banner-top12

Замандас CameraZOOM-20140711154226314

Қосқан уақыты Шілде 21, 2014 | 1  120 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мүмкіншілігі шектеулі адамдар қоғамда тең құқықты мүше бола отырып, ерекше қолдауды қажет етеді

Мүмкіншілігі шектеулі адамдар қоғамда тең құқықты мүше бола отырып, ерекше қолдауды қажет етеді. Оларды жұмыспен қамту мәселелерін шешу барлық елде іс жүзінде өзекті мәселе. Бұл күндері Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес Алматы қаласы ХҚКО филиалы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және мен өмір сапасын жақсарту мақсатында жұмыс атқаруда. Осы орайда Филиал басшылығы «Қазақстан мүгедектер ұйымдары» одағы мүшелерімен кездесу өткізіп, Халыққа қызмет көрсету орталығына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыс барысында қиындықтар туындамау үшін тағы қандай қолайлы жағдайлар жасауға болатындығы жөнінде пікірлесті. Сондай-ақ, кездесу барысында ұйым төрағасы Әли Әбділдаұлы Аманбаев филиалдың қызметкерлерді дамыту бөліміне мүгедектер тізімін ұсынды. Ұсынылған тізім бойынша мүгедек жандарды жұмысқа қызықтыру, оларды мемлекеттік арнайы бағдарлама бойынша оқыту, кезектен тыс конкурс өткізіп жұмысқа қабылдау шаралары  жүзеге асырылып жатыр.

«ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филалында қазіргі уақытта 6 мүгедек жан еңбек етуде. Солардың бірі – Дуанқұлов Бекболат, ХҚКО РМК Алматы қаласы бойынша филиалының шаруашылық бөлімінде жұмыс істейді. Ол 1983 жылдан «Бехтерева ауруы» бойынша екінші топтағы мүгедек, бойын толық жазып жүре алмайды. Негізі ұста мамандағын меңгерген Бекболаттың тұрақты жұмыс орны болмады. «ХҚКО-ға жұмысқа қабылданған екі жыл ішінде, өмірім жақсы жағына қарай өзгерді. Жұмысым тұрақты. Үйдегі жұбайым, 6 балам мен 1 немерем де менің көңілім жай тауып, мемлекеттік мекемеде жұмыс істеп жүргеніме риза. Әріптестерім де сыйлайды. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ел қатарлы еңбек етуіне мүмкіндік жасап отырғандығы қуантады. Біз де еліміздің өркендеуіне үлесімізді қоссақ, оның несі жаман!» – дейді ол. Келешекте ХҚКО қызметкерлері арасында Бекболат сынды жандардың қатары артары сөзсіз.

Жалпы,  «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филалы ұжымы мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесін әркез назардан тыс қалдырмақ емес.

Фарида Дүнгенбаева, 

«ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филалының қызметкері.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑