banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG54656

Қосқан уақыты Шілде 26, 2019 | 107 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Лагерьде өткен “Талантты таныту”

Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында «Алатау» лагерінде “Талантты таныту” шарасы өтті

” Алатау” балалар  лагеріндегі «Рухани жаңғыру» күні аясында  ағайынды Қыдырмолдиндердің шығармашылығы таныстырылды.  

Шарада бір отбасының талантты балалары өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Өнер жолына қанат қаққан өрендерді ата-анасы өнерге баулып, жан-жақты қолдау көрсетіп, қанаттарының қатаюына жағдай жасап жүрген көрінеді. Өнер айдынына құлаш ұрған өнерлі балақайлар, өз қатарластарының алдында әдемі әндерін шырқады.  Әсіресе, «Қосбәйтерек», «Батырлар ұраны» және «Әке – ана» әндері көпшілік ықыласына бөленді.  Ағайынды өнерпаздарды  лагерьде демалушы талантты балалар да қолдап,  күй орындап, топтық билер биледі. кеш соңында талантты балалар Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Шаралар  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті.

Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қорының баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑