banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 17, 2014 | 694 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Лисаковск қаласының мектеп оқу озаттары «Қазақстан» Ұлттық корпорациясының тыныс-тіршілігімен танысты

20140614_150116 20140614_150151 20140614_150337

Маусымның 14-і мен 15-і аралығында Қостанай облысына қарасты Лисаковск қаласының №4 орта мектебінің бір топ оқушылары Астана қаласына саяхат жасады, – деп хабарлайды Қазақстан» Телерадиокорпорациясының Баспасөз-хатшысы Рауан Есқали.

Олар – жыл бойы оқуда, спортта үздік көрсеткіштерімен, мектеп өміріне белсенді қатысып, көзге түскен 500-ден астам оқушының арасынынан іріктелініп алынған 5-10 сынып аралығындағы 28 озат оқушы.

Аталмыш мектеп басшысы мен ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, көп жылдар бойы Лисаковск қаласында жауапты орындарда қызмет атқарған Альберт Раудың келісімі бойынша, осымен төртінші жыл бойы оқу үлгерімі үлгілі мектеп оқушылары Астана қаласына саяхат жасап, серуендеп, көңіл көтеріп қайтуға мүмкіндік алып отыр.

Екі күн ішінде мектеп белсенділері елордланың көрікті және сәулетті жерлерін, ғимараттарды аралап көріп, туған жерлеріне кәдімгідей әсер алып қайтты.

Олар Тұңғыш Президент мұражайында, Бейбітшілік және келісім сарайында, «Думан» ойын-сауық кешенінде, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде, Тәуелсіздік сарайында, «Хан» шатыр сауда – ойын-сауық орталығында, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде болып қайтты.

Сонымен қатар, жасөспірімдер осымен екінші рет Казмедиа орталығында болып, «Қазақстан» Ұлттық Корпорациясының тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Олар тікелей эфирге шығатын жаңалықтар, бағдарламалар студиясында болып, тілшілердің жұмыс істейтін орнымен танысты. Бір қызығы сол, Лисаковск қаласындағы орта білім беретін 6 мекеменің біреуінде ғана, яғни осы №4 орта мектепте бірнеше жыл қатарынан ақпараттар және бағдарламалар әзірлейтін шағын студия жұмыс істейді. Онда жасалатын бейнематериалдардың сапасының жоғарылығы сонша, көптеген облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленген. Сол себептен де, елімізге танымал «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жұмысымен танысу студияда еңбектенетін жас тілшілер, операторлар, режиссерлер үшін өте қызықты, әсерлі де пайдалы болғанын оқушылар мен олардың топ жетекшілері де жасырған жоқ.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑