banner-top12

Сен білесің бе? b89841

Қосқан уақыты Мамыр 16, 2014 | 27  276 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

3

Мүшелі жас

Мүшел

Мүшел – 12 жыл уақыт атауы. Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшелмен есептеледі. Халық даналығында осы қағида шын мәнінде тапқырлық санақ есебі екенін ғылым да мойындайды. Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы әрі бірден-бір оңай есептік жүйе. Мүшелдің алғашқы 13 жылдан бастап, кейін әр мүшел сайын 12 жылдан қосып отырады. Бұрынғы кісілер жасын айтқанда «бес мүшелден екі жыл астым» (63 жас), «жеті мүшелге толдым» (85 жас) дейді. Мүшелдің 12 жылдан қайырлуының өзі адам өмірінің елеулі кезеңіне сәйкес келеді. Мысалы –

  • бір мүшел (13) – балалық,
  • екі мүшел (25) – күш-қуаттың толысуы,
  • үш мүшел (37) – жан-жақты толысу,
  • төрт, бес мүшел (49-61)- кемелдену, және одан әрі қарттық дәуірге сәйкес келеді.

Халық ұғымында әр мүшел адам өміріне қауіпті жыл деп саналып, мүшел жасында жаңа киімін біреуге беріп, жаратушыдан саулық тілейді, «құдайы» /садақа/ жасайды. Бұл жасында әр адам сақтанып жүреді, алыс, ауыр сапарларға шықпайды. Ауа райының қолайсыз кезеңдерінде абайлап жүреді. Қазақтардың мұндай сақтануы негізсіз емес. Өйткені адам ағзасында әр 12 жылда үлкен өзгерістер болып тұрады. Ертедегі шығыстық ғылым осыны анықтаған.

 

1-мүшел -13 жас (ер жете бастау)2-мүшел – 25 жас (жігіттік жас)

3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)

4-мүшел – 49 жас (орта жас)

5-мүшел – 61 жас (орта жас)

6-мүшел – 73 жас (қарттық)7-мүшел – 85 жас (кәрілік)

8-мүшел – 97 жас (қалжырау)

9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)

10-мүшел – 121 жас (немене сүю)

10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған,

30 жас – орда бұзар,

40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар,

50 жас – ел ағасы, ердің жасы,

60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқарлы алпыс,

70 жас – жетпістің белесі,

80 жас – сексеннің сеңгірі.

Қазақ халқы адамның өміріне байланысты бірінші мүшелді ананың құрсағындағы мерзімді есептеп 13 деп алған да, қалған өміріне 12 жылды қосып, 25,37,49,61,73,85 т.б жастарды адамның өміріндегі маңызды жылдар деп есептеген. Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел 13 жас – бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.

13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі. Осындай мүшел есік қаққанда: «О, Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр!» – деп Аллаға жалбарынатын.

25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.

37 жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.

49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезі.

61 жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.

73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айһай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.

85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.

Әр адам баласы мүшел жастан өткен сайын садақа беріп, жеті нан үлестіріп келеді.

          Мүшелтой – кейде «мерейтой» деп те атайды. Мұндай салтанатты кеш мереке, той дәрежесінде мемлекетке, елге айрықша еңбегі сіңген мемлекет, ғылым, өнер, әдебиет қайраткерлерінің туған күніне байланысты өткізіледі. Бұл – әдеттегі туған күн емес, саяси – әлеуметтік оқиға. Қазақтар туған күнді немесе мүшел жасқа толуын атап өтуді бұрын әдетке, салтқа айналдырмаған. ХХ ғасыр басынан бастап қазақ мәдениетінде белгілі қайраткерлердің мүшел тойлары 50, 60, 70 жасқа толуына байланысты өткізіле бастады. Қазақ ұлты өкілдері ішінен алғаш рет мерейтойы – 50 жасқа толған тойы аталып өткен адам әйгілі Алаш қайраткері ғұлама ғалым, халықтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов (1923 жыл).

           Мерейтойдың (мүшелтойдың) әлеуметтік, рухани мән-маңызы өте зор. Ол белгілі ақын, жазушы, ғалым, батыр т.б есімі елге белгілі адамдардың еңбегін бағалау, оның мәртебесін көтеру ғана емес, қалың жұртшылықты әсіресе, жастарды ұлы іске, өнерге, білімге тәрбиелеудің үлгісі, халыққа қызмет етудің көрінісі деп бағаланады. Мүшел жасқа толған қайраткер ел алдында есеп береді, өз қызметінің жемісін көреді. Кездесу кештерін өткізіп, жоғары атақтармен марапаттайды. Олардың есімімен елі-жұрты, туған-туысқандары мақтанады, қуанышына ортақтасады. Кейінгі жастарға үлгі етеді. Жастар да оларға еліктейді, армандайды және солай талаптанады.

Мерейтой өткізу – әр мәдениетті елде қалыптасқан дәстүр. Көзі тірі адамдар ғана емес, ертеде қайтыс болған ұлы адамдардың да мерейтойлары аталып өтеді. Айталық, Абылай ханның туғанына 300 жыл, Қабанбай, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батырлардың туғанына 300 жыл. Абай, Жамбылдың туғанына 150 жыл, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбиттердің туғанына 100 жыл толуы ерекше салтанатпен аталуы бүкіл халықтық мерекеге айналды.




3 Responses to Мүшелі жас

  1. Айгерим says:

    мүшел жас туралы нақты ақпарат алдым.

  2. мүшел жас туралы нақты ақпарат алдық

  3. Ninoapori says:

    В сети немало позновательных статей о пикантном положении и роддомах, но они какие-то неточные. Недостает названий перинатальных центров, адресов, рекомендаций настоящих врачей. А хотелось бы увидеть последнюю речь, важную в данном году – с новейшими технологиями, ценами и новостями.
    Безупречно, чтобы вдобавок и нужная информация для будущих и настоящих мам. Все это обнаружила собственно здесь. Четко, конкретно, с образцами из реалистичной жизни, рассказами специалистов. Частенько заглядываю на интернет-сайт, когда малыш болеет.
    от чего заводятся лямблии

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑