banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 14 апреля, 2015 | қосқан shalqar | 720 рет оқылды

0

Микрокредиттiк ұйымдарды кепiлсiз қаржыландыру қоры құрылады

Микрокредиттiк ұйымдарды кепiлсiз қаржыландыру бойынша қор құрылады. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте ҚР Ұлттық экономика вице-министрi Қайырбек Өскенбаев мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бизнестi қолдаудың бiрыңғай бағдарламасы аясында, сондай-ақ, микрокредиттеу бойынша мемлекеттiк қолдаудың жаңа құралдары енгiзiледi. Атап айтқанда, микрокредиттеу бойынша пайыздық ставка субсидияланып, микрокредиттiк ұйымдардың банкке борышына кепiлдiк берiледi. Бұл мемлекеттiк қолдау шаралары жаңа бизнес бастамаларды қолдаудың бiрыңғай бағдарламасының бiрiншi бағыты аясында жүзеге асырылады. Микрокредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау 10 млн теңгеге дейiн iске асырылады, 20 пайыз номиналдық ставканың жартысын мемлекет өтейдi. Микрокредиттiк ұйымдардың борышын кепiлдендiру 500 млн теңгеге дейiнгi кредит бойынша ұсынылады, кепiлдiк ету мөлшерi кредит сомасының 100 пайызын құрауы мүмкiн», — дедi Қ.Өскенбаев.
Вице-министр атап өткендей, қазiргi уақытта Премьер-министрдiң тапсырмасы бойынша микроқаржылық ұйымдарды кепiлсiз негiзде қаржыландыру бойынша қор құру жағы қарастырылып жатыр.

«Азия даму банкi, мүдделi мемлекеттiк органдар, ұйымдармен кеңестiк, нәтижесiнде Азия даму банкi жаңа қорды қазiр жұмыс iстеп тұрған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының базасында құруға дайын екенiн бiлдiрдi», — деп хабарлады ол.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑