banner-top12

Ақпараттар ағымы 1

Қосқан уақыты Мамыр 5, 2017 | 345 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Міндетті медициналық сақтандыруға қатысушы санатыңызды қазірден анықтап алыңыз

Шілде айынан басталатын міндетті медициналық сақтандыруға қатысушы санатыңызды қазірден анықтап алыңыз. Ол үшін жеке куәлігіңізбен өзіңіз тұратын аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығына баруыңызға болады. Сіздің ЖСН арқылы жүйеден санатыңызды қарайды, егер мемлекет есебінен төленетін 14 санаттың біріне жататын болсаңыз, онда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өзіңіз тіркелген медициналық мекемеден тегін ем қабылдау құқыңыз бар екендігін ескертеді. Егер ешқандай санатта болмасаңыз, жұмыссыз ретінде тіркейді, базадағы тізімнен бос жұмыс орындарын ұсынады, қайта даярлықтан өтуді ұсынады. Бүгінгі таңда барлық ХҚКО-ларда Жұмыспен қамту орталығының өкілдері отыр. Оларға жүгіну үшін электрондық кезекпен талон алудың қажеті жоқ. Қайда отырғанын ресепшннен сұрап алып, тіркеуге отыруыңызға болады.
Алматы қаласында төмендегі мекенжай бойынша орналасқан ХҚКО-ларда тіркеле аласыз.

1 Алатау ауданы «Шаңырақ-2» ш.а.
Жанқожа батыр к-сі, 24
2 Алмалы ауданы Бөгенбай батыр к-сі, 221
3 Әуезов ауданы Жандосов көшесі, 51а
4 Бостандық ауданы «Алмагүл» ш.а.
Қожанов к-сі,9А
5 Жетісу ауданы «Құлагер» ш.а.
Серіков к-сі, 6а
6 Медеу ауданы Марков к-сі, 44
7 Наурызбай ауданы Тепличная к-сі, 11В/28
«Алматы молл»
8 Түрксіб ауданы Рихард Зорге к-сі, 9
9 Мамандандырылған ХҚКО «Саялы» ш.а.
Аққайнар к-сі, 1




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑