banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_5254

Қосқан уақыты Сәуір 26, 2016 | 482 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

 Мамандандырылған ХҚКО-дағы жұмыс үдерісі

 

«Мамандандырылған ХҚКО-дағы мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты және регламентімен реттеледі. Онда ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан жұмысы бөлімі мен Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерінің жұмыс істеу тәртібі егжей-тегжейлі көрсетілген. Жүргізушілер куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру аясында емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру туралы қағидаларға (ҚР ІІМ 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы) азаматтарға автомотокөлік (мотоциклдер және жеңіл автокөліктер) құралдарын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін алу кезінде емтихан тапсыруға дербес дайындалуға мүмкіндік беретін норма енгізілді. Бұл көрсетілген жаңалықтар ҚР Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден өткізіп және оны жариялағаннан кейін ғана күшіне енеді. Сондықтан, жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер өз бетімен дайындалған жағдайда тек мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емтихан тапсыратынын атап өткен жөн. Аталған норма кәсіби-жүргізушілерге (С,D,E санаттары және тиісті санаттар) қатысты емес.

Осылайша, жекелей дайындалу құқығын жеңіл автокөлік немесе мотоцикл басқарғысы келетін жүргізушілер пайдалана алады (А,В санаттары және тиісті санаттар). Емтихан қабылдау рәсімі бұрынғыдай болып қала береді. Ол теориялық және тәжірибелік деп аталатын екі кезеңнен тұрады. Көлік құралына жүргізушілік куәлігін алуға үміткер 40 минут ішінде теориялық емтихан тапсырады және 32 сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда тәжірибелік емтихан тапсыруға жіберіледі. Тәжірибелік емтиханды тапсыру кезінде үміткер 20 минут ішінде белгілі бір маршрутпен өзара байланысты 12 сынақ жаттығуларын орындауы тиіс. Бұл ретте айып баллы – 100-ден аспауы керек.
«Алматы қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші машығына практикалық емтихан тапсыру үдерісі толығымен автоматтандырылған (жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарымен, қозғалысты бақылайтын арнайы датчиктермен және басқа да құралдармен жабдықталған) автодромда жүзеге асырылады.

Автомобиль жүргізу дағдыларын бағалаудың электрондық жүйесі емтиханның нәтижесін анықтап, алынған баллдарды автоматты түрде есептеп шығарады. Сондай-ақ, бұл жерде адами факторлардың әсеріне жол берілмейді. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін дайындауды 59 оқу мекемесі жүзеге асыруда.

2016 жылдың алғашқы 3 айы ішінде барлығы – 10 мың 907 жүргізуші куәлігі берілген. Оның ішінде қайтадан алынғаны – 900, ауыстырылғаны – 10 мың.

Ал, 2015 жылдың 12 айы ішінде барлығы – 40 мың 129 жүргізуші куәлігі берілген болатын. Оның ішінде қайта алынғаны – 4 мың 089, ал ауыстырылғаны – 36 мың 040.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑