banner-top12

Ақпараттар ағымы IMAG1308

Қосқан уақыты Шілде 2, 2016 | 1  246 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мемлекеттік органдар өкілдері Әуезов ауданының оралмандарымен кездесті

 13522819_1118330684894328_6776615437213640290_oIMAG1308VIDEO0105_0000031607 IMAG1317

Алматы қаласы Әуезов ауданында Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Оралмандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиын мақсаты – Елбасының үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасының 88-қадамын басшылыққа ала отырып, оралмандарды қазіргі қабылданып жатқан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалармен таныстыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық үкімет порталымен таныстыру, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен толыққанды  ақпараттар тарату, оралмандардың  жаңа ортаға тез үйреніп орнығуына, бейімделуіне көмектесу.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының  Әлеуметтік тапсырысы аясында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры ұйымдастырған мұндай шара, келешекте қаланың басқа аудандарында жалғасын таппақ.

IMAG1316  IMAG1314  IMAG1312  IMAG1309

Биыл шет елдерден Алматыға келген 219 адамға оралман мәртебесі берілген. Осыған дейін, яғни «Ха­лықтың көші-қоны туралы» заңындағы өзгерістерге сәйкес, 2013 жылдың сәуірінен бастап Алматыға келген этникалық қазақтар елімізде тұрақты тұруға рұқ­сат алу үшін өздерінің төлем қа­бі­леттерін дәлелдеп келген болса, 2015 жылдың қараша айын­да Заңға өзгертулер енгізіліп, со­дан бері көшіп келіп жатқан эт­ни­калық қазақтарға, жеңілдіктер жа­салуда. Енді қандастарымыз төлем қабілет­тілі­гін дәлелдемей-ақ тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі туды. Осылайша, бүгінде Алматы қаласының Әуезов ауданына шетелдерден 44 этникалық қазақ келіп қоныстанған.

IMAG1307 IMAG1306 admin-ajaxIMG_7422

Осы қандастарға ақпараттық кеңес беру мақсатында ұйымдастырылған жиынға Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бөлім басшысы Ысқақова Күлсін Метербайқызы, бас маманы Ұсабек Оразхан, Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Бимурзаева Қарлығаш Көпшілбайқызы, Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясының маңызды тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі  Ләззәт Мұхитова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Оразхан Өксікбаев, ментор Ардақ, Күштекова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ  Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының мамандары Ертай , Мұқамет,  Елнар Сарбаев, Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясы Әуезов аудандық бөлімінің басшысы, полиция инспекторы Бекболат Нұрғалиев, Алматы қаласы Әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Майра Сагымбекова, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының маманы Перизат Қалмырзаева, Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімқұл Жәкетаев, бас мамандар Нұржамал Наниязова, Кәмила Есетовалар қатысып, өз салалары бойынша оралмандарға көрсетілетін қызметтер мен қолдаулар жайлы айтып, түсіндірді. Өз кезегінде, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген қандастар қажетті сұрақтарына жауап алды.

Алдымен сөз алған Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бөлім басшысы Күлсін Метербайқызы Ысқақова, өткен жылдың соңында қабылданған «Ха­лықтың көші-қоны туралы» заңындағы жағымды өзгерістерге тоқталды.

КулсинIMG_7506IMAG1358IMAG1352

Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығына бірқатар өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі биылдан бастап этникалық көші-қон саласында этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуы  жеңілдетілді, – дейді Күлсін Метербайқызы. Енді, Алматыға келген этникалық қазақтар мақсатына орай, өз өтініштерімен оралман мәртебесін ала алады. Мемлекеттік қызмет көрсету  реестріне қосылып, арыз жазып, құжаттардың толық тізімін ұсынған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде оралман мәртебесі беріледі. Оралман мәртебесін алу  үшін арызын жазып, тиісті құжаттардың толық тізімін ұсынған этникалық қазақтар тіркелген орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясына» (бұрынғы ХҚКО) жолығуына болады. Оралман мәртебесімен 1 жыл ғана жүруге бо­лады. Оралман мәртебесі бар, елімізде заңды негізде тұрақты тұрған  этникалық қазақ бір жыл ішінде тұрған мерзіміне қарамай, жеңілдетілген (тіркеумен) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алады. Егер бір жылдың ішінде аза­маттық алып үлгірмесе, орал­ман мәртебесінің мерзімі ұзартыл­май­ды, яғни тоқтатылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтардың да еліміздің азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуына мүмкіндігі мол. Сон­дай-ақ бұрын ықтияр хатқа рұқ­сат алу үшін өзі келген елден «елі­нен шықты» деген анықтама талап етілетін, енді биылдан бастап, ол құжаттың болуы шарт емес. Тек сотталмағаны жөнінде құжат алып келсе жеткілікті. Ал, ҚР Үкіметі 2016 жылы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылатын өңірлік квота туралы Күлсін Метербайқызы: Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша еліміздің 7 өңіріне: Ақмола облысына – 123, Атырау облысына – 28, Шығыс Қазақстан облысына – 260, Батыс Қазақстан облысына – 29, Қостанай облысына – 21, Павлодар облысына – 690, Солтүстік Қазақстан облысына – 108 адам баратыны анықталды.

Егер, оралмандар бекітілген квота аясында аталған облыс өңіріне баруға ниет білдірсе, заңдылыққа сай, әлеуметтік қолдау мүмкіндігіне ие болады. Мұндай кезде оларға көлік шығыны, көшіп баруға субсидия бөлініп, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханамен қамтамасыз ету қарастырылады. Қажет жағдайда біліктілігін арттыру және жаңа мамандық алу мүмкіндігі, сол сияқты, жаңа мекенжайда жұмысқа орналастыруға жәрдем жасау қаралады, – дейді ол.

Өзбекстаннан келген қандастардың өзекті мәселесі –  ҚР азаматтығын алу үшін, Өзбекстан азаматтығынан шығу мәселесі. Бұл Талапты Қазақстан жағы емес, Өзбекстанның қойып отырған талабы көрінеді. Басқа елдің азаматтығын алған адам, автоматты түрде Өзбекстан азаматтығынан шыққан болып есептелмейді. Ол үшін Өзбекстан елшілігіне барып Өзбекстан Республикасының азаматтығынан шығу жайлы өтініш берулері тиіс. Ал, бұл күндері Өзбекстан елшілігі қабылдауға 2017 жылға қойып жатқан көрінеді. ҚР азаматтығына құжаттарды Өзбекстан азаматтығынан шыққан соң беруді күтетін болсақ, оралман куәлігінің мерзімі бітіп, жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу құқынан айырылатынын, ал өткізген жағдайда, Қазақстанда азаматтық бір жылға жетпей шығатынын, Өзбекстаннан келген қандастар өз елінің азаматтығынан шығып үлгермей,  «екі азаматтықпен» жүргені үшін айыппұл төлейтінін айтады.

Лаззат7IMG_7640IMAG1371

 

– Бұл мәселеден толықтай хабардармын, – деді Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясының маңызды тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Ләззәт Мұхитова. Бұл Алматы қаласында ғана емес, бүкіл республика бойынша орын алып отырған проблема. Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар шеше алмайды.  Бұл ҚР Сыртқы істер министрлігі шешуі тиіс мәселе. Бұл мәселеден аталмыш министрлік те хабардар. Жақын арада Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшілігімен осы тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырғалы жатыр. Осы және басқа да Өзбекстан азаматтарына қатысты мәселелер жиынның өзегі болады және шешімін табады деп үміттенеміз, – деді.

IMG_7572  IMG_7506 IMG_7481 13517578_1118330274894369_190255149749733198_o

Әлеуметтік салалардағы мемлекеттік қолдаулар жайлы баяндаған Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімқұл Жәкетаевқа да қойылған сұрақтар аз болмады. Соның бірі Өзбекстаннан келген 70 жастағы Иса Тілеуов, Наурызбай ауданындағы емханалар оралмандарды «Оралман» куәлігі болса да қабылдамайтынын айтып шағымданды. Алайда бұл сұрақ Жәкетаев мырзаға қатысты емес еді. «Біз жасымыз 70-тен асқан қариямыз. Қан қысымымыз бір түсіп, бір көтеріліп мазамызды алады. Емханаға барсақ, «Оралмандарды қабылдай алмаймыз» деп шығарып салады» дейді. Соған қарағанда, біздің денсаулық саласындағы ақ халатты жандар «Оралман» куәлігі бар азаматтар  ҚР азаматтарымен бірдей мүмкіндіктерді пайдаланатынын білмейтін болып шықты. Сондықтан келесі жиынға Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының да өкілдері шақырылатын болды.

Әлеуметтік жәрдемақыларға байланысты қойылған сұрақтарға жауап бере келе, Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Нұржамал Наниязова мен Кәмила Есетовалар оралмандардың шешім күткен мәселелеріне көмектесу үшін өз салалары бойынша кабинеттеріне шақырды. Жұмыспен қамту, қайта мамандыққа даярлау бағдарламаларына қатысуға ниет білдірушілер табылып жатты.

соцобеспечениеIMG_7643IMAG13077

Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің бөлім басшысы Қарлығаш Бимұрзаева, «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңына сәйкес аталмыш департамент көрсететін 9 түрлі мемлекеттік қызметке, Халықты әлеуметтік қамсыздандыруда, зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері тағайындауда  басшылыққа алынатын заңдарға, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленіп жүрген әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне тоқталды.

Осы тақырыпты, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының маманы Перизат Қалмырзаева жалғастырды.

– Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасына (58/63) жеткен кезде ғана тағайындалатын болады.

Жасына байланысты зейнетақы тағайындау тәртібі: (Заң шеңберінде) 1998 жылғы 1 қаңтардан еңбек өтілі әәелдерге -20 жыл, еркектерге 25 жыл болған жағдайда, еңбек өтілі толық болмағанда, толық емес еңбек өтілінен тағайындалады. Орташа айлық 1995 жылдан бастап 3 жылдың жалақысын есептеумен жүзеге асырылады, 1998 жылдан бастап жинақтаушы қорына міндетті жарналар аударылған жағдайда алынады, – деді ол. –  Еңбек өтіліне бала күтімімен отырған жылдар да есептеледі, кемінде 3 жыл әр балаға, жалпы 12 жыл барлық балаға алынады. Орташа айлық табысты есептеуде шектеулі 41 айлық есептік көрсеткіш алынады, осы 41 айлық есептік көрсеткіштің зейнетақы мөлшеріне 75 пайыздық шектеумен тоқтайды.

Айта кететінім, еңбек өтілін есептеуде, кейбір мемлекеттердегі жұмыс істеген еңбек өтілі есепке алынбайды: (оралмандар үшін) мысалы, Қытай, Моңғолия, Түркия және т.б. алыс шет  мемлекеттер, деп сөзін тамадаған Әлеуметтік сала өкілдеріне де оралмандар тарапынан сұрақтар көп болды.

ДамуIMAG1393IMAG1392IMAG1387

Ал, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ  Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының мамандары Ертай , Мұқамет,  Елнар Сарбаевтар, кәсібін бастаймын деген азаматтарға «Даму» қоры арқылы көрсетілетін субсидиялар жайлы айтып берді. Оралмандарға арналған бөлек бағдарлама болмағанмен, ҚР барлық азаматтары сияқты жаңа инвестициялық жобалар арқылы бағдарламаларға қатыса алатынын айтты. «Даму» қорының бағдарламалыры оралмандардың қызығушылығын туғызып, бару үшін мекенжайларын сұрап жатты.

«Бүгінде шетелдерден келген қандастарымыз «Оралман» куәлігін алу үшін құжаттарын баламалы түрде  Мемлекеттік корпорацияның   «ХҚКО» департтаменттері арқылы өткізе алады.  Мұнан басқа,  ЖСН-і көрсетіліп  Оралман куәлігін алған қандастар  ҚР азаматтарымен тең дәрежеде ХҚКО арқылы көптеген қызмет түрлерін ала алады.. Одан тыс, электрондық үкімет порталы арқылы да қызметтерді алу мүмкіндіктері бар», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Өксікбаев Оразхан Нұртайұлы.

Жиын соңында оралмандарға Электрондық үкімет порталы жайлы буклеттер және әр сала өкілдері өздерімен ала келген ақпараттық кітапшаларын таратты.

IMG_74304 7 5

Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз, 82 жастағы Тұрсынғали Тұрғанов ақсақал, жиын ұйымдастырушыларына алғысын айта келіп, 70 жастан асқан қарияларға “Оралман” куәлігін мерзімсіз етіп берсе дұрыс болар еді,” деген ұсыныс-пікірін білдірді.

82 жастағы Тұрсынғали ТұрғановIMG_7652IMAG24112016-07-01-12-12-08-157

Осылайша, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген қандастарымыз, тиісті мемлекеттік органдар өкілдерімен бетпе-бет жүздесе отырып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Жиынды қорытындылаған  Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының  президенті Жаңыл Әпетова, мұндай жиындардың қаладағы басқа да аудандарды жалғасатынын айтты. Одан тыс, жекелеген сұрақтарыңыз болса «оралмандарды әлеуметтік қолдау орталығы» жобасы бойынша ашылған тікелей желі 9738533, 87009738533 нөмірлеріне хабарласуларына болатынын айтты. Сонымен қатар, шетелдерден келіп қоныстанып жатқан ағайынға жаңа ортаға тез үйреніп орнығуына, бейімделуіне көмектесу, тілдік кедергілерін жоюға, құқықтық сауатын арттыруға және басқа да қажетті ақпараттарды алуына мүмкіндік туғызу мақсатында, шілде, тамыз айларында аптасына 2 рет тілдік курстар, құқықтық және әлеуметтік-мәдени курстар жұмыс істейтінін хабарлады.

жаныл13582175_1118328021561261_6186118462048963429_o 13575745_1118329651561098_8841171274821021921_o 13516412_1118327814894615_3663130439548707865_n

Жалпы, мұндай басқосулар,  «елім» деп келіп жатқан ағайынның жаңа ортаға бейімделіп, тез орнығуына көмектесетіні сөзсіз. Алыстан келген ағайындар, келген бойда заңды, ереже, тәртіптерді жете білмегендіктен, құжаттандыру барысында уақыттарын өткізіп алып, заң бойынша айыппұлға әкеліп соғатын жағдайларға барып жатады. Нәтижесінде, тиісті орын заңмен әрекет етеуге тиіс, алайда ағайын «мен алыстан елім деп келгенде, сендер дұрыс қарсы алмадыңдар. Айыппұл салып, сенделтіп қойдыңдар» деп өкпе-реніштерін білдіріп жатады.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Халықаралық «Жанашыр»  қоры жанында жұмыс істеп жатқан «Оралмандарды әлеуметтік қолдау» орталығының да мақсат-міндеті, алыстан келген ағайынға көмектесу, қателесуінің, кедергілерге тап болуының, өкпе-реніштерінің алдын алу. Осы мүмкіндікті пайдалана білмесе, оралман ағайынның өзіне сын.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑