banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_7200

Қосқан уақыты Қараша 1, 2019 | 108 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мекенжай анықтамасы енді сұратылмайды

Бұл жөнінде Алматыда өткен брифингте айтты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаментіментінің өкілдері мекенжай анықтамасының мемлекетті қызметтер тізілімінен алынып тасталуына орай БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.

Брифингке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Ңұрсұлтан Оңдасынов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаментіменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімханова, департаменттің бас маманы Мақсат Жаңбыршиев,  Брифингке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Жаңыл Әпетова, Бостандық аудандық фронт-офисінің басшысы Айнұр Ұйқасбаевалар қатысты.

IMG_7169 IMG_7167 IMG_7191 IMG_7183

Брифингке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Ңұрсұлтан Оңдасынов енді азаматтар мекенжай анықтамасын «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистерінен де, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайтынын, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын бірінші қарашадан бастап сұрата алмайтынын айтты. Қажет болған жағдайда тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алатынын айтты.

Егер қандай да бір мекеме азаматтардан меенжай анықтамасын талап ететін болса, мемлекеттік қызмет істері агенттігіне немесе жергілікті атқаруша органдарға жүгінуге болады, – дейді мемлекеттікқызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаментіменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімханқызы.

Департаменттің бас маманы Мақсат Мұратбекұлының айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетулерге байланысты тұрақты түрде мониторингтік топ жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет көрсетулерде анықталған бұзушылықтар болса шара қолданылатынын, қандай да бір шағым, арыздар болып жатса тікелей телефондарға хабарласуға болатынын да еске салды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Бостандық аудандық фронт-офисінің басшысы Айнұр Бейсебайқызы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта қалай алуға болатынын түсіндірсе, филиалдың қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Жаңыл Амантайқызы үкіметіміздің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша халықтың  жүз пайыз сауатты болуында БАҚ өкілдеріне де үлкен жауапкершілік жүгі артылатынын айтып, әріптестерін цифрлық қызметтерді халыққа түсіндіруде бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑