banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_8303

Қосқан уақыты Шілде 14, 2016 | 569 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мемлекеттік органдар өкілдері Бостандық ауданындағы  оралмандармен кездесті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында Халықаралық “Жанашыр” қоры Бостандық ауданында  «Оралмандарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар» атты кездесу өткізді.   Жиын мақсаты – шетелдерден келіп қоныстанып жатқан ағайынға жаңа ортаға тез үйреніп орнығуына, бейімделуіне көмектесу. Тілдік кедергілерін жоюға, құқықтық сауатын арттыруға және басқа да қажетті ақпараттарды алуына мүмкіндік туғызу.

IMG_8305IMG_8300  IMAG1749  IMG_8267

Жиынды ашқан Халықаралық “Жанашыр” қорының президенті Жаңыл Әпетова, Алматы қаласының барлық аудандарындағы  қандастармен өткізу жоспарланған мұндай кездесу, осыған дейін Әуезов ауданында өткенін, Бостандық ауданында өткелі отырған кезекті жиынға шақырылған барлық мемлекеттік органдардан өкілдер түгел келіп отырғанын айтты. Ауданға келіп қоныстанған қандастарға “қош келдіңіздер!” дей отырып, жаңа ортаға кедергісіз бейімделіп, орнығуына көмектесуді мақсат еткен кездесуде, емін-еркін ойларын айтып, ашық сұхбатта болуға шақырды. Жиынға қатысып отырған тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен таныстырып, әр сала бойынша туындаған сауалдарына жауап алуларына мүмкіндік туып отырғанын жеткізді.

IMG_8303IMG_8262IMG_8288IMAG1748

Жиынға  қатысқан Алматы қаласы ІІД КҚП Бостандық аудандық көші-қон бөлімінің инспекторлары Елдос Аблахатұлы, Владимир Гусев, Алматы қаласы Әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес  президиумының  мүшесі Майра Сағымбекова, Алматы қаласы Әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Кисиков Бекнұр, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Фарида Мерхамитқызы, Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Қарлығаш Бимұрзаева, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының маманы Перизат Қалмырзаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің менторы Ардақ Күштекова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ  Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының мамандары Ертай Мұқамет, Елнар Сарбаев, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бас маманы Ұсабек Оразхан, Бостандық аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Ерлан Құрманалиев, Бостандық ауданы әкімдігінің АХАТ бөлімі басшысы м.а Фариза Абсаттарова, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы №4 қалалық емханасының бас дәрігері  Фарида Ағыбаева, «Алматы қаласы Азаматтық Альянсы»  ЗТБ  президенті Сәулета Толғанбаева және т.б.тиісті орындардың өкілдері қандастардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін шешу жолдарын нұсқады.

 

IMG_8356 IMG_8354 IMG_8290IMG_8299

 Әдеттегідей, сұрақтың көбі Қазақстан азаматтығын алу кезіндегі Өзбекстан азаматтығынан шығу мәселесіне, Қытайдан соттылығы бар/жоқтығы жайлы анықтама алып келудегі кедергілерге байланысты болды. Бұл  екі сауалдың да тиісті жергілікті өкілетті органдардың құзыретіне жатпайтыны,бұл мәселелерді жеңілдету үшін тиісті орындарға хат жолданатыны айтылды. Жиынға қатысып отырған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, қала әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңестің өкілдері бұл мәселелерді  қаперіне алып, тиісті орындарға сауал жолдайтындарын айтты.

IMG_8304  IMG_8391 IMG_8406IMG_8285

Сонымен қатар, Өзбекстаннан келген Севара Ильмұратова Алматы қаласында оралман мәртебесі берілмейтін кезде  магистратураға түскенін, медициналық жоғары оқу орнын шетелдік азамат ретінде қаржы төлеп үздік оқығанын, енді оралман мәртебесін алған кезде этникалық қазақ ретінде оқу ақысын қайтару мүмкін бе деп сұрайды. Бұл мәселенің шешу жолын іздестіруді Бостандық аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Ерлан Құрманалиев мойнына алды.

Сондай-ақ, 35 жыл ұстаздық еткен өзбекстандық қандасымыз Бабажан Қаликулов, ҚР азаматтығын алуға құжат жинап жүрген кездегі уақыт аралығында еңбек өтілі үзіліп қала ма деп қауіптенетінін айтты. Оған да Ерлан Құрманәлиев оралман куәлігімен келіп жұмысын жоғалтқан азамат ретінде тіркелсе, еңбек өтілінің тоқтамайтынын айтып қуантты.

IMG_8295 IMG_8388IMG_8272IMG_8298

 

ҚХР-дан келген Дәмелхан Досан «ықтиярхатқа» құжаттарын өткізіп қойғанын, келесі айда виза мерзімі бітетінін, оған дейін ықтиярхат шықпаса не істеймін? Қайтадан Қытайға барып виза ашамын ба? – деген сауалына, Бостандық аудандық Көші-қон бөлімінің инспекторы Елдос Әбілахатұлы жауап беріп, мәселесінің мән-жайын анықтап, көмектесуге уәде етті.

Қытай Халық Республикасынан келген Ғ. Сақыбаева 16-ға толмаған қызы “оралман” мәртебесіне жеке өзі құжат өткізе ала ма дейді. Өкінішке орай, кәмелет жасқа толмаған балалар отбасы мүшелерінсіз “оралман” куәлігіне құжат өткізе алмайтындығы ескертілді. Ал, тегі жоқ, тек аты ғана жазылған кісі, тегін қалай алуға болатындығын сұраған сауалға, АХАЖ бөлімінің маманы, бұрынғыдай сотқа жүгінбей-ақ, аты-тегін өзгертуге құжаттарын тікелей АХАТ бөліміне әкелуіне болатындығын айтып кеңес берді.

IMG_8411 IMG_8413 IMG_8282IMG_8336

Ал, Қытайдан Қазақстанға келетін кезде рәсімдеген  құжаттарында туған жылы ауысып кеткен азаматтың, шын мәніндегі нақты туған жылын қалпына келтіру қиынға соғып отырғанын айтқан қандасымыздың сауалына,оңды жауап беру мүмкін болмады. Себебі, құжаттағы жылды өзгерту үшін ҚР заңына сәйкес туу куәлігі талап етіледі. Ал Қытайда бұрынырақта туылғандарға туу туралы куәлік берілмеген, яғни тууды тіркемеген. Нақты жылын дәлелдейтін құжат болмағандықтан, ҚР АХАТ бөлімдері де, сот орындары да оң шешім шығаруға қауқарсыз көрінеді.

Азамат Қалибек Байтолла «соттылығы бар/жоқтығы» жайлы анықтаманың ҚХР-дан алып келу қиындығын айтты. Өткен жылдары тұрған жеріндегі  жергілікті сақшыдан алып келген анықтамаларды қабылдайтын, енді осы жылдан бастап ондай анықтамаларды Бейжіңдегі арнай  әділет органының растау мөрінсіз қабылдамайтынын айтты. Бұл анықтаманы алу үшін кез-келген  азамат Бейжіңге бара алмайтынын, бұрынғыдай жергілікті орындардың берген анықтамасын қабылдай беруді жолға қоюды ұсыныс етті.

Тағы  бір-екі азамат оралмандармен жұмыс істейтін орындарда қазақ тілін білмейтін мамандармен бетпе-бет келіп, түсінісе алмай қиындыққа тап болғандарын айтты. (Алматы қаласы Көші-қон полициясы басқармасындағы шетелдіктердің құжаттарын қабылдайтын терезелерді мысалға алды).

Бұл айтылған мәселелерді, ұсыныстар мен ескертпелерді Қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары тиісті орындарға жеткізуге уәде етті.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑