banner-top12

Оқырман хаты no image

Қосқан уақыты Маусым 3, 2014 | 1  134 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Менің отаным – Қазақстан

 

Туған жер–менің омірімде киелі орын алады. Мен үшін Отан от  басынан басталады: туған жерім, туған аймағым, туған ауылым.  Дүниеге шыр етип келгеннен, бала боп асыр салып бейкүнә кез кешкен, алғаш мектеп  табалдырығын аттап, 11 жыл тапжылмай білім алып , болашаққа деген үлкен үмітпен аттандырған Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы,т алай ақындар,жазушылар, қоғам қайраткерлері шыққын  киелі аймақ.  Менің отаныма деген махаббатым жүрегімнің түбінде. Отанға деген махаббатты ешқандай заң, ешқандай құбылыс болсын өшіре алмайды. «Отан – оттан ыстық» демекші, отаны бар адамдар  бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – меніңҚазақстаным! Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала, атажұрт бабаларымыздың көздіңқарашығындай сақтап, найзаныңұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше, осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оныңәрбір тасын сүюден басталады.  Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат, Отанға деген махаббатқа ұласпақ. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.  Қазақстан даласы өте әсем. Ұшы-қиыры жоқ шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне бір жасыл дастарқандай болып жайылады. Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария сияқты өзендері бар. Жерінің асты пайдалы қазбаларға бай. «Жері байдың – елі бай» дегендей, құнарлы өлкеміздің байтақ төсі байлық пен берекенің , бақыт  пен қуаныштыңұйтқысы еді.

Осындай жер жаннатын:

Алтайым, Тарбағатай, Алатауым,

Мекендеп қазекемдей ел бір қауым.

Бөленіп белуардан шалғынына

Рахатты өткізеді жаз жайлауым,- деп ақын атамыз Сәбең жыр жолдарына қосқан.

Иә, ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа адам баласыныңұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Осы қазынаны сақтау жолында бабаларымыз үш жүз жылға жуыққанын төгіп, жанын пида етіп, азап пен қасіреттен құтылу үшін күресті. Бірақ аққан қан, төккен тер текке кетпеді. Қазақ халқының арманы іске асты. Бұдан 23 жыл бұрын ақ түйеніңқарны жарылып, еліміз тәуелсіздігін жариялады.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –

Айта бергім келеді, айта бергім! – деген  ақын жырынан қуат алған қазақ елі ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикасы мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор мемлекет құрды. Ата Заңы, көгілдір байрағы, Елтаңбасы, Әнұраны, өз теңгесі, бүкіл халық болып сайлаған Елбасы, Парламенті бар құдіретті елміз. Біздіңқұдіреттілігіміз халықтың бірлігінде, елімізде тұратын түрлі ұлттардың татулығында.  Осы 23 жыл ішінде біз сан түрлі кедергілерді жеңіп, тірлігімізді түзедік, ел өмірі айтарлықтай өзгерді.

Қазақстанның саяси өмірінің орталығы – жаңа астана – Астана қаласы бой көтеріп, әрбір қазақтың көңілін марқайтып, болашаққа деген сенімін нығайтты. Бас қаламызда Ақ орда – Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы,  Парламент және Үкімет үйі орналасқан. Қысқа мерзім ішінде «Думан» ойын-сауық кешені, «Аквапарк», «Пирамида», «Астана- Бәйтерек» және тағы басқа кешендер салынып, Астана сұлулығын, сәулетін, ажарын ашып, келген қонақтардың да, тұрғындардың да көңіл- күйін көтеріп, ерекше шабыт, әсерге бөлеуде.

Еліміз ұлтаралыққарым-қатынасқа аса зор мән беруде. Сондықтан да осы 23 жыл ішінде 140 ұлт пен 40-тан астам конфессияныңөкілдерін мемлекет құру ісіне жұмылдырып, толыққанды қазақстандықұлтты қалыптастырды.

Елбасымыз адамзат тарихындағы еңұлы адамгершілік қадам жасап, дүниедегі еңүлкен ядролық сынақ алаңы – Семей полигонын жапты. Осылайша мемлекетіміз әлемдегі бейбітшілік пен ізгі ниеттіңүлгісіне айналды.

Биылғы жылы біз Ата Заңымыздың 19 жылдығын атап өтуді жоспарлауда. Мұныңөзі Конституциямыздыңөз дәуірінің талаптарына сай екендігін, Қазақстаннның орнықты дамуына кең мүмкіндік ашқан өміршең заң екендігін дәлелдеді. 2000-2010 жылдар  Қазақстанның сыртқы саясаттағы жұлдызды жылдары болды, себебі осы уақыт ішінде Қазақстан- Шанхай ынтымақтастықұйымы, Еуразиялық – экономикалыққоғамдастық, Азиядағы өзара іс- қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрудың бастамашысы болып қана қоймай, осы ұйымдарға басшылық етті. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықұйымына төрағалығы еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылып қалды.

«Бүгінгі таңда жан-жақты дамыған ғылымсыз өркениетті елдердіңқатарына қосылу мүмкін емес екені жалпыға бірдей ақиқат», – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»,- деп Н. Ә. Назарбаев болашаққазақ елінің азаматтары жан-жақты білімді болумен бірге, салауатты, денсаулығы мықты азамат болуына аса назар аударуда, Жастардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, сапалы білім алуына жағдай жасалып, «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Осы бағдарлама бойынша еліміздің талантты жастары шет елге барып білім алуда. Олар елге қайтып келген соңқасиетті қара шаңырақтың болашағы үшін еңбек етеді.

Қазақстанның 23 жылдағы бар жетістігі – біздің жарқын болашағымыздың темірқазығы.  Көреген басшы Нұрсұлтан атамыздың іскерлігімен елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, береке мен бірлік болып, Қазақстанымыздың гүлдене беретіндігі.Осынау береке мен байлығы шалқыған елдің халқы тату- тәтті өмір сүріп, өзге мемлекет  халқыныңқуана да қызғана қарар алып мемлекет болатындығына сенімдімін!

Мен осындай еркін, азат елдіңұланы екендігімді мақтан етемін! Күн дидарлы Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп, кірпіш болып қаланатындығыма, келешек үшін жоба тауып, жол көрсететіндігіме уәде беремін. Себебі тәуелсіздіктің туын биік ұстау – перзенттік  парызымыз, бабалар алдындағы мәңгілік қарызымыз!

 

Эльзира Байгелова,

Жетісу аудандық ХҚКО инспекторы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑