banner-top12

Ақпараттар ағымы FTK_5088

Қосқан уақыты Тамыз 26, 2016 | 391 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша басқосу өтеді

Алматыда  2016 жылғы 02 қыркүйек күні «Оралмандарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты дөңгелек үстел өтеді. Жиынға Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының өкілдері; Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының өкілдері; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша «ХҚКО» департаментінің өкілдері; Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері; Алматы қаласы Әкімі жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері; БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысады.

Жиын мақсаты – шетелдерден келіп қоныстанып жатқан ағайынға жаңа ортаға тез үйреніп орнығуына, бейімделуіне көмектесу. Елбасының үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, оралмандарды қазіргі қабылданып жатқан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалармен таныстыру, мемлекеттік қызметтерді алу шаралары туралы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен толыққанды  ақпараттар тарату.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы Жазушылары кітапханасы,

(Алтынсарин көшесі, 37, Жандосов көшесімен қиылысы.)

 

Өтетін уақыты: 2016 жылғы 02 қыркүйек, сағат 15-00-де.

 

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры; Алматы қаласы Мемлекеттік  еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы;

 

Хабарласу телефондары – 9738533, 3036806, 2620426,  8-7073240176, 87009738533




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑