banner-top12

Керек кеңестер ef77d20ba0b766102c2840dc743c75db

Қосқан уақыты Қазан 21, 2015 | 710 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мемлекеттік қызметті электронды түрде қалай аламыз?

Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп жатқан жайымыз бар. Бұрын соңды электронды түрде қолтаңба қою түгілі электронды мәтінді жазып, бір нүктеден екінші нүктеге жіберуді елестете алмайтын болсақ, бүгінде анықтаманы да, кезекті де электронды түрде алып, үйде отырып-ақ бір уақыт ішінде шаруаңды тындырасың. Ол аздай некеге де электоронды құжат арқылы тұруға болады. Бұл жұмыстардың бәріне алдымен электронды қолтаңба алу қажет.
Электронды үкімет порталы деген не?
Электрондық үкімет дегеніміз – бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестік іс-қимыл жүйесі болып табылатын, уақытты тиімді пайдалануға, кезекті қысқартуға, үйде отырып-ақ бір жола жұмысыңды бітіретін, кабинеттік стилді жойып, жемқорлыққа жол бермеуге арналған үлкен жоба. Бұл жоба елімізде тиімді жүзеге асып жатыр.
Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Алайда, портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ, мемлекеттік анықтамалар алуға болады, көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын, жаңа пайдаланушы ретінде порталға тіркелу қажет: пайдаланушы келісімімен танысып, жеке сәйкестендіруші нөмірді (ЖСН) енгізіп және кілтсөзді ойлап табу қажет. «Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің тізімінде көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген.Демек, бұл қызметті пайдалану үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑