banner-top12

Ақпараттар ағымы кс - 17 028

Қосқан уақыты Сәуір 13, 2019 | 150 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Лекторий өтеді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» атты  жоба аясында  Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қаласы «Достық» үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі насихаттық топ “Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат” атты лекторийі өткізеді.

Алғашқы лекторийді Этнограф-зерттеуші, Қазақстан мен ҚХР-дағы қазақ мәдени мұралары жайлы 10-ға жуық этнографиялық еңбектің авторы, жазушы Баяхмет Жұмабайұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төраға орынбасары Светлана Викторовна Ананьева, «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, антропология, этнология, этнография мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран, Алматы қаласы мен Алматы облыстық Түркiмен этно-мәдени орталығының төрайымы, 150-ден аса ғылыми мақалалар мен еңбектің авторы, экономика ғылымдарының кандидаты Аннакулиева Гульнара Атаевна сынды зерттеушілер жүргізеді.

Лекторийге Алматы қаласы ҚХА кафедраларының студенттері қатысады.

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 19 сәуір, сағат 10-00-де.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы к-сі, 40 «Достық» үйі, Дөңгелек зал.

Ұйымдастырушы: Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры

Қосымша мәліметтер үшін: 8(727) 9738533, 87079198138, 87009738533 телефон нөмірлері арқылы және zhanashyr@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑