banner-top12

Поэзия a32

Қосқан уақыты Желтоқсан 11, 2016 | 918 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мақтан, қазақ!

Құтты мекен қара орда

Құтты мекен қара орда қазақ жері,

Егемендік атымен бой көтерді.

Жиырма бес жылдық белесті артқа тастап,

Зор жеңіске жеткенін дүние көрді.

 

Ел бірлігі ұраны, ел тірлігі,

Сол бірлікпен оңалды елдің көркі.

Алғашқы жыл туған ұл азамат боп,

Ар-намыспен қорғауда туған жерді.

 

Қара шаңырақ қазағым атамекен,

Қымбат бар ма дүниеде одан өткен.

Қадау-қадау қол жеткен табысыңа,

Қуанышпен қараймын, зор құрметпен.

 

Бір қызыңмын ақ ниет жүрген саят,

Жыр жазамын толғанып әр нені ойлап.

Ата-бабам мұраты іске асты деп,

Шаттық сезім тулайды қаныма ойнап.

 

Аман болсын ылайым ел іргесі,

Арта түссін халқымның берекесі.

Көк туыңды көгіңде желбіретіп,

Бекем болсын қазақтың керегесі.

 

Елдігіңнің айбары тілің ділің,

Тербетеді жүректі ән мен жырың.

Көзді ашып жұмғандай келте өмірде,

Өз жемісін көрсетті жиырма бес жылың.

 

Егемендік атанған жаңа өмірде,

Аса берсін мартебең күннен-күнге.

Өркеніңе өрелі із қалдырып,

Атақ- даңқың таралсын дүниеге.

 

Өз тұрағы бар десе адамзаттың,

Қазақ жері мекені бар қазақтың.

Бағы жанып, мерейі үстем болсын,

Елім деген еңселі азаматтың!

 

Мақтан, қазақ!

Арайлап таңың атты шаттан қазақ,

Ерікті елдік алдың шаттан қазақ!

Аңсаған арманыңа қолың жетті

Күреске белің буып аттан қазақ!

 

Егіліп «елім-айлап» өткен қазақ,

Есесі өзгелерге кеткен қазақ.

Өз басың өз қолыңды меңгере алмай,

Бұралқы бұзақылар еткен мазақ.

 

Ұмытпа өткеніңді асыл қазақ,

Еселеп ерлігіңді асыр қазақ.

Жолбасшы Нұрсұлтанның бастауында,

Қосылды бір ортаға басың қазақ.

 

Бас енді сергектікпен қадамды нық,

Жасасын, имандылық, адамшылық.

Ел болып көтерілген шаңыраққа,

Тілеймін бақыттылық, баяндылық!

Рысалды Төкеева, ақын

Белгия.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑