banner-top12

Ақпараттар ағымы f1728e577e9d4e601bf555648ed84e03

Қосқан уақыты Сәуір 14, 2015 | 665 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мәскеуде Қазақстанның ұлттық валютасы мен пошта маркасының көрмесі ашылды

04721be1b97158c4100d9523b0713f36 2a0558adcbb623bfb5cb4eec55934559 58d155a85c7a957a610c52b02181b881 f1728e577e9d4e601bf555648ed84e03 e7a6edd39e1e83ce3382d165c8bcff6d e59d0be15146f4e7a8272af784355430
Мәскеуде ХШЖК-дағы музей-көрме орталығында Қазақстанның ұлттық валютасы мен пошта маркаларының көрмесі ашылды. Аталған іс-шараны Мәскеу қаласы мәдениет департаменті және «Манеж» музей-көрме бірлестігінің көмегімен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ҚР Ұлттық банкі және «Қазпошта» ААҚ-мен бірлесіп ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Ұйымдастырушылар мұндай Көрменің Ресейде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті.

Көрмеге ұлттық валютаның 54 банкнотасы, күмістен құйылған 111 естелік монета, «Қазақстнның Қызыл кітабы», «Ғарыш», «Қазақстанның әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары», «Спорт», «Қазақстан халқының ертегілері», «Шығыс күнтізбесі» атты жинақтарда ұсынылған тағы 51 күміс монета бар.

Бұған қоса түрлі тақырыпты бейнелейтін маркалары бар 96 тақта да ұсынылған. Көрменің ашылу салтанатына Федерация Кеңесінің бұрынғы мүшесі Валерий Шнякин, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Дина Ғалиева, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-елшісі Виктор Темірбаев, қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер қатысты.

Көрме  27 сәуірге дейін болады.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑