banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_7212

Қосқан уақыты Шілде 15, 2015 | 660 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Курстарға, үйірмелерге шақырамыз!

 

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырысы аясында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Оралмандардың әлеуметтік бейімделу орталығы» жобасын жүзеге асыруда.
Орталық жұмысы аясында оралмандардың жаңа ортаға орнығуы мен бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында шаралар кешені ұйымдастырылады. Соның ішінде тілдік оқыту курстары ( қазақ және орыс тілдері), құқықтық оқыту курстары, мәдени-әлеуметтік курстар. Курстар аптасына 2 реттен өтеді.

Осыған байланысты, оқығысы келетіндерді төмендегі тегін оқыту курстарына шақырамыз:
1. Қазақ және орыс тілі курстары;
2. Құқықтық курстар;
3. Әдеби курстар

Сонымен қатар тәжірибесін таратып, жастарға үйреткісі келетін жазушыларды, ақындарды, суырыпсалма айтыс ақындарын, қолөнер шеберлерін, би өнерінің шеберлерін шеберлік-сабақтарын өткізуге шақырамыз.

Шетелдерден келген қандастарды, оралмандарды бос уақытын тиімді өткізу үшін орталық жанындағы «Алтын уақыт» клубына (шахмат, дойбы, диспут, оқырмандар конференциясы, әдеби кездесулер) шақырамыз.

Оралмандар орталығы жанындағы курстар мен клубқа жазылу үшін: zhanashyr@mail.ru электрондық адресіне хабарлама жіберіңіз немесе
8(727) 3036806; 87073240176 телефондарына қоңырау шалсаңыз болады.

Сіздерді көруге әрқашанда қуаныштымыз!

Құрметпен, «Жанашыр» халықаралық қоғамдық қоры.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑