі құжаттар әкелуді талап етті. Оларды Өзбекстанға екі рет барып, жинап әкелдім. Талап еткен құжаттардың бәрін түгендеген кезде, “сен Қазақстан азаматы емес екенсің ғой, тіркей алмаймыз” дейді. Үйленгелі жүрген қызым да Өзбекстан азаматы еді. Некеміз әлі тіркелген жоқ. Әйелімнің аяғы ауыр. Бүгінде емханалар да оны Қазақстан азаматы емессің деп тіркеуден бас тартып отыр. Енді бала дүниеге келгенде, бұдан екі есе машақат болатын шығар. Балаларым Қазақстанның азаматы болып дүниеге келсе деп армандаған едім…” дейді.

фото  23 октября 074фото  23 октября 015фото  23 октября 072

Дәурен атты бұл азаматтың мәселесін шешуге Халықаралық құқық қорғау орталығы араласатын болды. Жиынға қатысқан орталық басшысы Жанділда Жақыпов бұл азаматтың расында құқық бұзушылыққа тап болып отырғанын айтып, көмектесуге уәде етті. Және жиынға қатысушыларға “барлық құқық бұзушылық, жемқорлық көріністеріне тап болып жатсаңыздар, біздің орталыққа жүгініңіздер. Біз сіздерге көмектесуге әзірміз” дегенді айтты.
Жиында қойылған сұрақтардың кейбірінің Алматы қаласында “оралман куәлігі” беріле бастаған соң шешімін табатынын Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Көші-қон бөлімінің бас маманы Усабек Оразхан түсіндірді. Қазіргі таңда ҚР Парламенті Елбасының 2014 жылғы 4 мамырдағы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарастыруда. Бұл заң оралмандарға көп мүмкіндіктер ашып, жеңілдіктер қарастырады деп күтілуде. Заңдағы ұсынылған жағымды жаңалықтар туралы парламент мәжілісінің депутаты Гүлнәр Сейтмағанбетова БАҚ-та хабарлаған еді. Этникалық қазақтарды өз тарихи отанына оралуға ынталандыру мақсатында Заң жобасында этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі, Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет берілмек. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңірге қоныстанған оралманның әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өңірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған және оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді.
Сонымен қатар мынадай ұсыныстар да қарастырылған, мәселен Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақ студенттеріне азаматтық жеңілдетілген тәртіппен берілетін болады. Қазақстанда тұратын оралмандар мен шетелдіктерге визаны ұзарту мәселесін жеңілдететін, яғни визаны ішкі істер органдары арқылы ұзартуға мүмкіншілік беретін нормалар қабылданбақ. Бұрын қандастарымыз өз визаларын өздері келген мемлекеттеріне қайта барып қана ұзартатын.
Отбасыларын біріктіру мақсатында шет елдерде тұратын этникалық қазақтардың арасындағы туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстандыру үшін азаматтардың шақыртуларын қарайтын және куәландыратын құзырет жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Оралмандардың Қазақстанда тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу кезіндегі кейбір кедергілер де жеңілдетілген.
Оралмандардың Қазақстан азаматтығын алғанға дейін Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) болмауынан балаларын мектепке, балабақша орналастыруда, емхана мен ауруханаларда тіркелуге, зейнетақы жарналарын және әлеуметтік төлемдерді аударуда қиындықтар болып тұрған. Осыған орай, енді ЖСН оралман мәртебесін алған күннен бастап берілетін болып отыр. Яғни, оралман куәлігі ЖСН бар құжаттар тізбесіне енгізілмекші. Оралмандарға қызметтік немесе жеке тұрғын үйі болмаған кезде оларды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, білім беру мекемелерінің жатақханаларына уақытша тіркелу құқығы берілетін болады.
Өткен жылғы сәуір айынан бастап Алматы, Астана қалалары оралмандарды қабылдамаған болса, енді жаңа заң қабылданса, республиканың барлық өңірлерімен қатар, Алматы мен Астана қаласы да оралмандарды қабылдай бастайды.

image-23-10-15-06-06-10image-23-10-15-06-00-1 n
” Әрине, Алматы қаласы оралмандарды қабылдай бастаса, Алматыда құжаттандыру
жұмыстары да жүзеге асары сөзсіз. Мемлекеттік қызметті көрсету стандарттарына сәйкес, оралмандарға қызмет көрсетіп отырған мекемелердің қызметін, баламалы түрде Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетуде. Яғни, оралмандар “Оралман куәлігін” алуға, немесе азаматтық алу үшін құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізе алады. Бұл қызмет бүгінде облыстардағы ХҚКО-ларда көрсетіліп жатыр. Енді, Алматы ХҚКО-ларында да қараша айынан бастап көрсетіле бастайды,- дейді Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жамал Баймұханбетова. – Одан тыс, бүгінде ХҚКО-лар 212 мемлекеттік қызмет түрін ұсынуда. Бұл, Қазақстандағы барлық азаматтарға тән, қажетті мемлекеттік қызмет түрлері. Оның ішінде, Сіздер, шетелдерден оқуға келген жастар, сол елде алған білімдеріңізді растайтын куәлік немесе аттестат, дипломдарыңызды нострификациялау, құжаттарды апостилдеу сияқты қызметтерді алу үшін ХҚКО-ға жүгініп те үлгерген боларсыздар. Мұнда бірыңғай электрондық кезек арқылы, 15 минут уақыт ішінде қажетті мемлекетті қызметті ала аласыз. Тиісті мемлекеттік органдарға бармай-ақ, “мың терезені бір терезеге ауыстырып”, ХҚКО-лардан қызмет алыңыздар. Біз сіздерге қызмет көрсетуге әрқашанда әзірміз”.

image-23-10-15-06-06-9фото  23 октября 056фото  23 октября 040
Жиында сөз алған Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Ләззат Шәймерденқызы Мұхитова, “Жанашыр” қоры тұрақты түрде ұйымдастырып отырған осындай басқосулар арқылы туындаған пікірлер мен ұсыныстардың қағаз жүзінде қалып қоймай, тиісті орындарға жолдауымыздың нәтижесінде көптеген проблемалардың оң шешімін тауып жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, осындай жиын барысында көпшіліктің ұсынған кейбір құжаттарға апостиль қою, Қытай Халық Республикасынан келетін азаматтарға сол елден “Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу” туралы анықтама талап етілмейтін болды. Мұның бәрі сіздер мен біздердің бас қоса отырып, мәселені шешуге үлес қосқанымыз. Сонымен қатар, қазіргі қабылданғалы жатқан заңдағы көптеген өзгерістер мен толықтырулар, осындай басқосуларымыздың нәтижесі. Сондықтан, шешілмейтін мәселе жоқ, тек қана оны дұрыс ұсына білуіміз керек, – деді.
Иә, Елбасымыздың әлемнің әр түкпіріндегі шашылып жүрген қандастарымызды атамекенге шақырып, елді елге қосу саясаты – қандастарды қинау емес, атажұртқа жинау, эко¬номикасы қуатты, саясаты тұ¬рақ¬ты, жері дәулетті, елі сәулетті мемлекет ретінде ірге орнықтыруына үлес қосуларына жол ашу болатын. Оны тәуелсіздік алған жылдарында келген миллионға жуық қандасымыз дәлелдеп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Ал, бірді-екілі орын алған олқылықтар осылайша өз ретімен шешімін таба бермек.

Ақпарат үшін. Биыл шетелден 3 мыңнан астам қазақ атажұртына оралған
1 қазандағы мәліметтер бойынша биылғы жылдың басынан бастап тарихи отанына 3012 этникалық қазақ оралып (1164 отбасы), оралман мәртебесін алған
Отанына оралған қандастарымыздың басым көпшілігі Жамбыл облысында – 213 отбасы (529 адам), Оңтүстік Қазақстан облысы – 208 отбасы (527 адам), Қостанай облысы – 189 отбасы (452 адам), Маңғыстау облысы – 108 отбасы (487 адам), сондай-ақ, өзге де аймақтарға қоныстанған.
Олардың көпшілігі Өзбекстаннан – 78,6%, 6,7% – Түркменстаннан, 6% – Қытайдан, 3,1% – Моңғолиядан, 5,6 % – басқа аймақтардан келген.
Еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың көрсеткіші – 61,1%, 18 жасқа дейінгі балалар – 32,5%, зейнеткерлер – 6,3%-ді құрап отыр.
Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың 49,6%-ы жалпы орта білімді, 32,8%-орта арнаулы, 15,4% – жоғарғы білімді, 2,1%-нің білімі жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 мен 2014 жылдар аралығында Қазақстанға 259 мың 159 отбасы болмаса 952 мың 882 этникалық қазақтар қайта келіп, оралман мәртебесін алған болатын. Бұл жалпы халық санының 5,5%-ын құрады.




One Response to “Көші-қон саласындағы құжат рәсімдеу мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

  1. гүлжан says:

    көші кон полициясында жас маманға ақшалай көмек беріледі дейді жолдарын аитасыздарма

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑