banner-top12

Ақпараттар ағымы img_3356

Қосқан уақыты Мамыр 24, 2015 | 486 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Мұсылман палуандар белдеседі

Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметiне орай, Қазақ стан мұсылмандары Дiни басқармасының ұйымдастыруымен, 2015 жылы 6 маусымда Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенiнде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесiне мешiт жамағаттары арасында «Қазақ күресiнен» II Республикалық түйе палуандар турнирi өтедi.
Палуандарды тiркеу және салмақ өлшеу жұмыстары 2015 жылы 3 маусымда сағат 14.00-19.00 аралығында, спортшылардың жарысқа дайындықтарын (тiзелерiн жауып тұратын спорттық киiм үлгiсi, жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды екенiн анықтайтын дәрiгерлiк анықтама) тексеру, жеребе тарту шаралары 4 маусым күнi сағат 15.00-ден 17.00-ге дейiн ҚМДБ-ның Алматы қаласындағы ғимаратында өтедi.
Ескерту
— Жарысқа 18 жастан жоғары ересектер жiберiледi.
— Салмағы74 кг. жоғары болуы шарт.
— Әр палуанның өзiмен бiрге төлқұжаты және (жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды екенiн анықтайтын) дәрiгерлiк анықтамасы болу керек.
— Кәсiпқой спортшылар жа рысқа жiберiлмейдi. Жарысқа тек әуесқой спортшылар ғана қатыса алады.
Марапаттау
— I орын – қажылық;
— II орын – умра;
— III орын – бағалы жүлде. Сонымен қатар, Бас мүфтидiң мақтау қағазы және медалдармен марапатталады. Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игiлiгi мен сәлемi болсын) бiр хадисiнде: «Суға жүзудi, садақ атуды, атқа отыруды, күресудi, жүгiрудi үйренiңдер, әрi өзгелерге оны үйретiңдер», – деген.
muftyat.kz




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑