banner-top12

Ақпараттар ағымы FTK_4091

Қосқан уақыты Шілде 12, 2016 | 416 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу уақыты қысқартылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Мамандандырылған ХҚКО-ларда автокөлікті бір сағат ішінде тіркеуге (бұрын 2 сағаттан көп уақыт кететін)  мүмкіндік беретін қанатқақты жобаны іске қосты. Уақытты қысқарту Мамандандырылған ХҚКО инспекторлары ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті  мен ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелеріне түзету құқынсыз кіруге рұқсат алғаннан кейін мүмкін болып отыр, – деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  баспасөз қызметі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы Данияр Еренчиновтың айтуынша, бұрын көлік иелері 40 минуттан аса уақытын тиісті мамандарда айыппұлдар мен салықтарын төлеуге жұмсайтын.

«Жобаны енгізгенге дейін Мамандандырылған ХҚКО-ға келген клиент 3 электрондық кезек талонын алатын. Бірі –  айыппұлдарды тексеру үшін әкімшілік полициясы қызметкеріне, екіншісі – салық төлемдерін тексеру үшін салық қызметкеріне, үшіншісі – толық құжаттар топтамасын өткізу үшін ХҚКО қызметкеріне болатын. Егер, азаматтың төленбеген айыппұлдары мен салықтары бар болса,  оны төлеу үшін кассаға бөлек кезекке  тұратын.  Енді мемлекеттік корпорация қызметкері кленттің автокөлігіне айыппұлдары немесе салық берешектері бар-жоғын өз бетінше тексере алады, егер бар болса электрондық үкімет порталының төлем шлюзі арқылы карточкамен төлеуге болады немесе Мамандандырылған ХҚКО ғимаратында орналасқан банк кассалары арқылы төлей алады», – дейді.

Сонымен қатар, Еренчинов пилоттық жобаны тестілеу кезінде қызмет көрсету уақыты ХҚКО инспекторына құжаттар топтамасының толық тізімін өткізген сәттен бастап емес, ақпараттық-анықтама қызметінің кеңесшісінен талон алған сәттен бастап 1 сағат уақытты құрайтынын қоса айтты

Көлікті қайта тіркеу мемлекеттік қызметінің мерзімін сақтауды, уақыттың әрбір  бұзушылығын есепке алатын жағдаяттар орталығының мамандары қадағалап отырады. Егер құжаттар мерзімінің бұзылуы болып жатса, оның себебін анықтап, алдағы уақытта бұзушылыққа жол бермес үшін шаралар қабылдайды.

Айта кетсек, мамандандырылған ХҚКО-лар Қазақстанның 11 қаласында – Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанай қалаларында жұмыс істейді. Жыл басынан бері Мамандандырылған ХҚКО-ларда көліктерді қайта тіркеу қызметтерін 435 706   қазақстандық пайдаланды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑