banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_5728

Қосқан уақыты Қыркүйек 20, 2014 | 725 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Лондонда Қазақстан жайында тарихи кітаптың тұсаукесері өтті

 

IMG_5728

Жуырда Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында Роберт Уайттың «Жоғалған хандар және жазық дала. Қазақстанның ежелден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы» атты кітабымен таныстыру рәсімі өтті. Кітаптың авторы Алматыда банк саласында үш жылдан астам жұмыс атқарған кезінде Қазақстанның мәдениетін және тарихын зерттеуге көп көңіл бөлген. Лондонға қайтып келген соң Р.Уайттың басты мақсаты – британдық аудиторияны, оның пікірінше, Орталық Азияның ең маңызды елінің әсерлі тарихымен таныстыру болды.

Армиялар және империялар, тайпалар және хандықтар өз кезектерімен пайда болып жоғалып жатты. Бұлтартпас тарихи үдерістер Қазақстандыхандар мен көшпелі рулық қауымдар елінен сыртқы дүниеге ашық заманауи мемлекетке дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Автор өзінің кітабында өтпелі кезең миллиондаған адамдар үшін өте ауыр үдеріс болды, дегенмен жоғалған хандықтар және жазық дала Қазақстанның әлемнің посткоммунистік елдерінің ішіндегі ең сәтті елдерінің біріне қалай айналғандығын білдіреді, деп тұжырымдайды.

Таныстыру рәсімі британдық сарапшылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олардың пікірлерінше, Қазақстанның мемлекеттілігін құру тарихы тек мамандардың ғана емес, сонымен қатар, қарапайым британдық оқырмандардың да назарын өзіне тартады.

 ҚР СІМ баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑