banner-top12

Керек кеңестер image15270

Қосқан уақыты Желтоқсан 5, 2014 | 615 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен айналысқыңыз келе ме?

Жас маман, мамандығың бойынша жұмыс таппадыңыз ба? Онда біздің кеңесімізге жүгініңіз. Кәсібінді аш, қандай кәсіпті таңдауға болатынын және қандай құжат ресімдеуге болатынын біз айтамыз.
Бүгінгі тақырыпты «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне арнадық.
Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін қандай құжат керек десеңіз, біз айтайық:
1. Белгіленген нысан бойынша өтініш;
2. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3. Лицензиялық алымның (Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыру құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды;) бюджетке төленгенін растайтын құжатты,
4. Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:
5. Сонымен қатар көрсетілентін қызмет түріне қарай
а) лездік лотереялар үшін: өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалды; өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидаларын; лотерея билетінің үлгісін; бекітілген мәліметтер нысаны; ә)тираждық лотереялар үшін: өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалды; өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидаларын; лотерея билетінің үлгісін; мәліметтер нысаны;
б) SМS-лотереялар үшін: өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалды; өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидаларын; белгіленген мәліметтер нысаны.
Ал электронды үкімет порталында лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; жоғарыда аталған құжаттардың электрондық көшірмесі нысанында тапсыру қажет.
Құжаттарды ХҚКО-ға тапсырсан сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде де – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде лицензияны аласыз.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

Әуезов аудандық бөлімі
Алматы қаласы Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі
Алматы қаласы Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі
Алматы қаласы Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі
Алматы қаласы Алмагүл ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі
Алматы қаласы Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі
Алматы қаласы Төле би көш., 155

Түркісіб аудандық бөлімі
Алматы қаласы Рихард Зорге, 9

 Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑