banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_9377

Қосқан уақыты Шілде 12, 2014 | 531 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мейірімділікке үндейтін Рамазан айында

Мейірімділікке, қайырымдылыққа үндейтін Рамазан айы басталғалы да екі жеті уақыт өтті. Бұл айда қайырымдылық шаралары да көптеп жүргізілуде. Мұндай істерден ХҚКО қызметкерлері де тыс қалып жатқан жоқ. Біраз бұрын Алматы қаласындағы «Мамандандырылған ХҚКО» бөлімі қызметкерлері балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізсе, енді бүгін Медеу аудандық бөлімінің қызметкерлері де №1 Қалалық мамандандырылған балалар үйіне барды. Ондағы 40 балаға апарған ойыншықтары мен тәттілерін таратты. Балалардың көңілін аулап, ойындар ойнады.

Жарымкөңіл сәбилерлің жәудіреген көздеріндегі терең сырды жүректерімен сезінген ХҚКО қызметкерлері,   балаларға  бір сәтке болса да қуаныш сыйлады. Шарапаты мол шара алдағы уақытта жалғасын табады деп күтілуде. Себебі, көңілі жарым балалар әрдайым махаббатқа зәру.

Алмагүл Атагарова,

Алматы қаласы ХҚКО Медеу аудандық бөлімінің инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑