banner-top12

Ақпараттар ағымы 40045c9949bf01aaa4c81b988780c1f4

Қосқан уақыты Қыркүйек 25, 2019 | 117 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Менің – Қазақстаным!» тақырыбында танымдық сайыс өтеді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» жобасы аясында Алматы колледждері студенттері арасында «Менің – Қазақстаным!» тақырыбында «Ғажайыптар алаңы» – «Поле чудес» танымдық ойын сайысы өтеді.

        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен  Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету, мәдениетін, тарихын, философиясын, салт-дәстүрін және т.б. қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ойын процесіне кіргізе отырып, жастарды ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан нәр алып, болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығаруға үлес қосуды мақсат еткен шараға Сервистік қызмет көрсету колледжі мен   Энергетика колледжі студенттері қатысады.

Сайыста жастар халқымыздың ұлттық құндылықтарына қатысты білім деңгейін көрсететін болады. Жеңімпаздар Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Полиграфия және технология колледжі

Мекенжайы: Шевченко, 202

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 1 қазан, сағат 10:00-де басталады

Ұйымдастырушы:  Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры

Сервистік қызмет көрсету  Энергетика колледжі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑