banner-top12

Ақпараттар ағымы 20150410_163050

Қосқан уақыты Сәуір 11, 2015 | 889 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Менің Қазақстаным» пойызы» Алматы қалалық ХҚКО-ға келді

20150410_154701 20150410_155919 20150410_164055 20150410_163050 20150410_164228 20150410_155415 20150410_160445IMG_9977

«Менің Қазақстаным» пойызы» республикалық акциясы – ҚХА жылына арналған ірі ауқымдағы іс-шаралардың бірі.
Акцияның мақсаты – Елбасы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын тарату, әлеуметтік және қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізу, халыққа медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салалар бойынша консультативтік қызмет көрсету.
Акция барысында қала тұрғындарына Даму және инвестициялар, Әділет министрлігі техникалық инвентаризация, жылжымайтын мүлік бойынша құжаттарды тіркеу, атқарушы өндіріс, азамматық актілерді тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, адвокат және нотариат мәселелері бойынша кеңес берді. Елді мекен тұрғындары ірі ауқымдағы салалар бойынша (156-дан астам) көкейкесті сұрақтарға мамандандырылған жауап ала алды.
Әділет министрлігінің өкілдері Ташпенбетов Ерлан Амирбекұлы, Есмағамбетова Гүлназ Болатқызы, Ермаханова Ләйла Төлеутайқызы, Мустафенов Еркін Серікбайұлы, Әдісбекова Гүлмира Сансызбайқызы, Дінғалиева Маржан Есентайқызы және Даму және инвестициялар министрлігінің өкілі Есенқұлов Әлібек Мырзахметұлы, сондай-ақ. Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері Бактымбетова Айгүл Әбілдақызы, Эльдар Муртазин, Сатхожина Зауреш Маратқызы, Әлимова Рахима Мұхтарқызы және “ХҚКО” РМК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдері Баймұханбетова Жамал Теміржанқызы, Болатбекова Әсем Болатбекқызы, Аманова Мадина Берікқызы тұрғындардың сан түрлі сауалдарына жауап берді.
Акция барысында 50-ден аса қала тұрғындары ірі ауқымдағы салалар бойынша көкейкесті сұрақтарға мамандандырылған жауап ала алды.
«Менің Қазақстаным» пойызы 30 күн ішінде Қазақстаннның 29 елдімекенінде аялдап, 22 сәуірде Астана қаласына оралады.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑