banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2019-08-29_15-49-42

Қосқан уақыты Тамыз 29, 2019 | 80 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мүгедектерді банктерден несие алуға мәжбүрлейтін медициналық клиникалар бар екен

photo_2019-08-29_15-50-37 photo_2019-08-29_15-50-18 photo_2019-08-29_14-54-47photo_2019-08-29_15-49-42 photo_2019-08-29_15-17-20 photo_2019-08-29_15-17-43 photo_2019-08-29_15-49-37 photo_2019-08-29_15-16-29 photo_2019-08-29_15-16-57 photo_2019-08-29_15-16-37 (2) photo_2019-08-29_15-16-26 photo_2019-08-29_15-16-19

 

Мүгедек жандарды алдап, ақылы ем үшін банктерден несие алуға мәжбүрлейтін медициналық клиникалар да бар екен. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Бостандық аудандық фронт-офисінде Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық қабылдауында белгілі болды. Қабылдауға қатысқан заңгер-медиаторлар олардың мәселелеріне араласатын болды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинетімен бірге 2019 жылы 29 тамыз күні Алматы қаласы, Бостандық аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Келісім» атты азаматтарды қабылдау күнін өткізген болатын.
Шара мақсаты – қала тұрғындарының түйткілді мәслелерін тыңдау, әртүрлі даулардың, ұлтаралық түсініспеушіліктердің, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, туындаған әртүрлі жағдайлар бойынша заңдық, құқықтық тұрғыда және мемлекеттік қызмет алуға қатысты кеңестер беру.
Қабылдау барысында көршілер арасындағы жер дауы, әкелік құқық мәселесі, азаматтык некеде өмірге келген ортақ бала жағдайы, үйге кезектің жылжымауы, жолдасы мүгедек, баламен үйде отырған ананың әлеуметтік жәрдемақы ала алмау фактісі, ата-ана мұрасын бөлісу мәселесі, медициналық клиникалардың мүгедек адамдарды алдап, ақылы ем үшін банктерден үлкен сомада несие алуға мәжбүр етуі және басқа тұрмыстық жағдайларға қатысты 30-ға жуық адам сұрақтармен жүгінді.
Тұрғындар сұрағына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Турдуев Шавкет Метхатұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Бостандық фронт-офисінің басшысы Ұйкасбаева Айнур Бейсебайқызы, Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинеті «Ариана» ауған орталығының басшысы Ахмадулла Васток, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының қызметкері Ләззат Игісін, Халықаралық құқық қорғау орталығының медиаторлары Марниц Олег Георгиевич, Мединеева Гүлжан Бекжанқызы, Үсенова Зылиха Сейдуалиқызы жауап беріп, кейбір мәселелерді сотқа жеткізбей шешуге көмек көрсететін болды.
Келесі мұндай қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алатау аудандық фронт-офисінде 4 қыркүйек күні, Медеу аудандық фронт-офисте 6 қыркүйек күні сағат 11-ден 13-ке дейін өтетін болады.
Аудан тұрғындарын, толғандырған сұрақтарына жауап алу үшін, қоғамдық қабылдауға шақырамыз!





Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑