banner-top12

Ақпараттар ағымы KazpoetryMoskow_3_657_438_95

Қосқан уақыты Қыркүйек 19, 2014 | 862 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мәскеуде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кеш өткізілді

KazpoetryMoskow_2_657_438_95 KazpoetryMoskow_1_657_438_95   2014 жылғы 17 қыркүйекте Мәскеуде Орталық әдебиетшілер үйінде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кеш өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ҚР Мәдениет және спорт министрімен бірлесіп ұйымдастырды, -деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараны бастаған кеш жүргізуші – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл ҚР Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» деген кітабының үзіндісін оқып берді. «Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген» – деген Елбасының сөзі осы шығармашылық кештің эпиграфына айналды.
Расында, халқымыздың тарихы поэзияның қазақ халқының рухани қалыптасуына елеулі үлес қосқанын дәлелдейді.
«Қазақтардың рухани әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады…» – деген ҚР Президентінің сөздерін жүргізуші айтып берді.
Ресей елордасының «рухани орталықтарының» бірі болып қалыптасқан Орталық әдебиетшілер үйінде А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, О.Сүлейменовтың және басқа да ұлы қазақ ақындарының мәңгілік туындылары оқылды.
Нұрсұлтан Рейімхан, Әділет Рақымбаев, Нұрқанат Молдахан Перизат Ярлықасынова және Бақытгүл Ахметқалиева секілді жас әрі дарынды актерлар классикаға айналған аталмыш ақындарының әйгілі туындыларын шын жүрегімен беріліп оқыды.
Қазақтың белгілі әншісі (жыршысы) Бекболат Тілеухан өз өнерін көрсетуімен кештің бағдарламасын байытты.
Абайдың «Көзімнің қарасын» қазақ тілінде әндетіп айтқан Қазақ ССР-дың мәдениет саласында еңбегі сіңген қараткері Татьяна Полтавскаяның шеберлігі көрермендердің ду қол шапалақтауды тудырды.
Лирикалық-поэзиялық кештің қойылымын Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахна тілі кафедрасының меңгерушісі – Дариға Тұранқұлова жасады.
Іс-шараға Мәскеудегі Қазақ диаспорасының, оның ішінде «Мұрагер» және «Қазақ тілі» атты қазақ мәдениеті қоғамдарының мүшелері, мәскеудің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, Ресей елордасында орналасқан ҚР ұлттық компаниялары филиалдарының өкілдері, және сүйікті ақындарының туындыларын естегісі келген басқа да отандастарымыз қатысты.
Орталық әдебиетшілер үйін 30 жыл бойы басқарып келе жатқан Галина Максимованың айтуы бойынша, осы секілді іс-шаралар оның еңбек тәжірибесінде әдебиетшілер үйінде алғашқы рет өткізілуде және бұл кеш көркем сөздің танушыларына ұмытылмас іс-шараға айналғаны сөзсіз.
«Қазақстан» телеарнасы «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кештің ақпараттық әріптесі болып, қазіргі таңда Мәскеу орталығында өткен бұл іс-шара бойынша тиісті телебағдарламалар әзірлеуде.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑