banner-top12

Керек кеңестер 6_8

Қосқан уақыты Маусым 23, 2015 | 579 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

 

Бүгін біз айтқалы отырған қызмет түрі – «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау». Зейнет жасына шығып, енді бейнеттің зейнетін көретін жасқа жеткендер үшін әңгімеміз қызықтырақ болары сөзсіз. Айталық, бұл қай жастан бастап тағайындалады. Әйел адамдар үшін 58 жасқа толғанда, ер адамдарға 63 жасқа толғанда және көп балалы әйел аналарымыз үшін 5 баладан жоғары 53 жастан тағайындалады. Бұл мелекеттік қызмет түрін алу үшін тұтынушы өз мекенжайларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп төмендегідей құжаттарды тапсырады:
нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі; көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы); зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер; қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат; өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат. Аталған құжаттарды орталыққа тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күнінде алуына мүмкіндік бар. Ал Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ХҚКО-ға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуші орган өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;
Құжаттарыңыз барлығы жинақталып, бәрі де дұрыс болған жағдайда 10 жұмыс күнінен кейін қолыңызға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама аласыз. Сондай-ақ, бұл қызмет қолыңызда электронды сандық қолтаңба болған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы, немесе үйіңізде отырып-ақ электронды үкімет порталы арқылы да берулеріңізге мүмкіндіктеріңіз бар.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑