banner-top12

Ақпараттар ағымы 8db64f6babd636ad317b785d8fb9af27

Қосқан уақыты Наурыз 19, 2016 | 557 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Мәңгілік ел» пойызы өкілдері – Алматы қаласы ХҚКО-да

фото Мангили ел 035 фото Мангили ел 034 фото Мангили ел 051  фото Мангили ел 091 IMG_4981фото Мангили ел 074фото Мангили ел 057 фото Мангили ел 062
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Елордадан сапарға шыққан «Мәңгілік Ел» арнайы пойызы 33 елдімекенді артқа тастап, соңғы аялдама Алматыға табан тіреді. Осы жылдың 25 ақпанында Астанадан шыққан топ құрамындағы ҚР Әділет министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және ҚР Қаржы министрлігі өкілдері, бүгін Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл-күйде қала тұрғындарын қабылдады.
ҚР Әділет министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК басқармасының басшысы Байтақ Әдепханұлы Төреханов, ҚР Әділет министрлігі, Тіркеу қызметі және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаментінің сарапшысы Ләйла Төлеутайқызы Ермаханова, ҚР Әділет министрлігі, Сот актілерін атқару жөніндегі Департаментінің бас сарапшысы Азамат Ришатұлы Ибраев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Халыққа қызмет көрсету» РМК Құқық департаменті директорының м.а. Әлібек Мырзахметұлы Есенқұлов, ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік сатып алу комитетінің Тапсырыс берушілермен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Берлібай Ергенбайұлы Арысбаев ХҚКО-ға келуші тұрғындардың сандаған сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету, техникалық түгендеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, қорғаушы және нотариат тақырыптарында болды. Тұрғындар, әсіресе, жылжымайтын мүлікті тіркеу, кәсіпкерлікті тіркеу, мүлікті жария ету, мерзімі өткен сенімхаттар, сот орындаушылар қаулыларының орындалуы, тыйым салынған мүліктерді шешу бойынша сұрақтармен көп жүгінді.
Пойыз құрамындағы мамандар сапар барысында әрбір елді елдімекенде 1500-1700, барлығы 55 мыңнан аса адамды қабылдаған. Оның 13 мыңдайы дәрігерлердің қабылдауында болған.
Мұндай сапарда екінші жыл жүрген ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілі, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Құқық департаменті директорының м.а. Әлібек Есенқұлов, аталмыш пойыз арқылы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, қажетті кеңестер алуға мүмкіндік туғанын айтады. 1500-нан аса азаматтарға кеңес беріп, тұрғындардың қайта құрылып жатқан «Азаматтарға арналған үкімет», Электрондық үкімет порталы, ЭСҚ алу, мобильді қосымшаларды пайдалану, Жылжымайтын мүлікті, кәсіпкерлікті тіркеу, баспасөз саласы бойынша және т.б. сұрақтарына жауап берді. «Сапар барысында байқағаным, ХҚКО жұмысына халықтың алғысы да, ықыласы де шексіз. «Мәңгілік ел» пойызы – халық пен билік арасындағы алтын көпір» – дейді ол.
Осылайша, акция арқасында алыс елдімекендердегі республика тұрғындары қажетті қызметтерді, ақпараттар мен кеңестерді алуға мүмкіндік алды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑