banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 4 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 63 рет оқылды

0

Коронавирус індетінің екінші толқыны: Франция 22 мектепті жапты

Франция билігі 1 қыркүйекте оқушылардың мектепке оралуына рұқсат берген, алайда 4 қыркүйекте білім министрі коронавирустың тарауына байланысты 22 мектепті қайта жабатынын мәлімдеді.
AFP агенттігінің жазуынша, жабылған он мектеп – Францияның құрлық бөлігінде, 12-сі Реюньон аралында орналасқан.

Білім министрі Жан-Мишель Бланкер Europe 1 радиосына берген сұхбатында қалай болған күнде де балалардың мектепке оралғанына қуанатынын жеткізген. Дәрігерлер күн сайын білім беру мекемелеріндегі коронавирус ахуалын тексеріп, сол жерде нақты шешім қабылдайды. Егер бір мектепте үш адамнан вирус табылса, білім орны жабылады.

Оның сөзіне қарағанда жабылған 22 мектептегі жағдай білім беру мекемесінен тыс факторлармен байланысты яғни, ондағы адамдарға коронавирус жазда жұққан болуы мүмкін.

Францияда шамамен 60 мың мектеп бар. Бейсенбі күні елде 7 157 адамнан коронавирус табылды. Билік қатаң карантин шарасын қолданбас үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде http://shalqar.kz/ сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑