banner-top12

Ақпараттар ағымы CameraZOOM-20140923152610005

Қосқан уақыты Қыркүйек 23, 2014 | 875 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мемлекет кәсіпкерлерді қалай қолдауда?

Бұл тақырып 2014 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры, Алматы қаласы Мемлекеттік  еңбек инспекциясы  және көші-қон басқармасы,  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Қазақстан Жазушылары  кітапханасы бірлесе отырып өткізген «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде талқыланды. Жиынға Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы Басқармасы Шағын бизнес бөлімінің басшысы Есеева Эльмира Бердібекқызы, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасыКөші-қон бөлімінің басшысы Ысқақова Күлсін Метербайқызы, Алматы қаласы Әділет басқармасы Заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы Қабаева Әлия Баярбекқызы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Баймұханбетова Жамал Теміржанқызы, халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова,  Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының менторы Бигельдиев Азамат Нұралыұлы,   Қазақстан Жазушылары кітапханасының директоры Ағайса Елена Жамелқызы қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлік, шағын және жеке кәсіпкерлік саласындағы бағдарламалар, жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы, субцидиялар, осы саладағы заңнамалық актілер мен олардағы өзгерістер туралы қала тұрғындарына, этникалық қазақтарға және оралмандарға ақпараттық түсініктеме берді. CameraZOOM-20140923154527567CameraZOOM-20140923173441416 CameraZOOM-20140923154847461 CameraZOOM-20140923155432373 CameraZOOM-20140923155516075  CameraZOOM-20140923162450364 CameraZOOM-20140923162544255 CameraZOOM-20140923163424966 Азаматтар өз кәсібін ашып, бизнеспен айналысу үшін қандай құжаттар керек, неден бастау керек, қандай орындарға бару керектігі жөнінде әр сала, өз саласы бойынша қажетті шараларды түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Жиынға қатысушыларға кітапхана ұжымының  «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері» тақырыбындағы кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар, Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы Басқармасы өкілдері «Өз бизнесіңді қалай дұрыс құруға және қалай жүргізуге болады» атты кәсіпкерлерге арналған сабақтар мен кеңестер кітабын, «Кәсіпкердің электрондық энциклопедиясы» дискісін,  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жайлы  екі тілдегі «Бизнесті мемлекеттік қолдау» парақшаларын таратты. Жиынға қатысқан Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан,Түркия елдерінен келген қандастар және өз кәсібін ашуға қызығушылық танытқан жастар сұрақтарына жауап алып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаумен қатар, қаржылық емес жеті түрлі тегін көмектің бар екендігін біліп, қуанысты. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай мол көмектің бар екендігінен мүлдем бейхабар екендіктерін айтып, басқосу ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑