banner-top12

Жолдауды қолдау 600_182a27c8bd1d66071f1264d21fdfde30

Қосқан уақыты Желтоқсан 3, 2014 | 1  387 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ ЖОСПАРЛАРЫМА ЖАҢА СЕРПІН АЛДЫМ

2014 жылдың 26 қарашасы күні Астана қаласында Елбасы кітапханасы базасында «Біздің еліміз – біздің Президентіміз» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің Елбасы кітапханасы ұжымымен бірлесіп өткізген бұл іс-шараға республикамыздың әр аймағынан он алты тарих пәнінің мұғалімдері арнайы шақыртылып қатыстырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің басқарма басшысы Көптілеуова Бағым Әбубакірқызының алғысөзімен ашылған бұл семинар жоғары деңгейдегі дайындықпен ұйымдастырылған екен. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Ұлт көшбасшысы кітапханасының атқарушы директоры М.Ғ.Ескендіров семинардың мақсатымен және іс-шара жоспарымен таныстырып өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің қызметкері: Нәжмединова Әсел Асқарқызының, Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының қызметкері: Шаяхмет Қарлығаштың бастамасымен жүргізілген семинар-тренингтің алға қойған мақсаттары орындалғанына куә болып қайттық. Алдымен Елбасы кітапханасымен таныстыру экскурсиясынан басталған шара, семинар-тренинг пікірталасына ұласты. Жалпы мақсаты – Елбасы кітапханасы арқылы еліміздің түкпір-түкпіріне он-лайн режимінде қажетті ақпараттарды қолжетімді түрде насихаттауға болатынын талқылау. Яғни, әлемді өзгертетін идеялар бұл білім беру зонасынан бастау алатыны сөзсіз. Ал білім беру саласындағы негізгі көшбасшылар ретінде тарих пәні мұғалімдері екенін басшылыққа алған семинар-кеңеске еліміздің әрбір аймағынан келген тарихшылары білек сыбана кірісіп кетті. Себебі, семинар-тренингтің тақырыбының өзі нағыз талқылап; шешімін шығаруды талап етіп тұрған маңызды басымдық екені белгілі. Осы семинар-тренингке Оңтүстік Қазақстан облысының тарихшы-мұғалімі ретінде қатысып, Елбасының «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауын жолдаған мекемеде болғанда ерекше әсер алып қайттым. Менің болашақтағы атқаратын еңбек жолыма нұрлы серпін алып қайтқандаймын. Семинар-тренинг арнайы бағдар парақшалар арқылы ақпараттармен ақыл тақтасы арқылы таныстырылды. Одан әрі қатысушылар әртүрлі әдістермен алған ақпараттарды талдап, сараптап, бағалап, соңынан ой-тұжырымдарын ортаға салды. Жалпы алты модуль: «Қазақстан патриоты», «Тауып айтылған сөздің құндылығы», «Бастама және серіктестік», «Біздің айналамыздағы әлем», «Жұмсақ күш», «Өзгерістер қуаты» тақырыптарындағы тек шағын ортадағы талқылаулар ғана емес, әлемді өзгертетіндей идеялардың құнды бастамалары осында екеніне көз жеткізіп қайттым. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: менің елімнің болашағы – жастарға білім мен тәрбие беру жоспарым тек Елбасының салған «Нұрлы жолымен» ұштасып, сабақтасып, біте қайнасатынына бағдарланады. Осы мақсатты жоспарымды баршаңызға ұсына отырып; бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын. Бұл сөздерімнің негізгі мәйегі ретінде Елбасымның Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы мына бір тұсынан үзінді келтіруді санадым: «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!
Алдағы жылы біз Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол».
Елбасының қайбір сөзін алсақ та, ісін алсақ та менің мемлекетімнің негізгі құжаты – Конституциямыздың талаптарына сәйкес келетінімен ерекшеленеді. Ал Конституция сіз бен біздің, баршамыздың референдум арқылы өзіміз дайындаған басты қорғаушымыз емес пе?!

Құралай Әпет,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы

№3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балалар

лицей интернатының тарих пәнінің мұғалімі

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑