banner-top12

Алыстағы ағайын 224423q2xfljjbgijixj02

Қосқан уақыты Тамыз 28, 2014 | 1  055 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Моңғолияға асқан соңғы көш

Зардыхан Қинаятұлы

zardykhan1

Қазақтың Шыңжан өлкесінен Моңғолияға асқан соңғы көші. (Мұрағат деректерінен).

Моңғолияда Халық революциясы 1921 жылы жеңіп, 1924 жылы ел дербестігін жариялағанымен 1936 жылға дейін Қытай мен Моңғолия арасында шекара сызығы айқын белгіленбегендіктен қазақтар Байтаг, Хавтаг, Алтайдың арғы, бергі жағына малының жай-күйіне орай көшіп-қонып отырған жайлар көп болды.
Іле халық баспасынан 1994 жылы жарық көрген “Абақ керей” атты еңбектің авторларының айтуына қарағанда 1932 жылы әйгілі Жырғалаң ұлы Бөкенің (молқы) ұлы (1) Рәбәй бастаған 700 түтін 1932 жылы Моңғолияға асып кетті (аталған еңбектің 75-б.).
Осы жылы Сарбас Буратай, Шақабай жәнеЖәнтекей Нұрғали бастаған 1200 отбасы және Моңғол асты (77-б).
1933 жылы Шіңгіл, Еренқабырға, Алтай өңірінде естен қалғысыз ауыр жұт болды. Сол жылы Молқы Қожақын, Шілдебай, Мүсәйіп; Қарақас Қожаның ауылы, Жәнтекейден Яши, Темірші ауылдары; Шеруші Нұрғали, Үкібастар бастаған 600 ден астам отбасы мал отарлату үшін Моңғолияға асты. Олар Алтайда ұлы жұт болғандықтан Моңғолияға малын қыстату үшін уақытша келгендерін мәлімдеп Моңғолияның өкімет орындарына арыз, өтініш білдіргеннен кейін Моңғолияның жергілікті әкімшілік органдары бес отарға (таван тасаг иргэн-қазақша бес ауыл) бөліп ұйымдастырып қыстап шығады. Архив материалдарына қарағанда мал отарлата келген кейбір ауылдар Моңғолия жерінде түбегейлі қалып қоюға тілек білдірген. Бірақ ауыл, ру басылары олардың мұнда қалып қоюын рұхсаттамайды. Ал Моңғолия өкіметі қарсы болмайды. Осы қайшылықтың кесірі Моңғолия қазақтарының арасында “Кенжебек айдаған жыл” (2) деп есте қалған еді. Бірақ бұл ауылдардың қаншасы қайтып, қаншасы қалғаны туралы жазба дерек жоқ. 1934 жылы болған Кенжебек оқиғасы және осы ауылдардың соңынан қуып барып Бұлғын, Цаган-гол бойында қырғынға ұшыратқан “жалғыз аэроплан” оқиғаларына қарағанда (3) бұл жұрттан Моңғолия жерінде ауыл қалмаған болуы мүмкін.
Ал Моңғолияның архив материалдарына жүгінсек ең соңғы рет Моңғолияның азаматтығын алған қазақтар жайлы 1932 жылы болған ресми жалғыз материал тіркелген. Бұл Кәрібай, Дүрімхан, Түсіпақын, Ілияс, Шәмейхан, Ақтан (Ақтай?) қатарлы 11адам қол қойып 69 отбасы, 315 адам атынан Моңғол өкілдерінен азаматтық сұрап 1932 жылы желтоқсанның 4 күні жазған өтініші. Және оны қабылдаған мемлекеттік кіші хұралының қосымша хаты. Мұны қазақтардың Шыңжаннан Моңғолияға келіп орныққан соңғы көші деп қарауға мүмкіндік бар. Ел аузында 1940 жылы “Аж Боғдадан Байқадам ауылы келгені туралы” айтылады. Бірақ бұл туралы нақты дерек жоқ.
Бұдан соңғы уақытта 1943 жылы 2 қазан күні Баян-¤лгий аймағының Хужирт сұмынының бір топ ауылы Шыңжанға асып барып екі елдің келісімімен қайтып оралғаннан өзге “Қытайдан Моңғолияға оралған көш” туралы материал кездеспейді. Сондықтан біз жоғарыда аталған өтініштің түп нұсқасы және материалдың моңғолша мәтінін ұсынуды жөн көрдік.
Өтініш хат: (хат төте жазуымен ақы иелерінің өз қолымен араб әліпбиімен жазылып 16 адамның қолы қойылған). 1932-10-22 күні.
Шыңжан Алтай аймағынан келген 69 үй (отбасы. ред.). Бастықтары: Кәрібай, Түсіпақын, Дүрімхан, Сейіт, Шәмел, Шәмейхан, Ілияс, Дағыстан, Құрманқажы, Шәкер, Ақтан (Ақтай ?).
Осы 69 үй 315 адам өткен 1931 жылы 7-ай ішінде, тұрған жеріміз Шыңжанның Алтай аймағына қараған Көк тоғай, Шіңгіл екі аудан қазақтары өкіметке қарсы қозғалыс (бүлік. ред.) болған себепті:
Осы 69 үй халқы болса өкіметке қарсы болмаймыз деген соң қазақ құйыршықтары мал-мүлкімізді талап алып, адамдарымызды өлтіретін болған себептен Шыңжан өкіметімен дос Моңғол өкіметінің кең көлеміне жансақтау үшін келіп кірдік.
Біз қазақ құйыршықтары, тым өшіккен залымдардың өшіккен қырғынынан Моңғол өкіметінің ұлы жәрдемімен аман есен құтылдық. 31 жылдың 7 айынан бастап, 32-жылдың 10 айына дейін Моңғол өкіметі кең көлеміне қоршап кемшілік (жетіспейтін, қажетті. ред.) нәрселерімізді жетістіріп жырғаулы тұрмысқа кенелдірді.
Мысалы Шыңжаннан келгенде 52 үй едік, 2-3 үй бір үйге бірігіп едік, кәзірде 69 үй болдық және 31-жылы 7-айдан бастап өкімет орнынан неше рет пұл (мата. ред.), шай, астық жеткізіп беріп күні бүгінге дейін кемшіліктерімізге қарасып отыр. Және өкімет орнынан кәзір ақша шығарып беріп отыр.
Енді болса осы 69 үй,315 жанның тілегі бойынша Баян-¤лгий аймағының Баян-нор сомонына қаратып Хотон-хара, Сары арал (Sar aral) деген жерден шөп шауып, мекенді қозғалмайтын 50 үй салып берді. Ағаш, шөбінен өте пайда көріп отырмыз. Осыдан ары қарай 69 үй, 315 ер, әйел адамдар болып шын жүрегімізден Моңғол өкіметі бұқарасы (азаматы. ред.) болатынымызды білдіріп өкімет орнынан Моңғолдың нақтылы бұқарасы қылып алуыңызды тілейміз. Осы арызымызды жоғарғы өкімет орнына жеткізіп беруіңізді аймақ Яамынан (әкімшілігінен. ред.) сұраймыз.
69 үй, 315 ер, әйел адамдар.
Бастықтары:
1. Кәрібай 7. Дағыстан 1. Дәмелі
2. Дүрімхан 8. Шәкер 2. Ақбөпе
3. Түсіпақын 9. Ақтан 3. Жақия
4. Шәмел 10. Құрманқажы 4. Зәли
5. Ілияс 11. Сейіт 5. Мәкипа (соңғы бесеуі
6. Шемейхан әйел адамдар. ред.)
Материал Моңғолияның орталық тарихи архивінің Ф., т. №1 х/н №740 фондынан алынды. Мәтін моңғолша түп нұсқасынан алынып қазақшаға аударылды.
Анықтамалар:
1. Бөке Жырғалаң ұлы. 1910 жылдары Шонжыда қазақтардың атынан сауда “Шаңяңы” (кеңесшісі) болған адам. Молқы руынан. Ол соңында Қытай билігінен бас тартып, қарсы әрекеттер жасағаны үшін қуғынға ұшырады. Әйгілі Ақыт қажы Үлімжіұлы ол туралы:
“Жерімнен кет деп қоқилап”
Қорлығы қалмақ өткені .
Сол қорлыққа шыдамай,
Бөкенің ұзап кеткені.
Бөке кеттің алысқа,
Шыдай алмай намысқа – деп жазған еді. (Ақыт қажы. Ғақылия. ¤лгий, 1994, 145-бет.)
2. ОГПУ-дің Моңғолиядағы өкілі (кеңесшісі) 1934 жылы Моңғолияда қалмаймыз деген ауылдарды Моңғолия жеріне ішкерілетіп көшіру үшін күш қолданғанына төзбеген қазақ ауылдары оны өлтіріп Алтай асып кетті. Моңғолияның шекара әскери тобы ол ауылдарды қуа барып көп адамды қырғынға ұшыратты. Моңғолия қазақтарының арасында бұл “Кенжебек айдаған жыл” деп аталады. (З.Қинаятұлы. Моңғолиядағы қазақтар. Алматы, 2001, 163-165-бб.).
3. Бұл оқиға да Кенжебектің өлімімен тікелей байланысты. (З.Қинаятұлының жоғарыдағы еңбегінің 165-б. Қараңыз.).
Моңғолиядағы этникалық қазақ қауымының қалыптасуы

Қазақтың Абақ керей тобы ХІХ ғасырдың соңғы жартысына дейін қаймағы бұзылмай ¤р Алтайды мекендеп тұрды. Ресей мен Қытай (Чин) үкіметінің арасында 1864 жылы “Жуңго-Ресей батыс солтүстік шекарасын тексеріп айыру шарты” деп аталатын естелік хатқа қол қойылып Керейлер тұрған мекен жайына орай екі мемлекет билігінде екі тарап болып қалды. Осыдан болып Керей руларының арасында іштей жылжу басталды. Керейдің кейбір рулары Тау тәңірінің (Тянь-шань) шығыс бөктері, Еренқабырға, Бортоғай, Баркөл, екі Шіңгілге дейін қанат жайды. Деректерге қарағанда бұл тұста Абақ керейдің түтін саны 30 мың, егер бір отбасында бестен жан бар деп есептесек жан саны 150 мың-ға жетті (1).
Абақ керей ауылдарының шеттеп қоныс аудару процессі ХІХ ғасырдың соңғы жартысынан басталды. Жылжу себептерін ішкі және сыртқы екі тарапқа бөліп қараған жөн сияқты. Сыртқы себептері Жоңғар хандығының ыдырауы және 1860 жылдардағы Тайпин және Дүңген көтерілісі қатарлы саяси оқиғалармен байланысты.
1758 жылы Моңғол жерінде Мәнжу Чин билігі біржола тұрақтанғаннан кейін батыс өлкедегі моңғолдарды ішкерілетіп көшіріп Улиастайдағы Шүршіт амбаны билейтін Қобда шебіне қарасты болдырды. Осыған байланысты 1762 жылы Қобда шебінің әкімшілігі құрылды. Әкімшілік шығыс Түркістан, Алтай өлкесін мекендеген Моңғол тайпаларын Моңғол өлкесіне ауа қоныстануына ықпал жасады. Көптеген Моңғол тайпалары Қобда шебінің әкімшілік билігіне өтті.Сөйтіп Жоңғар хандығы тұсында моңғолдар мекенденген батыс өлкесінің өзен сулы құба жон, күрең белдер қаңырап бос қалды.
Академик И.М.Майскийдің есебі бойынша 1918-19 жылдары Моңғол жеріндегі жалпы Моңғолдардың саны 542 мың нан аспайтынын (2) еске алсақ Моңғолия үшін осынау ұлан ғайыр мекенді игеріп кететін жан мүмкіндігі болмағаны белгілі. Бұл мүмкіндікті жерден таршылық көріп бір белдің арғы жағында отырған Қазақтар босқа жіберу мүмкін емес еді. Және ол кезде екі тарап та бір империяның (Чиң) билігінде тұрғандықтан айшықты шекара болмағанын атап өткен жөн.
Қытайда 1850 жылдары басталған шаруалардың Тайпин көтерілісі саябырси бергенде 1862 жылы батыс Қытайдан Дүңген (Хуйху) көтерілісі басталды. Көтеріліс Қытай батыс өлкелерін қамтыды. Көптеген қазақ ауылдары осы қақтығыстың салдарынан жайылым жерінен айрылып жаңа жайылым жер іздеуге мәжбүр болды.
Чин үкіметі 1878 жылы Дүңген көтерілісіне қатысушыларды аяусыз жазалаумен қатар Тайпин көтерілісіне қатысқан шаруаларды Тянь-шань бөктері, Қара ертіс жағасы, Білезік, Алқабек өзені, Шіңгілдің жоғарғы құйғанындағы Қазақ жерлеріне орналастыруы салдарынан қазақ жайылымдары Қытай, Дүңген, Сарттардың егіс алаңына айналып, қазақ жері малына тарлық ете бастады.
Мәнжу Чин әміршісі Алтайда жер тарыла бастағанына байланысты қазақтың кейбір ауылдарын Алтайдан шеткерілетіп Тәңір тау, Еренқабырға, Тарбағатайға қоныс аудару туралы жарлық шығарды. Жарлық бойынша Тәңіртауға қоныстану тізіміне тек Жәдіктен 800 түтін, Қарақастан 150, Сарбастан 200 түтін іліккен екен (3). Көшпенді қазақтар үшін Еренқабырға, Тәңіртауын тастап Қытай, Дүңгенмен қоян қолтық кіргеннен гөрі Қобда асу (Моңғолия) әлде қайда тиімді және мал жанына жайлы болатын. Сөйтіп Алтайдың күңгей бетінде жерден тарлық көре бастаған Абақ керейдің бір тобы Алтайдың теріскей беті, бұрын Жоңғарлар мекендеген кең жайылымға қарай жылжып, бастапқыда тек малын отарлатып, жайлап қайтып жүрді де соңынан қыстап қала беретін болды.
Моңғолия ғалымы Цэвэн Жамсрано “Дархад… Хасаг, Хамнигандардың шығу тегі туралы” атты еңбегінде “Қазақтар алғаш Алтайдың арғы жағына сиыспағандықтан бергі беттен малына жайылым жер іздеп келген екен” (4) деп жазса, Г.Е.Грумм-Гржимайло “¤ткен ғасырда Қара ертістің бойында басталған жер дауы Керейлерді мұнда (Қобда бетіне) қоныс аудармасқа шарасыз болдырды” (5) деп жазады.
Көшпенділер үшін жері тарлық еткеннен әзер ауыр құбылыс ол-жұт жұтымшылығы.
Көнекөз қариялардың естелігі және тарихи жазылымдарға қарағанда 1869 қоян жылы Алтай өлкесінде естен қалғысыз қатты жұт болып, тәмәм мал қырылып халық аштыққа ұшырағаны белгілі. “Осы қоян жылғы жұт бір бөлім елдің мал жағдайымен күн көріс тұрмысы үшін бір қырқаны асып Алтай тауының арғы бетіне қоныс аударуының бірден бір басты себебі деуге болады” (6) деп жазады1994 жылы Шыңжанда басылған “Абақ керей” тарихын құрастырушылар. Қалай дегенмен малына қолайлы, шөбі шүйгін, отын суы мол қоныс іздеуі Абақ керейдің бір тобы Алтайдың күңгей бетінен теріскейіне ауа қоныстануының бірден бір себебі болғандығы соншалықты дау-дамай тудырмайтын мәселе.
Иә жер, жайылым көшпенді Қазақ өмірінің шешуші мәселесі екені рас. Бірақ бел асқан көштің жалғыз себебі жер десек ол да бір жақты қорытынды болмақ. ¤йткені қазақ өмірінде “Жер дауы мен жесір дауы” қашанда бірге жүреді. Осыдан келіп ел асып, бел асып қоныс аударудың екінші бір ішкі себебі туындайды. Ол ру басылары, атқа мінерлер, ауқатты, малды жанды адамдардың шен-шекпен үшін “Үзеңгі қағыстыруынан” туындап отырды.
Патшалық Ресей 1822 жылы Орта жүз, 1824 жылы Кіші жүз қазақтарының хандық құрылымын жойды. Орта жүз қазақтарының мал жаны сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды. Ақ патшаның “Сібір қазақтары туралы жарлығын” дала Қазақ өміріне күшпен жегіп әкімшіліктің ұсақтап басқару жүйесін еңгізді. Елу-жетпіс үй бір әкімшілік ауыл, он-он екі ауыл бір болыс, он бес-жиырма болыс бір өкірікке (округ) бөлініп, ауылды үш жыл сайын сайланатын ауыл ағасы (старшина), болысты әкім (болыснай) басқаруға тиісті болды.
Осының салдарынан Алтай мен ата мекендегі қазақтың әкімшілік бірлігі, ара байланысы үзілді. Алтай қазағы Шүршіт-қытай билігіне түбеселі өтіп олар да Мәнжу- шүршіттің ұсақталған әкімшілік жүйесі негізінде құрылған көпке бимағұлым жұмбақ құрылымға көшті.
1936 жылы “Төрт би төре” деп аталатын әкімшілік жүйесі құрылып, олар “елтірі дауынан ер дауына” дейінгі елдің барлық ішкі мәселелерін шешіп тұруға құқықты болды. Басқару жүйесі ары қарай ұсақталғанның үстіне ұсақтала түсті.
Алтайда барлық қазақты билеп тұрған Ши Хун өкілдігі қазақтарды әуелі “Гар” немесе “Қанатқа” бөлді. Бұл жүйені қазақтың көптеген рулары қабылдамады.
Сөйтіп ақыры Уаң, Тәйжі, Үкірдай, Залан, Зәңгі делінетін бес сатылы ұсақталған билік жүйесі өмірге келді. Әр жүз үй сайын жүз басылары белгіленді.
Әкімшілік басқару жүйесі өте ұсақ болғандықтан ауыл, ел арасында әлсін-әлсін сайлау, белгілеу, бекіту жүріліп, әр сайлау, әр белгілеу сайын халық ру-руымен, ауыл-ауылымен ат сабылтып, айқай шу көтерісіп, кейде қамшы үйірісу жиі көрініс беретін болды. Аталмыш жағдай үлкен аталық пен кіші аталық қақтығыстарынан бастап ру аралық қақтығыстарға дейін апарғаны белгілі. “Басқа рудың ел басыларына “қол бала” болғысы келмеген кейбір кіші рудың атқа мінерлері,- деп жазады “Абақ керей” тарихын құрастырушылар,-руластарын, ауылдастарын бастап басқа өңірлерге ауып барып өзін-өзі басқаруды мақсат етті” (7). Иә бұл қортындымен келісуге болады. ¤йткені “атқа мінерлердің өзара үзеңгі қақтығыстыруы” қазақтың рулық, аталық салты үшін үйреншікті мәселе. Бірақ кейбір тарихшылардың арасында “шен шекпенге өкпелеуді” көштің бас себебі ретінде көрсетушілік байқалады (8). Біз “Моңғолиядағы қазақтар” атты еңбегімізде тиісті деректерге сүйене отырып, мұндай пікірлердің сыңаржақтылығын көрсеткен едік (9).
Кейбір мәліметтерде қоныс аударудың үшінші бір себебін үстем тап өкілдерінің озбырлығы, алым салық қысымшылығына байланысты деп көрсетіледі. Иә қазақтар Мәнжу-Чин үкіметінің қаржысына жылына 1000 жылқы бажы төлейтін. Оның үстіне белгілі адамдардың асына сауын айту, жоғарғы лауазымдылар үшін тарту таралғы жыйнау, руынан адам құнға жығылса құн төлесу, тоғыз жасақтау, дін жолына қайыр зекет беру сияқты ру аралық, ауыл аралық көмескі салықтар болғаны рас. Бірақ жоғарыда аталған алым салықтардың денін ру ішіндегі ауқаттылар мойнына алып отырған. Ал қоныс аударуға келсек ол кедей бай демей ру-руымен, ауыл-ауылымен көшкен көш.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың барлығын жіктеп, жұптап келгенде Абақ керейдің бір тобы Алтайдың теріскей бетіне, Моңғолия жеріне қоныс аударып, жұрт жаңалауының ең бір шешуші себебі- малына жайлы жер, жанына жайлы қоныс іздеушілік пе деген қортындыға келесің. Ал басқа айтылған жайлар менімше тек көмескі себептер болып табылады.
Ал қоныс аудару мерзімі төңірегіндегі деректерді бізге Г.Е.Грумм-Гржимайло, Г.Н.Потанин, А.М.Позднеев, В.В.Сапожников, А.В.Бурдуков және Ц.Жамсрано қатарлы көптеген ғалымдар жазып қалдырды. Деректерге қарағанда аталмыш процесс 1860 жылдардан басталады (10). Елді алғаш Қобда бетіне бастап келгендер: Шерушінің ру басы Жылқышы Ақтайұлы; Жәнтекейдің батыры Көбеш Айтанұлы және Ботақара руының үкірдайы Бардам Сабылдықұлы деп танылады.
Алтайдың арғы бетінен келген Абақ керей ұрпағы Моңғолиядағы қазақтардың негізгі бөлімін құрайды. Мұндағы қазақ тобының екінші бөлімін 1914-1917 жылдары Щуй арқылы Марқа көл, Зайсаннан асып келген Наймандар құрайды. Олардың саны соншалықты көп емес. Тарихта “Моңғолиядағы қазақтар” деп аталатын құбылыс осылайша дүниеге келген еді. Аталмыш процесс (Егер 1932 жылы қазақтың 69 отбасы Моңғолияға асып келген жалғыз деректі айтпағанда) негізінен 1930 жылдардың басында аяқталды. Осыған байланысты тоқталып өтпеске болмайтын бір келелі мәселе ол алғаш Моңғолияға келген қазақтың мал, жанының саны жайлы мәлімет. Бұл туралы тыянақты сан тізім қалдырған адам Моңғол ғалымы Цэвээн Жамсрано. Ол өзінің Моңғолиядағы азшылық ұлт өкілдерінің жай күйі туралы белгілі еңбегінде 1924 жылы Моңғолиядағы қазақтардың түтін саны 1870, әрбір отбасында бестен жан тұрады деп есептесек жалпы қазақтың саны 11220 адам болыпты (11). Ал малының саны жайлы нақты дерек жоқ. Тіптен қайсы біреулердің пайымдауынша қазақтар алғаш Моңғол жеріне “жан сауғалап, таяғын ұстап әзер жеткен” деген ұғым бар (12). Бірақ бұл ұғым шындыққа сай емес. Осы жолдардың авторы Г.Е.Грумм-Гржимайло, Ц.Жамсрано және басқадай ғалымдардың бұл төңірегіндегі үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, қазақтар алғаш Моңғол жеріне 30.000-нан аса қой, 10.000-нан аса жылқы, 6.000-нан аса сиыр, 2.000-ға жуық түйемен келгенін есептеп шығарған. Мұндай малы болмаса қазақтар Моңғол жеріне малына жайылым іздеп келмеген болар еді. Қоныс аударып келген қазақтар үшін қыс-қыстау мәселесі өткір қойылғанына қарағанда көшіп келген қазақтардың малының саны аз болмаған. “Алтайдағы қазақтар үшін қыстау мәселесі дау дамайдың жан жері болды” деп жазды Г.Е.Грумм-Гржимайло (13). Жергілікті көшпенділер қазақтардың қыстап қалуына үзілді-кесілді қарсы болды. Олар қыстау қораларын жыл сайын алмастырып қазақтарға жалға беріп отырған. 1890 жылы Қобданы басып өткен Ресей барлаушысы А.Н.Казнаков осы мекеннен қазақ пен урианхай аралық жер таңбасы-овоо (үйілген белгі тас) кездестірген. “Жердің мұндай таңба белгісі бұрын еш жерде болмаған еді,-деп жазады ол. Қырғыздар (қазақтар) бұрын Ақсу өзенінің жоғарғы ағысын жалға алатын еді. Бірақ соңында екі жақ жер дауымен адам өліміне дейін барғандықтан Қытай үкіметі оларға тиесілі жерлерін еншілеп белгілеп беріпті” (14). Бірақ дау мұнымен шешіле қоймады. Ақыры Мәнжу-Чин үкіметі 1883 жылы Алтайдың теріскей бетіндегі қазақтарды ежелгі қоныстарына қайтару туралы үкім шығарды. Бұл үкімнің ақыры бас алуға дейін апарғаны белгілі (15). Қазақтарға жер беру мәселесі Пекиннің 1891 жылғы Ли-Фан Юан жарлығы, Моңғол Әміршісі Боғда Жабзундамбаның 1911 жылы шығарған жарлығымен қазақтарға олардың өз өтініші бойынша алғаш рет жайылым жер бөлінді. Қазақтар Моңғол елінің азаматы ретінде тұрақтап қалу процессі шын мәнінде осы жарлықтан бастау алады. Бірақ 1912-1914жылдары Батыс Моңғолияда болған “Жалама айдаған” оқиғасы (16) енді-енді қоныс теуіп бой жаза бастаған Қазақ халқының шаңырағын шайқалтып кетті. Жалама дүрбелеңі салдарынан қазақтың бір бөлімі Алтайға, енді бірі Ресейдің Горно-Алтай аумағына уақытша қоныс аударуына тура келді. Бұл оқиға Моңғолиядағы азғантай қазақтар үшін дүйім қазақтың басына 1723-1728 жылдары түскен “Ақтабанды шұбырынды”-мен тепе-тең оқиға болды.
Осылайша қазақтың бір тобы Моңғол жеріне қоныстанып жер-су иемденуге қол жеткізгенімен ол кезде Моңғолдың өзіндік әкімшілік жүйесі қалыптаса қоймағанына байланысты қазақтар 1924 жылға (Моңғолдың алғашқы негізгі заңы қабылданған) дейін өзіндік ру-тайпалық билік жүйесін сақтап қалды.
Абақ керейдің бір тобы Қобда асқан ХІХ ғасырдың соңғы жартысында Алтай өңіріндегі Абақ керей, басқадай қазақ рулары бір гуң, оның басшылығында он бес үкірдай ел болатын. Абақ керейді қазақтың ежелгі салты бойынша Абылай хан әулетінен шыққан Әбілпейіз ұлы Көгедай ұрпағы басқарып келді. 1826 жылы Көгедай дүние салып, орынын ұлы Әжі төре басты. Осы мирас салт бойынша Көгедай ұрпағы аға төрелік немесе гун лауазымынан қол үзген жоқ. 1830 жылдары сайланған төрт бидің төртеуі де Көгедай әулетінен және дені Жәдік, Жәнтекей руынан еді. “Төрт би төре” деп аталатын билік 1883 жылға дейін жалғасып, аталмыш жүйе бір гун, төрт би үкірдай, екі амбы деп аталатын жеті адамнан құрылатын жаңа билік жүйесіне ауыстырылды. Гун мен төрт бидің мұрагерлері аталып екі амбы жаңадан белгіленіп “жетілік билік” жүйесі қалыптасты. Әжі гунның мұрагері гун Қасымхан Әжіұлы, Көкен бидің мұрагері үкірдай Жұртбай Көкенұлы, Топан бидің мұрагері үкірдай Бапы Топанұлы, Бейсенбі бидің мұрагері үкірдай Оспан Бейсенбіұлы, Құлыбек бидің мұрагері үкірдай Нашын Құлыбекұлы белгіленді. Және Найман руынан Дүйзенбет Құмырсақаұлы және Төре, Матай атанған рулардан Оспан Жәнібекұлы амбы лауазымына ие болып, осы жеті адам билік басына келді. Басшылық жүйесі бұдан кейін де үнемі өзгеріске ұшырап ұсақталып реттеліп отырды.
Мәнжу-қытайлық ұсақталған жүйенің үрдісі Алтай өлкесі қазақтар арасына 1909 жылдардан келіп жеткен еді. Бұл тұста Алтайдың арғы, бергі бетіндегі жалпы қазақ біртұтас билікте болатын.
Әуелі 1908-1909 жылы Көк тоғай, Шіңгілді мекендеген Абақ керейдің Молқы руынан Жуанған (Жота қажы) Майтыұлы; Қарақас руынан Бітімші Тілеудіұлы; Сарбас руынан Буратай Белдемшеұлы; Жәнтекейдің Шақабайынан Жапар Тарыұлына тәйжі лауазымы беріледі. Бұларды ел “¦рлық төрт тәйжі” (17) деп атаған екен.
1911 жылдан бастап уаң, тәйжі, үкірдай, залан, зәңгі деп аталатын бес сатылық билік жүйесі қалыптасты. Және аталмыш жүйе бойынша әр жүз үйге жүз басылары белгіленді.
“Уаң” бүкіл Абақ керейді билеген, тек Пекиннен белгіленетін ең басты жүйе болды. Бұл орынды жоғарыда айтқанымыздай Көгедай ұрпағынан шыққандар мұрагерлікпен жалғап келді. Абақ керейдің бір тобы Алтайдан Қобдаға қоныс аударған 1868-1890 жылдарда уаңдық билікте Әжіұлы Қасымхан, 1890-1911 жылдары Қасымханұлы Жеңісхан отырды.
Қарамағындағылардың саны 1000 түтінге жеткен руларға тәйжілік лауазым ұйғарылатын. Моңғолға қоныс аударған қазақтардың ішінен “тәйжі” лауазымына тек Сүкірбай әулетінің қолы жетіп ұрпақтары тәйжілікке мұрагерлік етті. 500 түтінге жеткен руларға үкірдайлық белгі тақты. Моңғолия қазақтары арасынан бұл лауазымға қолы жеткен жалғыз адам Ботағара руының биі Бардам ғана. 200 түтінге жеткен руларға зәңгілік беріліп отырды. Залан лауазымы түтін санына қарамай үкірдаймен зәңгі арасындағы байланысшы лауазым болған (18). Моңғолия жерінде “залан”, “зәңгі”, “зайсан”, “хүнду” лауазымын алған қазақтар әр рудан кездесетін.
Он басы, жүз басы, ауыл басын жоғарыдан ешкім белгілемейтін. Олар ресми шен шекпені жоқ, небәрі ауылдың атқа мінер белсенділері деген сөз. Олардың тек басшы органдардың алдында, немесе түрлі жиындарда ауыл атынан сөз алуға ғана құқы болды.
Ал Қобда Керейінің кіші басшылық жүйесі туралы А.Сарай жазды (19). Оның айтуынша Қобда бетінде Керейдің Шеруші, Жәнтекей, Шыбарайғыр, Молқы, Қарақас, Жәдік, Ителі қатарлы жеті руының тобы мекендеді.
Шеруші, Жәнтекей, Қарақас руы ауыл, жан санына байланысты амбыға тура бағынатын үкірдай әкімшілігінде болды. Қарақас руын Жалама айдаған жылдарға дейін Бітімші, Халел билеп тұрды. Бірақ Жалама дүрбелеңі бұл ауылдардың ұйытқысын бұзып, рулы елін тоздырып кетті.
Жәнтекей руын Көбеш, Шерушіні Жылқышы тәйжі басқарды. Кейін Жәнтекейді Көбешұлы Мұрындық, Мұрындықұлы Байқадам; Шерушіні Жылқышыұлы Сүкірбай, Сүкірбайұлы Дөрбетхан, Дәлелхан басқарды.
Шыбарайғыр сан жағынан аз болғандықтан үкірдайлыққа қолы жетпей бір зәңгі ел болып Жәнтекей үкірдайына қарасты болды. Бұл кеезде Жәнтекейлер Ботағара, Базарқұл, Тайлақ, Қанкелді, Секел делініп бес зәңгіге бөлінетін. Бұлардың ішінен Моңғол топырағында Ботағара тобы біршама тамырланып өсті. ¤йткені Ботағарадан шыққан Бардам, Лайық, Арсалаң, Қожамжар қатарлы өз заманының білікті азаматтары ауылын ауыз бірлікте ұстай білді.
Қазақ өмірінде кесуші сот міндетін билер атқарып келді. Кісі өлімінен бастап ұрлық-қарлыққа дейінгі азаматтық барлық істерді би шешеді. Олар тек некеге тұру, некені бұзу сияқты іске ғана араласпайды. Мұндай істерді шариғат жолымен молдалар немесе діни лауазымдылар шешеді. Мұсылмандық бұл ереже Моңғол қазақтарының арасында 1930 жылдарға дейін жалғасты.
“Би” деген қазақ ұғымында азамат ісінің соты. Бидің міндеті дауласқан жақтың ісімен танысып, екі жақтың пікірін, өтініш арызын айғақтар арқылы тыңдап қолына үкілі қамшы алып кесім, билік, шешім айтады. Билер үкірдайдың басқаруында болған. Даулаушы жақ бидің шешіміне көңілі толмаса, немесе адал шешім емес деп таныса үкірдайға жүгінеді. Үкірдайдың асып айтысу сот міндетін атқаратыны міне сондықтан. Қазақ арасында айыптың бірнеше түрлері болды. Оның ең бір белгілісі- тоғыз. Тоғыз: түйе бастаған, ат бастаған, жамбы (алтын, күміс, монет) бастаған деп үш топқа бөлінеді. ХІХ ғасырдың орта тұсында қазақ арасында болып қайтқан Ресей ғалымы Г.Е.Грумм-Гржимайло, Н.Троновтың белгілеуіне сүйене отырып Алтай қазақтарында түйенің саны аз болған, тіптен түтін басына бір түйеден ілінбейтін деп жазады (20). Осыған байланысты тоғыздың ең ауыр түрі түйе бастаған тоғыз болды. Тоғыз төлемінің құрамына түйе, дөнен, құнан, тай, тайынша, қой, шай, мата кіріседі. Ал жамбы бастаған тоғыздың құрамына жамбы, ат, екі дөнен, екі құнан, екі тай, тайынша кіріссе, атпен басталған тоғыздың құрамына ат, құнан, тай, шай, мата, кіреді. Адам өлтірілсе құн алады. Бұл рулық қатынастың ерекше белгілерінің бірі және “қанға қан”, “жанға жан” деген ұғымды айқындай түседі. Кейбір шежіре, кітаптарда осы бір “қанға қан”, “жанға жан” деген ұстаным бұлжытпай орындалып келген деп айтыла береді. Бірақ істің мәніне терең үңіліп қарар болсақ мұндай істің көпшілігі рудың ұлылары жиылысып, бір-бірінен кешірім сұрасып, ат міңгізіп, айып шапан жабысып, ант су ішісіп соның нәтижесінде істің ақыры көбінде айып төлеумен шешіліп отырған. Және қазақ арасында кісі өліміне баланысты қылмыс сирек кездескен, кездесті дегенде жер, мал, жесір дауынан болып оқыс жағдайларда туындайтын. Құнға оның салмағына қарай 100-200 жылқы төленеді. Айып адамына қарай емес, қылмыстың салмағына қарай салынады. ¤йткені рулық қатынаста құн жоқтаушы жеке адам емес рулы ел болғандықтан іс рулы елдің араласуымен шешіледі.
Басқадай ұлттар сияқты қазақ өзіндік тіл, мәдениеті бар, этнологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан ерекше құбылыс. Қазақ салт-сана, әдет-ғұрып, ахуал тіршілігі жағынан басқаны былай қойғанда көшпенді моңғолдардың өзіне ұқсамайды. Қазақ традиоционалдық қауымдық құрылымда болды, ал моңғолдар бұл жүйені сонау 1206 жылы әскери-бюрократиялық басқару жүйесіне алмастырған. Қазақтар мұсылман дінін тұтса, моңғолдар буддалық наным, сенімде. Екі халықтың да тіршілік көзі көшпенді мал шаруашылығы бола тұра оны бағып-қағу, тұтынуда өзіндік ерекшеліктері бар. Жыл қайыру, табиғатпен табысу салты да өзгеше. Мұндай өзгешеліктер Моңғол жерінде қазақтың Қазақ күйінде сақталып қалуына мүмкіндік берді.
Қазақ және моңғол малының түлігі (генфонд) бір-бірінен бөлек. Мысалы: Керей малының көпшілігі-қой түлігі.Тау арқарының ұрпағы-Керей қойы өзінің генфонд (тұқым қоры) жағынан дүниеде теңдесі жоқ жануар. Ол суыққа төзімді, аса өсімтал түлік. Балдай тәтті сүті бар, керей ауылы жаз айларында қойды екі рет сауады. Қоралы қойды қосақтап сауатын ұлы мирас, қыруар еңбек үрдісі кәзір тек Моңғолия қазақтары өмірінде сақталған. Керейлер тек сүттен қырықтан астам түрлі тағамдар дайындайды. Сусынға қымыз, шұбат айран, іркіт, қатық дайындаса, азыққа құрт, малта, жарма, сықпа, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, ежігей, майлыққа кілегей, қаймақ, сары май, қаймақ майын дайындайды. Бұл тағамдар жылдың төрт мезгілінде ешбір тоңазытқышсыз қоймада, қосалқы үйде сақталады, сапа дәнінен айрылмайды.
ХІХ ғ. орта кезінен бастап Қобда қазағына диханшылық қонып жатақтар пайда бола бастады (21). “Қыран ертістің бойы қырғыз (қазақ) ауылдарына толып кетіпті деп жазады Г.Н.Потанин,- олар да ¤леттердей арпа, бидай егеді екен” (22). Ол кезде қазақтар бидайды кәзіргі өлшеммен 5-6 кг сыйымдылығы бар қазаншамен өлшеген. Бір тоқтысын бес қазан бидайға сатады да бидайын Шарсүмдегі қытай диірменіне айдатып ұн болдырып алады. “Қыран ертісте 10 шақты ұн диірмені болыпты, бұл диірмендер тек Алтайдың оңтүстік баурайындағы қазақтарды ғана қанымдап қоймады, ұн тиеген көліктер Алтайдың теріскейіндегі Қобда өлкесіне дейін жөнелтіліп жатады” (23) деп жазған бұл өлкені 1876 жылы басып өткен Г.Н.Потанин.
Қол өнер, ұсталық, аңшылық және балық аулау деген қазақ шаруашылығының қосалқы түрлері болған. “Абақ керейлердің ең бір кедейлері балық аулаумен күнелтетін” (24) деп жазады Г.Е.Грумм-Гржимайло. Иә Моңғолиядағы қазақтардың еншісіне тиген жерінде мұндай мүмкіншілік бар еді. Кәзіргі Баян-¤лгий аймағындағы 20 дан астам көл, 400- ге жуық өзеннің 80 пайызы балықжай өзен, көлдер. Тұлба көлінде кіші-гірім балық аулау шаруашылығын орнататын мүмкіндігі бар. Бірақ мал бабымен өмір сүріп үйренген қазақ ауылдары балық аулауды тек жаз айларындағы қосалқы шаруашылық, әуесқойлық ретінде қолданғаны болмаса тұрақты кәсіп етпеген.
Дүниенің басқадай халықтары сияқты аңшылық та қазақ тұрмысының қосалқы түрі. Абақ керейлер көмірден дәрі (порох) түйіп, темірден қақпан ие білген. Бірақ қазақ тұрмысындағы аңшылықтың ежелгі түрі бүркіт ұстап түлкі аулау. Бұл салт Моңғолиядағы қазақтардың арасында әлі жалғасып келеді.
Қаншама өндірістік келбетін таба қоймағанымен Абақ керейдің көшпенді ауылында өзіндік қол өнер, ұсталық және ағаш шеберлігі болған. Киіз басу, тері және көн илеу, арқан тарту, сабын былғау қазақтың ежелгі кәсібі. Абақ керейлер табиғи жосамен үй ағашын, рәу ағаш қоймалжыңымен киіз, жарғақ, жүн бояйды. Қазақ мыспен қорғасынды мүсәтір қосып ерітіп темір жамайды, көрік қазақтың ежелгі кәсібі, қазақ арасында темірден түйін түйген ұсталар болған. Абақ керей ұсталары темірден пышақ, ауыздық, қырықтық, қайшы, қысқыш, құлып, топса, балта, балға, тесе, таға, шеге, орақ, қақпан, соқа; күмістен ер тұрман жабдықтап, белбеу, ноқта, жүген, қобдиша, сандық, кебіс, шақша соғып, насыбай шақша, қын күмістеп, білезік, сақина, сырға, алқа және басқадай әшекей бұйымдарын соғады. Ауқатты адамдар керегесінің көгіне дейін күмістеген.
Қазақ ежелден сауданы негізгі кәсіпі етпегенімен сауда саттық қазақ ахуалында кіріккен еді. Қобда керейі үшін сауданың екі түрлі жолы болды. Бірі Қыран ертіс арқылы Қашқарлық ¦йғыр, Қытаймен жасайтын сауда жолы да, екіншісі Қошағаш, Қызылжар арқылы жүретін Ресей сауда жолы. Г.Н.Потанин 1876 жылы Дэлун түбегінде қонақтап жатқан жолында Қашқардан қазақ ауылдарын басып Қобдаға бара жатқан Сарттардың сауда керуеніне кездессе, ертеңінде Тұлба көлінің маңында Қашқарға бара жатқан Қазақ тобына жолығады (25).
1861 жылы Ресеймен Моңғолия аралық сауда көлемі 218167 алтын рубль құраса, 1911 жылы 16,9 миллионға жетті (26). Осы жылдары Қобданың орталығында Орыстың оннан астам сауда дүкені қызмет көрсетіп тұрды. Қобдадағы орыс көпестерінің дені Щуйден келген орыс, татарлар болыпты. Қошағаштағы өткеру кеденінің есебі бойынша 1881-1910 жыл аралығында Ресейден Моңғолияға 62567 топ түрлі түсті маталар жөнелтілген (27). 1891-1915 жыл аралығында ресейден батыс Моңғолияға жөнелтілген бұйымның көлемі екі есе, ал батыс Моңғолиядан Ресейге жөнелтілген шикізаттың көлемі 10 есе өскен (28). Бейскейдің саудагер көпесі Асановтың компаниясының қабарлауына қарағанда ол кезде бір топ дәйлімбінің бағасы 1 руб. 65 коп. болды немесе 4,8 кг жүнге бір шай, 7,2 кг жүнге бір топ мата келеді екен (29). Егер аталмыш бұйымдар қарызға берілсе бағасы екі есе қосылады. Иә, бүгін бұл баға қымбат немесе арзан деп бір жақты қортынды жасай салу оңай емес, әйтеуір осы кезден бастап орыс бұйымдары арқылы қазақтың тұтыну заттарының жүйесі қалыптасты және орыс заттарының сапасы жоғары, құны тұрақты болды. Екі ел арасындағы сауда саттық кәсібінің етек алуына байланысты 1911 жылы мамырда Қобда орталығында Орыс консульдығы ашылды.
Қобданың жергілікті базарында қазақтар өз орынын ала бастады. “Қобда базарында Қазақ пен ¤збектер (мұнда ¤збектер деп ¦йғырларды айтып отыр. Қ.З.) оюлы сырмақ, кепеш, сияқты заттарды саудалайтын еді. Олар (қазақтар) кестелеу, сырып тігуге келгенде алдына жан салмайтын” (30) деп жазады Моңғол тарихшысы Д.Гонгор.
Қазақтар тұтынатын негізгі заттарын Қытай және Ресеймен сауда қатынасы арқылы айыратын. Бөке Жырғалаңұлы қазақтардың Шонжыдағы сауда өкілі (шаңыяа), ал Үйсіпхан Қызылжарға сауда өкілдігіне аттануы аталған елдермен сауда қатынасының тұрақты түрде дамуының белгісі десе болғандай. Экономикалық қатынастарға байланысты бажы жүйесі қалыптасты. Цин үкіметі қазақтар бажыны (салықты) малдай алып отырды. Керей мен Наймандар жылына Цин үкіметіне жылына 1000 жылқы қаржы төлеп отырды (31). Қазақ бұл салықты “Сары ноқта салығы” деп атапты. ¤йткені белгіленген жерге ауыл-ауылдан жылқы жиналып келу үшін алғашқы келген жылқы ұзақ байланғандықтан сұсы қашып түгі жығылады және салық төленетін мерзімде ауыл арасында сары ноқта қанжығалаған шабармандар қаптап кетеді екен. “Сары ноқта салығы” деген ұғым осыдан қалса керек. Салық көлемін Ресей рублінің сол кездегі құнымен түтін басына шаққанда 1 сом 50 тиыннан келеді екен. Әрине, кәзіргі есеппен қарасақ аз демеске шара жоқ. Бірақ бұл сол кездің салмағымен екі қозылы қоймен тең. Әр түтін басына 13 тен келетін қойдың жыл сайын екеуін беріп отыру қалай оңайға түссін. Сары ноқта алманы (салығы) Қазақ 1912 жылы Моңғолия басшылығына өткеннен кейін тоқталды да оның орнына жайылым жалдағаны үшін Урианхайларға жылына 100 қарадан бір қара, 100 ұсақтан бір ұсақ (қой немесе ешкі) салық төлейтін болған.
Қобда Керейі қаншама саны аз, көшпенді өмір сүргенімен әрқашан да өнерден кенже қалған емес. Олар өз харакет бисмилласымен қатар өзіндік әдебиеті мен мәдениетін жасады. Қобда қазақтарының өнері көшпенділер өркениетінің жалғасы, жалпы Қазақ әсіресе Керей әдебиетімен өнерінің бір үзігі. Бұл ешкім ойдан жасамаған, өмірден өзінен-өзі туған өнер. Керей қауымының көшпенді мал шаруашылығы, күнмен бірге шығып, аймен бірге батқан дала өмірі, табиғатпен бетпе-бет ашық айқасып өмір сүру көшпенділердің өмірімен өнеріне өзіндік бет бейне береді. ¤йткені көшпенділерде табиғатпен етене бір жақындық, үндестік бар.
Оның үстіне Моңғолиядағы азғантай қазақ ежелгі ұлы көшпенділердің бүгінгі тірі жалғасы және куәсі. Қазақтың бұл бөлімі күні бүгінге дейін үнемі көшумен келеді. Қазақ көші деген арқалайтын жүгі тым ауыр, азан-қазаны мол құбылыс. Оның үстіне 1870 жылдары Алтайдың бір бетінен екінші бетіне, бір елден екінші бір елге асып жатса қайдан оңай болсын. Жаңа қонысқа қашанда қазақтың жылқысы кісінеп, қой қозысы шулап жететіні міне сондықтан.
Моңғолиядағы қазақтардың өз “Ақтабанды шұбырынды, Алқакөл сұламасы”, өз “Елім-айы бар. Бұл 1912-1914 жылдары басынан кешірген “Жалама айдаған” жылдары.
Жер дауы, жесір дауы үшін өзіндік “қамшы үйірісуі”, “үзеңгі қағыстыруымен” бас алу, шаш алуы бар: 1889 жылғы Жәдікпен Шеруші қақтығысы, 1891 жылы Асылбек, 1919 жылы Қиюбайдың қаза болуы, 1920 жылы Қылаңның басын алу, 1921 жылғы Дөрбетхан, Мұқан, Әубәкір, Шабанның өлімі дүйім елді болмаса да марқұмдардың өз ауылын шуылдатып кеткен оқиғалар. Қазақтың “өз бетімен өлімге аттануы” дегені тағы бар. Ол қажыға бару еді. Моңғолиядағы қазақ арасынан 1908, 1926 жылы екі топ “Жаназа, намазын оқытып, ағайынмен арыздасып, қоштасып” қажыға аттанады. 1908 жылы қажыға аттанған топтың санаулысы ғана аман есен оралған.
Қазақ өмірге қапаланғанда, өмірмен қоштасқанда қызыл тілге ерік берген, басқаға кеткен намысын тілмен қайтарған халық. “¤нер алды қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Жоғарыда аталған оқиғалар қазақ күйінің жоқтау, сағыныш сарынындағы жаңаша түрін әкелді. Осынау күй, жырларда ұлт кіндігінен бөлініп жарылудың кесірін, ағайын аралық алауыздықтың зардабын, ағайыннан тірідей, арыстарынан өлідей айрылған тағдырға қабырғасы қайыса ерекше бір зарлы үнмен жырлайды. Бұған қазақтың қара домбырасымен сыбызғы, сырнайы келіп үн қосады. Осылайша халық өнері өмірге келеді.
Ақын Қ.Тауданбек, Б.Төлебай, Қ.Жолды, Б.Отарбай, Қ.Мешел, Ш.Жеңсікбай, Т.Бұрқасын; күйші М.Бердібай, А.Исабай, Сағынбай, С.Сағынған, Доланбай, Тоғай, Аққожа; сыбызғышы Ш.Құмақайлар ХІХ-ХХ ғасыр алмасу дәуірінде Қобда қазағының ортасында өмір сүріп, сол халықтың күнін жоқтап, жырын жырлаған жандар. Сол замандағы ақындардың өлеңдерімен халықтың қара әуезінде ¤р Алтай, ондағы артта қалған ағайын туыс, ел мен жерді сағынып, сарғаюшылық сарыны басым.
Қобда керейінің арасында жазба ақындық, төкпе ақындық, айтыс ақындық үлгісі қазақтың ұлы тамырымен жалғасып Қобдаға Алтай асып бірге келіп, бірге жасасты. Қобда қазақтары арасындағы жазба ақындықтың үлгісін Ақыт қажы Үлімжіұлы Қарымсақов қалдырды. Ақыт қажы Алтайдың екі бетіне де белгілі адам. Оның көптеген өлең жырлары Ақыт Қобда бетінде өмір сүріп тұрған кезінде туды. Ақыт қажының Алтай, Қобда бетіне, халық арасында ауыздан ауызға тарап күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан тәмәм өлең жырларын былай қойғанда ақынның “Қисса-и-Ғабдул Мәлік” дастаны (1909), “Ахуал-қиямет” насихат толғауы (1908), “Қисса-и-Минахіб пиран Ғазиз ан” дастаны (1909 қатарлы белгілі дастан қиссалары Ақыттың Моңғолияда өмір сүріп тұрған тұсында Қазанда жарық көрді. Ақыт қажыдай ақын, діни ғұламаның Қобда бетіндегі қазақтар арасында өмір сүруі қазақтар үшін үлкен мектеп болды. Б.Ақылбай, Т.Нәжікеш, І.Оңашыбай, Ә.Күрішхан қатарлы ақындар осынау “мектептің” немесе Ақыттың ақындық үлгісінің түлектері.
1912-1914 жылғы “Жалама айдаған” оқиғасы Қобда қазағы әдебиетінде өшпес із қалдырды.
Қазақ қайда жүрсе де ежелгі қазақ салты, қазақ тамырымен жалғасқан рухани өмірінен еш қол үзген емес. Қобда қазақтарының арасында жалпы қазаққа тән көптеген ән, күй, жыр, ертегілер айтылып келді. “Қобланды батыр”, “Ертарғын”, “Қамбар батыр”, “Арқалық”, “Шәкім Шәкірт”, “Үйсіпхан” жыры, “Мың бір түн”, “Ер Төстік”, “Тазша бала хиқаяларын” жатқа айтатын көкірек шежірешілер көп болды және жоғарыдағы халық туындылары ел арасында жазба түрінде де кездеседі.
Қобда бетіндегі қазақтардың халық қазынасын жинақтап бүгінгі күнге дейін жеткізуде Орыстың саяхатшы ғалымдары Г.Н.Потанин, Г.Е.Грумм-Гржимайло елеулі рөл атқарды. Олардың қай қайсысы Батыс моңғолия, Қытайды зерттеу жолында Қобда қазақтарының тарихы, өмір салт, тұрмысымен танысып қана қоймай халықтың ауыз әдебиетімен мәдениетін зерттей жүрді. Көптеген ән күй, ертегілер, аңыздарды халық аузынан жазып алынды. Г.Н.Потаниннің “Солтүстік батыс Моңғолия жайлы мақалалары”, Г.Е.Грумм-Гржимайлоның “Батыс Моңғолия және урианхай шебі” атты еңбегі, аталмыш екі ғалым және В.В.Сапожников, А.В.Бурдуковтың белгілеу мақалаларына сүйене отырып, академик Б.Я.Владимирцовтың 1921 жылы Петроградта бастырған “Моңғол әңгімелерінің жинағы” (Монгольский сборник рассказов) атты еңбегінде Қазақ ауыз әдебиеті төңірегінде сөз қозғайды.
Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинақтап оларды жалпы Қазақ әдеби қорына қосу ісіне тіл білімінің докторы Қабидаш Қалиясқарұлы және Нұрлан Қабидашұлы, жазушы Қ.Соян елеулі еңбек етіп келеді.
Моңғолия қазақтарының арасында айтылатын халық әндері көп-ақ. Сазгер күйші Қабыкей Ақмерұлы, ақын Имашхан Байбатырұлы, сазгер Мүсәйіп Құсайынұлының жинақтап басқаруымен 1965, 1972, 1983 жылдары Баян-¤лгийде жарық көрген “Моңғолия қазақтарының халық әндері” атты жинақта 500-ге жуық ән кірген. Осынау әндердің саз сарыны, өлеңінің сөзіне қарағанда көпшілігі әйгілі “Елім-ай”-дың жалғасы, оны жаңаша қайталау іспетті. ¤йтпей қайтсын, көпшілігі Қобда асу, ежелгі ата мекен елін сағыну, Жаламадан жапа шеккен қазақ өмірінен туындаған.
Қобда күйшілерінің тартқан күйлері де Керей күйінің бір үзік жалғасы. Қобда бетіндегі қазақтардың ән күйін жинақтауда Қабыкей Ақмерұлы, Ахметбек Қисықұлы, Сақай Қарсыұлы елеулі еңбек етті. А.Қабыкей, Қ.Ахметбек жинақтап 1972 жылы бастырған “Моңғолия қазақтарының әндері”, К.Төлеухан, Т.Ысқақтың “Баян-¤лгий музыка мәдениеті” (¤лгий. 1981), Қ.Сақайдың 1991 жылы ¤лгийде бастырған “Күмбірлі күйлер керуені” атты естелік әңгімелер жинағы Моңғолиядағы қазақтардың ән күй өнерінің үрдісін зерттеу үшін аса құнды материал болып табылады.
1930 жылдарға дейін мұсылман діні Моңғолиядағы қазақтар арасында, олардың рухани өміріне елеулі әсер етіп келді. 1910-1920 жылдары Қобдадағы ¦йғыр мешітін айтпағанда көшпенді қазақтар арасында екі мешіт (Аққол және Соғақтағы) жұмыс істеді. Бұл тұста аты әйгілі мектеп, медресе болмағанымен діни тілашарлар ауыл сайын дерлік бар болатын. Атақты Күдері, Жәлел, Дөңтай, Тілеуберді, Қылыш молдалардың өз қолынан балалар тағылым алатын.
Алғаш Қобда асқан қазақ ауылдарының бірі Ботағара Бардам бидің немере туысы, екі дүркін қажыға барып 1908 жылы сол қажы жолында дүние салып, Мекенің Мәсжид-үл-ћаранның түбіне жерленген Сөлтекұлы Бата (Лайық) қажы, 1891 жылы ақын, діни ғұлама Ақыт қажы Үлімжіұлын әдейі шақыртып, өз ауылында (Дэлунде) діни мектеп аштырады. Ол Қобда бетінде 1891-1910 жылдар арасында 20 дай жыл тұрып бала оқытты.
Моңғолияға қоныс аударған қазақтар арасынан өз жүрек қалауымен саналы түрде ұйымдасқан екі топ қажылық сапар шекті. 1908 жылғы алғашқы топқа Лайық (Бата), Сайыр, Қанжар, Оразбек, Сүлейман, Ақынбек, Қойбағар, Ақыт қатарлы сегіз адам барды. Бұл сапарда Лайық қажы және үш адам шейіт болып, қалғаны есен аман ел, жеріне оралған көрінеді. 1926 жылы екінші рет Мікеш, Салданбай, Мәми, Қамза, Ниязбек, Дүзбен, Әубәкір қатарлы жеті адам қажыға аттанып, алтауы жол азабынан қажылық жолында шейіт болып, тек Әубәкір қажы Индия түбегімен Калькутта арқылы бес ай жол жүріп ел жұртына әзер дегенде оралыпты. Бұл ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі инфраструктурасының өлшемімен аса күрделі сапар болатын. Моңғолияның батысынан қажыға барушылар Қызыл Үй-Бийск арқылы Саратовқа жетіп, Одесса-Батумды басып Адриатика-Мрамор теңізі арқылы Жиддаға өтетін. Аталмыш сапарда көшпенді тау қазағы көз көріп, құлақ естімеген көптеген жағдайларға тап болатын. Сондықтан қажыға барушылар ел, жерімен қоштасып, қайсы бірі жаназа намазын оқытып, ақырет кебінін түйіп алып аттанады екен. 1928 жылы Тапал, Шәкірт, Ақыжан бастаған топ қажылық сапарға аттануға іштей дайындалып, сақадай сай отырғанымен замана саясаты өзгеріп салуына байланысты бұл жолғы сапар іске аспаған. Қажыға барған және баруға бел байлап мұсылмандық бес парызының бірін адал атқарған осынау жандар түгелдей дерлік Моңғолия жерінде 1937-1938 жылдары болған қызыл нәубәттің құрбанына шалынды. Сөйтіп 1928-1990 жыл аралығында қажылық сапар жолы жабық болды.
Қобда қазағының мәдениетінің ең бір еңселі бөлегі-қол өнері. Бұл да қазақтың көшпенді шаруашылық салтына байланысты. Көшпенді өмірде үй жай, шаруашылыққа қажетті заттар, ер тұрман, киім кешек барлығы да қолдан жасалады және олар көшпенді өмір сұранысына сай келеді. Нағыз көшпенді өмірде отырықтылар үшін жасалған бұйымдар көшпенділер өміріне сай келмейді. Осы сұраныс қол өнердің көшпенді өмірге ықшам барлық түрін талап етеді. Ол қол өнердің темір ұсталығы, ағаш шеберлігі, тоқыма, сырыма, қаптама, саптама, терме, зергерлік, құрақ құрау, түйін түю, ою оюу, қию қиюу, түзеу, ырғылау, иіру сияқты түрлері. Мұнда аталған қол өнердің бір түрінің талай-талай сырымен қыры бар. Қол өнердің бұл түрлерін анасы қызына, әкесі ұлына бала жасынан үйретеді, баулиды.
Сөйтіп Моңғолиядағы азғантай қазақтардың харакет бисмилласы, рухани өмірі қаншама күрделі болғанымен олардың аға ұрпағы қол қусырып қарап отырмады, қазақы табиғи ерекшелігі бар өз өнерін жасады. Қолдарынан келгені бар, келмегені бар демесек ондағы кәзіргі қазақтың аға буын ұрпағы келешек ұрпағының қамы үшін қан төгіп қонысын тыянақтады, тер төгіп еңбек ете жүріп әнін айтып, күйін шертумен болды.
Сөйтіп Моңғолиядағы қазақтар 1921 жылы басталған “Халық төңкерісі” деп аталатын заманға тап болған еді.
Төңкеріс дүрбелеңі қазақтар үшін оңайға түскен жоқ. ¤лкеде орын алған қызылдар қырғыны кезінде гүнд Қылаң, Шабдан, Әубәкір, Дөрбетхан, Мұқан қатарлы ел азаматтарының басы алынды. 1921 жылы Ақтармен Қызылдар арасындағы Тұлба көл шайқасы осы өлкеде болып өтті. Халық ол оқиғадан да зардап шекті. Жұрт саяси дүрбелеңге ұшырады.
Замана сәл тиыштала бастаған 1924 жылы Моңғол мемлекетінің алғашқы құрылтайы шақырылды. Құрылтайға Шеруші хошудынан Тауданбекұлы Дәуітбай, Молқы Қошақтан Ибраћим, Ботағарадан Қанафиялар қатысты. Мемлекеттің алғашқы құрылтайына қатысқан қазақ өкілдері осы сапарында Коминтерннің Моңғолиядағы өкілі Тұрар Рысқұлов, құрылтайға Қазақстан атынан қатысқан Қангельдиновпен танысып, құрылтай кезінде ақыл жәрдем алып тұрады. Тұрар Рысқұлов 1924 жылдың ақпанынан бастап коминтерннің атқару комитетінде қызмет істеп, осы жылдың орта шебінде коминтерннің өкілі ретінде Моңғолияға келеді. Ол Моңғолияда болған кезінде Моңғолияның алғашқы негізгі заңы, үкіметтік ұлт саясатының негізін жасауға өз қолқабысын тигізді. Моңғолияның астанасы “Да хүрээ”-нің атын “Уланбатор” деп жаңашалауға Т.Рысқұловтың тікелей қатысы бар. Осы кезден құрылтайда үлкен саяси белсенділік көрсетіп, Моңғол халқының алдында Қазақ деген халықтың алғаш бетін ашқан адам Тауданбекұлы Дәуітбай. Ол 1873 жылы Даянда халық ақыны Тауданбектің жанұясында дүниеге келген. ¤зі күйші, сөзге шешен болған. Оқығаны шамалы болғанымен ерте хат танып, ат үстінде ел аралап жүріп халық арасында бедел алған адам. 1921 жылы Тұлба көл оқиғасына қатысып, К.Байкаловтың жолдаған хатын Қошағаштағы қызыл әскер штабына табыс еткені үшін К.Байкаловтан алғыс алған. 1924 жылы алғашқы құрылтайға қатысып, бес дүркін жарыс сөзге шығып, астананы “Уланбатор” деп атау туралы коминтерннің өкілі Т.Рысқұловтың ұсынысын қызу қолдаған. Т.Дәуітбайдың құрылтайда сөйлеген сөзінің ең құндысы Моңғолдағы қазақтардың жағдайына байланысты қойған қысқаша баяндамасы. Т.Дәуітбай баяндамасында қазақтың Моңғол жеріне келуі және Моңғол үкіметіне қарасты болғаны туралы бұлжымайтын тарихи мәлімет берген. Ол құрылтайда сөйлеген сөзінде ұлт мәселесіне тиісті мән берілмей келгенін сынға алады. Жалпы Моңғол жұрты Қазақты танып білуіне мемлекеттік алғашқы құрылтайда Т.Дәуітбайдың сөйлеген сөзі, Т.Рысқұловтың саяси іс әрекеті үлкен ықпал етті деп айтуға толық мүмкіндік бар. Осының нәтижесінде 1930 жылдарға дейін қазақ арасы саяси дүрбелеңнен тыныш болды. Бірақ бұл ұлы бұрқасын алдындағы тымырсық екен. ¤лі тыныштықты 1929 жылы “Дәлелхан қашқан”, 1932 жылы “Бөкеұлы Рәбай Моңғол асқан”, 1934 жылы “Кенжебек айдаған” оқиғасы бұзды. Аталмыш оқиғалардың әсерінен моңғол арасында қазақтарға үдере қараушылық пайда болды.
Шеруші ру басы Сүкірбайұлы Дәлелхан 1904 жылы Моңғолияның кәзәіргі Баян-¤лгий аймағы Цэнгэл сұмынының мекені Даян көлде дүниеге келді. 1921 жылы батыс Моңғолияда қызылдар дүрбелеңі басталғанда “Қызылдармен тіл табысуға әрекеттенген” деген жаламен туысқан екі ағасы Дөрбетхан, Мұқа, Дәлелхан үшеуі ақ гвардияшыл генерал Бакичтің қолына түсіп, екі ағасы жау қолында атылып, өзі әзер тірі қалады. 1922 жылы шеруші хошунының әкімшілік төрағалығына тағайындалады. 1928 жылы желтоқсан айында Уланбаторда шақырылған мемлекеттің V құрылтайына өкіл ретінде қатысып “Феодалдарды тап жүзінде көзін жою” туралы құрылтай шешімінің куәсі болады. Құрылтай шешіміне іштей наразы болған ол 1929 жылы Алтай асып кетеді. Дәлелханның Алтайға барғаннан кейінгі атқарған ісі тарихи және әдеби еңбектерде біршама жазылды. Ол Шыңжанға барғаннан кейін 1941- 42 жылдары Кеңес үкіметінің саяси тапсырмасымен Қазақстанда әскери дайындықтан өтті. 1943 жылы осы сапарынан Моңғол арқылы Шыңжанға қайтқан жолында Моңғолия мемлекетінің қолбасшысы Х.Чойбалсанмен жолығады. Шыңжанға барысымен Шығыс Түркістан үкіметін құруға белсене қатысып Шығыс Түркістан үкіметінің төрағасы, әскери қолбасшысы болады. С.Дәлелханның өмірбаянында оның 1949 жылы 27 тамызда бір топ саяси серіктестерімен ұшақ апатынан жұмбақ жағдайда дүние салды делінген. 1932 жылы біз жоғарыда атап өткендей ¤р Алтай, Еренқабырға, Боғданы шуылдатқан әйгілі Бөке Жырғалаңұлы Рәбай бастаған бір бөлім ауыл Шіңгіл арқылы Моңғолияға асып келеді. 1994 жылы Шыңжанда Іле баспасынан жарық көрген “Абақ керей” жинағында бұл ауылдың санын 700 түтін деп көрсеткен (32). Ал Моңғолия архив материалдарына жүгіпсек 1932 жылы 4-желтоқсанда Кәрібай, Төрехан, Түсіп, Ілияс, Шәйімхан, Құрманқожа, Шегір, Ақатай қатарлы бір топ адам өздерін Моңғолия азаматтығына қабылдануын өтініп жазған өтініші және оны қабылдап, кіші құрылтай басқармасы қабылдаған жарлығында түтін саны 69, жан саны 315 деп көрсеткен (33).
Сөйтіп Алтайдан Моңғолияға қоныс аудару 1940 жылдарға дейін немесе “Аж Боғдадан Байқадам ауылы келген” оқиғаға дейін жалғасты.
1930 жылдарға дейін жалғасқан саяси дүрбелеңдерді енді феодалдардың мал мүлкін тәркілеу науқаны жалғастырды. Орталық моңғолияда 1922-23 жылдары басталған тап жауларының көзін жою үшін күрес Қазақ өлкесіне араға 15 жыл салып 1937 жылдары келіп жетті. 1937 жылы көктемнен бастап партияның белсенділері Ішкі істер жансыздарының тікелей араласуымен қазақ арасынан ұсталатын адамдардың құпия тізімі жасалды. Тізімге әу баста ірі молдалар, баймен билер, үкімет белсенділері, руы Наймандар қамтылды. Молдалар қамтылатыны халық арасына төңкерісшіл насихатын уағыздауға көлденең тұрады, баймен бидің қамтылатыны олар жеке меншікті қолдайды, үкімет адамдарының қамтылатыны олар ертеңгі күні халықтың арасына іріткі салуы мүмкін, ал руы Наймандар қамтылатыны олар “Ресейдегі қазан төңкерісінен қашқандар” осылардың тұқымын құртпасаң ертең Қытай асып кетуі мүмкін- міне саясат қисыны осы. Қаралы тізімге іліккендер кешікпей ұсталып Қобдаға айдалып сонда ешбір сотсыз атылды.
Бұл кездің архив материалдары толық сақталмаған, сақталған бірлі жарымды материалдар 1960 жылдары жеке адамға табынушылық сын тезіне ілігіп тексеріле бастағанда белгісіз жағдайда жойылған. Бүгін бұл төңірегінде ресми сан айту мүмкін емес. Тек Ішкі істер министрлігінің белгісіз бір баяндамасынан көзге шалынған бір ғана дерекке көз жүгірткенімізде 1927-1938 жылдары саяси жазамен 3270 қазақ атылған. Егер бұл дерек рас айтса 1937 жылы Моңғолияда 23229 (34) қазақ болғанын еске алсақ әрбір 7,6 қазақтың бірі саяси құрбандыққа шалынды деген сөз. Бұл қазақ үшін мал мүлкі тонауға түсіп, көзі ашық ел азаматтары құрбандыққа шалынып, қайсы бір топтары ауылымен шулап жетім қалып зар еңіреген жылдар еді.
Моңғолдың революцияшыл Халық партиясы коминтерннің ықпалымен 1922 жылы Моңғолиядағы саны аз ұлт өкілдеріне арналған үндеу қабылдап онда ұлт өкілдерінің тең құқығы қамтамасыз етілетіндігін жария еткен болатын. Бірақ 1921-1930 жылдары орын алған саяси дүрбелеңдер бұл саясатты іске асыруға мүмкіндік бермеді. Тек 1930 жылдары қалыптаса бастаған саяси тыныштық ұлт мәселесіне бет бұруға мүмкіндік берді.
1931 жылы бұрынғы төрт аймақ, екі шептік (край) жүйенің орнына 13 аймақтық құрылым орнықты. Қазақтардың екі хошуны жаңадан құрылған Қобда аймағына қарады. Қазақтар Қобда қарамағында болған тоғыз жылда (1931-1940) аймақ әкімшілігі онда тұратын қазақ қатарлы кіші-гірім ұлт өкілдерінің ахуал, тұрмыс, әлеуметтік күн көрісін жақсарту және ұлттық салт сана, мәдениет үрдісін жетілдіре түсуге бағытталған бірер шаралар қолданды. Елді мекендерде қазақ тілінде оқитын бастауыш мектептер құрылды. Адам және мал дәрігерлік, сауда нүктелерін құрып, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ісін жолға қоюға бағытталған біршама істер атқарылды. 1936 жылы Қобда қаласында “¦лттар клубы” құрылды. Осы клубтың негізінде келешек қазақ театрының ірге тасы қаланды. Осы клубтан өсіп шыққан қазақ өнерпаздары кейін Баян-¤лгий Қазақ драма театрының шаңырағын көтерді. Моңғол үкіметінің 1939 жылы 28 ақпан күнгі жиналысы және мемлекеттік кіші құрылтайдың №17 қаулысы бойынша Қобда аймағындағы қазақтардың білім мәдениет ісін Қазақстанның жаңа латин жазуы арқылы жүргізу туралы шешім қабылдады (35). Қазақтар бұдан бұрын істі Араб жазуымен жүргізіп келген болатын. Аталмыш шара қазақтардың білім мәдениетін алға бастырған қадам болды. Осы жылдарда қолданылған шаралардың ішінен үкімет және мемлекеттік кіші құрылтайдың 1938 жылы 28 маусымдағы біріккен жиналысының №50 қаулысын ерекше атап өткен жөн. Мұнда Қобда аймағындағы қазақтардың саяси-әлеуметтік хал жағдайы туралы мәселе қаралып:
– Қазақ, Урианхай ұлт өкілдеріне өзіндік жер бөліп беру,
– Ондағы хошундарды (район) өзгертіп сұмын жүйесін құру,
– Адам және мал дәрігерлік, сауда нүктелерін құру, халықтың қол өнерін дамытуға жәрдем көрсету.
– Мұғалімдер дайындайтын және адам, мал дәрігері, есеп шот мамандарын дайындайтын оқу орындарында қазақ тілінде бөлімдер ашу туралы шешім қабылдады (36).
Осы белгіленген шараларды іске асыру жөнінде МХРП-ның Орталық комитеті басқармасының №27, үкіметтің №50 санды жиналысының шешімі бойынша ұлт өкілдерінің хал ахуалымен саяси әлеуметтік жағдайын жетілдіру саясатын іске асыру ісіне жауап беретін әдейі комиссия құрылды. Бұл тұста қазақ отбасының саны 1873, адам саны 23229 және от басына шаққанда 500-654 бас мал бар еді. Аталмыш комиссия осы жағдайды еске ала отырып, Қазақтарға Урианхайлардың мекенінен 21075, Дөрбеттен 1385 шаршы км. жер бөліп Қазақтарды 7 сұмын, 45 бақ (жергілікті әкімшілік жүйесінің алғашқы звеносы) болғызып ұйымдамтырды. Ол кезде Моңғолда бақ шамамен 50 отбасынан тұратын. Кәзіргі Баян-¤лгий аймағының географиялық аумағының негізі осылайша қаланды.

“Моңғолия қазақтары” кітабынан.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑