banner-top12

Керек кеңестер 89877

Қосқан уақыты Қазан 29, 2015 | 574 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары үйінде қызмет көрсетеді

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта туғызуға баса назар аударылып жатқандығы белгілі. Осы мақсатта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының да қосқан үлесі зор. Алматы қаласы бойынша жалпы саны 191 мемелекеттік қызмет түрін көрсететін орталықтарда мүмкіндіктері шектеулі жандарға қолайлы жағдай туғызылған. Есік алдындағы пандус пен шақырту қоңырауынан бастап, арнайы жеңілдік терезесі мен есту сөйлеу қабілеті төмен жандарға ымдау тілін білетін қызметкерлерді де даярлағаны мәлім. Бұл жағдайдың бәрі өздігінен жүріп-тұра алатын жандар үшін болса, ХҚКО-ға өзі келе алмайтын жандар қайтпек деген мәселе туындады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартында кез-келген өтініш беруші немесе оның ресми өкілі ХҚКО-ға өзі келуі тиіс, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл талаптарды орындау кей жағдайда қиынға соғатын болғандықтан ХҚКО қызметкерлері өздері келіп, азаматтың үйінде қызмет көрсетуі жайлы шешім қабылданған болатын. Осыған орай бүгінде әрбір 1-2 топтық мүгедектігі бар азаматтар ХҚКО қызметтеріне үйінде отырып-ақ тапсырыс бере алатын жағдай жасалған. Ол үшін қысқа нөмірлі «1414» біріңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы өзі жайлы ақпарат беріп, қызметті алуға қажетті құжаттар тізімін анықтап, мекен-жайын айтса болғаны. Осы ақпаратты алған байланыс орталығының қызметкерлері қызметалушыға ыңғайлы уақытты таңдап, ақпаратты сол ауданның ХҚКО бөліміне жібереді. Ал анықталған аудан бөлімі болса, қызметалушыға 72 сағат ішінде үйіне барып қызмет көрсетеді.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑