banner-top12

Ақпараттар ағымы 20141029_153517

Қосқан уақыты Қазан 30, 2014 | 694 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мемлекеттік органдар өкілдері мен оралмандар бір стол басында бас қосты

20141029_15171120141029_15512320141029_153453 20141029_154409 20141029_160634 20141029_160149 20141030_143423 20141029_153517 20141029_154728 20141029_151340  20141029_150959 20141029_151232фото 320141029_152239
Мемлекет тұрғындар игілігі үшін әртүрлі бағдарламалар қабылдап, жеңілдіктер қарастыруда. Олардың қатарына «Бизнестің жол картасы-2020», «Қолжетімді тұрғын үй», «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға» және т.б. бағдарламалар бар. Сонымен қатар мемлекеттік органдар өздерінің ұсынатын қызметтерін халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық форматқа көшірді. Барлық қызмет түрлерін бір жерден алуы үшін «бір терезе» әдісімен жұмыс істейтін Халыққа қызмет көрсету орталықтарын, автокөлік иелерінің құжаттарын бір жерден рәсімдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО ашты. Мұның бәрі, түптеп келгенде, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, толыққанды өмір сүруіне жағдайлар жасау талабынан туындап отыр. Алайда, осындай жасалған мүмкіндіктерді пайдалануды білмей отырғандар, мұндай мүмкіндіктердің бар екендігінен хабарсыз жандар да бар. Әсіресе, шетелдерден көшіп келіп жатқан ағайындар жаңа ортаға бейімделіп, орнығып кетуінде қиындықтарға тап болып жатады. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоры, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып «Шетелдерден келген қандастардың жаңа ортаға орналасу, бейімделу және мемлекеттік қызметті пайдалану мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді.
Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар өкілдері мен елімізге шетелдерден келіп қоныстанған қандастар, этникалық қазақтар, енді келіп жатқан оралман мәртебесіндегі қандастар бір үстел басына жиналып, ашық әңгіме өткізді..
Жиынға Алматы қаласы Әділет департаменті, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Көші-қон полициясы басқармасы, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Ішкі саясат басқармасы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Үкіметтік емес ұйымдар, Бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. құзырлы ұйымдар өкілдері қатысты.
Жиын мақсаты – шетелдерден келіп қоныстанып жатқан ағайындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін, жеңілдіктер мен көмектерді түсіндіру, мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды алу, пайдалану және жаңа ортада бейімделуіне жол көрсету, Электрондық үкімет порталының артықшылықтарын түсіндіру. Жаңадан елге келіп қосылып жатқан қандастардың толғандырған сұрақтарына жауап беру болатын.
Жиында қандастар тоғандырған көптеген сұрақтарына тиісті құзырлы орган өкілдерінен тұщымды жауап алды. Бірі жұмысқа орналасу жайын білгісі келсе, енді бірі мүгедектігіне байланысты жеңілдіктер алу, тұрғын үй кезегіне тұру, азаматтық алу, ықтиярхат алудағы кездесіп жатқан қиындықтарды шешу жолдарын, кәсібін ашу, мемлекеттік қызмет алу, жаңа туылған баласына туу куәлігін алу, тегін өзгерту және т.б. сұрақтарына жауап алды. Азаматтық, ықтиярхат алудағы кейбір қиындықтардың күні кеше Үкімет отырысында қаралып, парламент қарауына өткен заң жобасымен шешіледі деген үміт болса, заңда көрсетілмеген, келген елінің елшілігінен анықтама алып келу сияқты бұйрық негізінде іске асырылып жатқан кейбір қиындықтарды этникалық қазақтарға қолданбау туралы ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде Алматы қаласы ІІД Көші-қон полициясының өкілі Л. Шаймерденова, «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидасын және Шетелдіктің тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 523 бұйрығындағы жалпыға ортақ талаптарды этникалық қазақтарға қолданбау жөніндегі жиынға қатысушылар ұсынысын ҚР Ішкі істер министрлігіне хат жазып жеткізетіндігі жөнінде уәде етті.
Мұндай басқосулар барлық проблеманы бір сәтте шешуі мүмкін емес. Дегенмен, халықтың жанайқайын өз құлағымен естіген құзырлы органдар өкілдері, мәселенің оңды шешімін табуына ықпал етері сөзсіз. Жаңа ортадағы қандастар алдағы тұрмыс-тіршілігіне бағыт-бағдар, керекті кеңестер алады.
Жиын ұйымдастырушылары қатысушыларға «Керек кеңестер», «Өз бизнесіңді қалай дұрыс құруға және қалай жүргізуге болады», Бизнесті мемлекеттік қолдау, «Жұмыспен қамту. Жол картасы -2020», «Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу жолдары», «ХҚКО-да көрсетілетін қызмет түрлері» және т.б. ақпараттық кітапшалар мен парақшалар таратты.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑