banner-top12

Ақпараттар ағымы 20141127_113341

Қосқан уақыты Қараша 25, 2014 | 1  094 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Мерекеңмен, Елбасы!» атты мерекелік акциясы

 

20141127_11311520141127_113341

Өткізілетін күні 27.11.2014 ж.
Өткізілетін уақыты: сағат 15.00-де
Өткізілетін орны: Алматы қаласы Қазақстан Жазушылары кітапханасы (Алтынсарин көшесі,37, Жандосов көшесімен қиылысы)

1 желтоқсан – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Биыл Тұңғыш Президент күні елімізде үшінші жыл тойланып отыр. Бұл мереке – мемлекет мерейі. Оның үстіне мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әлемнің бірқатар елінде, оның ішінде өркениетті елдерде бар дәстүр. Қазақстанда да бұл мереке уақыт өткен сайын маңызы артып, халықтық шараға айналуда.
Осы игі мерекеге орай, ағымдағы жылдың 24-27 қарашасында Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Мерекеңмен, Елбасы!» атты мерекелік акция өтуде.
Бұл шараның басты мақсаты – Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елді өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жанды мақтан ету, үлгі ету, құрмет көрсету. Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігін түсіндіру. Бұл – ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатынын ескеру.
Акция барысында қаладағы 7 аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған ХҚКО лед-экарндарында Елбасы жайлы фильм көрсетіледі, «Мерекеңмен, Елбасы!» деген тақырыптағы плакаттарға ХҚКО қызметкерлері мен келушілері өдерінің жүрекжарды тілектері мен құттықтауларын жазады. Осылайша, 24-27 қараша аралығында қаланың әрбір азаматы өз қолтаңбасымен Елбасына тілек жазу мүмкіндігіне ие болады. Әркім өз ауданында орналасқан ХҚКО-дағы 100х150 форматтағы плакатқа тілегін жазып Елбасын құттықтай алмақ.
Аталмыш құттықтау плакаттары Елбасы мұражайына табысталатын болады.
Құрметті журналистер! Құттықтау плакаттарды Елбасы мұражайына жіберу рәсімі 27 қараша күні сағат 15-00-де Алматы қаласы Қазақстан Жазушылары кітапханасында өтеді. Сіздерді осынау тарихи сәтке куә болуға шақырамыз.
Өйткені, жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты Ұрпақ есінде солай сақталуы да тиіс.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы;
Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры.
Қазақстан Жазушылары кітапханасы
Ақпарат үшін телефон нөмірлері:  3036806




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑