banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_2073

Қосқан уақыты Шілде 11, 2017 | 422 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

МХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу

         Бүгін Алматы қаласы «ХҚКО» департаментінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және  алдын алу мақсатында жиын өтті.

IMG_2055 IMG_2039 IMG_2077 IMG_2067

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша «ХҚКО» департаментінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда Мамандандырылған ХҚКО-ларда өз қызметін ұсынатын сақтандыру компанияларының жұмысына қатысты әңгіме өрбіді.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласы  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Ахметов Данияр Сағындықұлы, Сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Бахытбек Әлішов, Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұраталиев Жандос Дүйсебайұлы, Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Мендешев Ерлан Габдрахимович, Алматы қаласы ІІБ ӘПБ ЕҚТЖБ басшысы Аманбек  Нұрлан, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Бекжүнісов Ермек Құралбекұлы, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы   У.Е.Өмірзақов, «Еуразия», «Көммеск – Өмір»,  «Нұрполис» сақтандыру компанияларының өкілдері қатысып, МХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жолдары жайлы келелі мәселелерді ортаға салды.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑