banner-top12

Сұхбат 4a50127152042e3ac451f2b574b39e01f3

Қосқан уақыты Қараша 19, 2015 | 1  612 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

МХҚКО-ның бүгінгі қызмет түрлері

Мамандандырылған ХҚКО қызметкері Мұхтар Отарбаймен сұхбат.

 

 –         Мамандандырылған ХҚКО-да қандай қызмет түрлері көрсетіледі?

–       Негізінен көлік құралдарын тіркеу, қайтау тіркеу мемлекеттік қызметі, көлік құралының нөмірлік агрегаттарын байқау, жүргізуші куәлігін беру мемлекеттік қызметі, теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау.

 –         Автокөлікті тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік

белгі тапсырыс бергеннен бастап қанша уақытта дайын болады?

–         ҚР ІІМ-нің 2015 жылдың 14 сәуірінде №341 бұйрығымен бекітілген

«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша қызмет алушы орталық қызметкеріне құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 2 (екі) сағат аралығында дайын болады.

 –         Жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау барысына өзгерістер енгізілді ме?

–         Ия, мынадай өзгерістер енгізілді:

а)       ҚР ІІМ-нің 2014 жылдың 2 желтоқсанында №862 бұйрығымен бекітілген «Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларының» 74-тармағына сәйкес «Теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру кезінде үш нашар баға алған жағдайда жүргізушілікке үміткер емтихандарды кейіннен тапсыруға жіберілмейді және қайтадан оқу үшін оқу ұйымына жіберіледі».

б)      Қазақстан РеспубликасыныңЖол жүрісіқауіпсіздігі туралы” Заңыбойынша емтихандар қабылдауды, азаматтарға «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы, «A1, B1, C1, D1, С1Е и D1E» кіші санаттарындағы жүргізуші куәліктерін беруді жүзеге асырудамыз.

в)       «А», «В», «С», «D», «Е», «Tm», «Tb» санаттары бар, 1996 жылдан бастап берілген, Қазақстан Республикасының ұлттық жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде мынадай жүргізуші куәліктері беріледі:

1) «А» санаты болған кезде – «А», «А1» санаттары;
2) «В» санаты болған кезде – «В», «В1» санаттары;
3) «С» санаты болған кезде – «С», «С1» санаттары;
4) «ВС» санаттары болған кезде – «С», «С1», «ВЕ» санаттары;
5) «D» санаты болған кезде – «D», «D1» санаттары;
6) «Е» санаты және «С» не «D» санаттары болған кезде – тиісінше «СЕ», «С1Е», «DE», «D1E» санаттары тиісінше;
7) «Tb» санаты болған кезде – «Tb» санаты, ал «D», «D1» санаттары практикалық емтихан тапсырғаннан кейін;
8) «Tm» санаты болған кезде – «Tm» санаты.

г) Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі өткен кезде көлік құралдарын басқару құқығы теориялық және практикалық емтихан тапсырғаннан кейін қалпына келтіріледі, бұрынғы қағидалар бойынша тек қана теориялық емтиханды тапсыратын еді.

д) Қазақстан РеспубликасыныңЖол жүрісіқауіпсіздігі туралы” Заңыбойынша көлік құралдарын басқару құқығы 74-бабына сәйкес:
«А1» кіші санатындағы көлік құралдарын – он алты жасқа толған адамдарға;
«А», «В» санаттарындағы және «В1», «С1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын – он сегіз жасқа толған адамдарға;
«С» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
«D», «Tm» және «Tb» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу – жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде үш жыл басқару өтілі бар адамдарға;
«ВЕ», «СЕ», «DЕ» санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше «В», «С» немесе «D» санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға;
«С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше «С», «D» санаттарындағы не «С1», «D1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі, яғни бұрынғыдай В,С санаттарына оқыған азаматтар бірден осы екі санат бойынша жүргізуші куәлігін ала алмайды.

 –       Жүргізуші куәлігін дайындау және беру қанша уақытта жүзеге асырылады?

–  ҚР ІІМ-нің 2015 жылдың 14 сәуірінде №341 бұйрығымен бекітілген «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметінің стандарты бойынша қызметалушы орталық қызметкеріне құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 2 (екі) сағат аралығында дайын болады. Әрине, егер азаматтар теориялық және практикалық емтихандарынан оң баға алған жағдайында.

–       Себебі, қызметті алушы емтиханның нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық және практикалық емтихан нәтижелерінің бағасымен құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға практикалық дағдыларын кем дегенде:

1)  көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды (бірінші рет алып жатқандар);

2)  көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі реттелмеген. (24 сағат өткен соң)

 –   «Бір терезе» қағидасымен жұмыс істеудің тиімділігі туралы айтсаңыз.

– Орталықтың қызметкерлері өзінің міндеттері мен функцияларына сәйкес:
1) өтініш берушілерге құжаттарды ресімдеуге өтініштерді, әдетте «электрондық кезек» жүйесімен анықталатын кезектілік тәртібінде қабылдайды (талонға сәйкес);

2) «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ) тізбеге сәйкес өтініштердің дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді;
3) өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
4) тиісті бюджетке міндетті төлемдердің енгізілгендігін растайтын құжаттардың болуын және олардың деректемелерін тексереді;
5) ХҚКО ЫАЖ-ға өтініш беруші туралы тиісті ақпаратты және ұсынылған құжаттардың тізімін енгізеді.
6) ХҚКО ЫАЖ берген штрих-коды бар өтініш берушіден қабылданған құжаттар туралы қолхатты береді;
7) уәкілетті органдарға жолданатын хат-хабарларды дайындайды;
8) қолхатта көрсетілген мерзімде өтініш берушілерге құжаттарды береді;
9) Орталықтардың басшылығына Орталықтардың аумағындағы өзіне белгілі болған тәртіп және заң бұзушылықтар туралы хабарлайды;
10) ХҚКО ЫАЖ уәкілетті органдарға құжаттарды тапсыру бойынша, уәкілетті органдардан қабылдау, құжаттарды беру секторына тапсыру және өтініш берушіге құжаттарды беру бойынша іс-әрекеттерді бақылайды (штрих-кодты сканерлеу тәсілімен).

 –           Автокөлікті арнайы ХҚКО-да тіркеу барысында жүргізушілерге өтініш бланкілерін толтыру, үй кітапшасының көшірмесін әкелу, анықтама қағаздарын жинау қажет пе?

–                Қызмет алушы орталыққа жүгінген жағдайында өтініш бланкілерін толтыру, үй кітапшасының көшірмесін әкелу, мекенжай анықтама қағаздарын жинау қажет емес, себебі ХҚКО қызметкері ақпараттық жүйелер арқылы мәліметтерді ала алады.

 –       Техникалық жабдықтау туралы айтатын болсақ, бір уақытта неше көлікті тексере аласыздар?

–        Орталықта көлік құралының нөмірлік агрегаттарының байқауын жүргізу үшін 4 жеңіл көліктерге, 1 ауыр көліктерге арналған аңғар жолдары бар және әкімшілік полиция қызметкерлері ақпараттық жүйеде көлік құралының нөмірлік агрегаттарын рәсімдеу үшін 14 кабина орнатылған. Бір мезетте 14 автокөлікті техникалық байқауын тексеруге болады.

 –                Практикалық емтиханды қабылдауға арнайы автодром мәселесі қарастырылған ба?

–       Автоматтандырылған автодромның аумағы бір гектар. Практикалық емтиханды осы автодромда тапсыру өте ыңғайлы, себебі адами факторлар жоқ. Автодром қаладағы жолдарды, темір жол өткелдерін, жаяу жүргінші жолақтарын, бұралаң (извилистые) жолдарды, 60-тан астам жол белгілері, бағдаршамдарды толықтай еліктетеді. Бұл автодром көлік жүргізушілерінің қалалық жағдайларда көлік құралын дербес және қауіпсіз дайындалуға өте зор көмектеседі.

 –  Автокөлікті шетелде сатып алғандар үшін тиісті құжаттарды сіздердің орталықта рәсімдей ала ма?

–                Ия, орталықтың ғимаратында кедендік рәсімдеуді жүргізуге арналған кеден қызметкерлері орналастырылған.

 –         Автокөлік салығынан кімдер босатылады?

Орталықта тіркелуге сәйкес келетін көлік құралдары ҚР Салық Кодексінің 365-бабының 3-тармағына сәйкес:

1) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

2) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;

3) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, “Халық қаhарманы”, “Қазақстанның Еңбек Ері” атақтарына ие болған, Даңқ орденiнің үш дәрежесімен және “Отан” орденiмен наградталған адамдар, “Ардақты ана” атағын алған, “Алтын алқа”, “Күмiс алқа” алқаларымен наградталған көп балалы аналар көлiк құралдары салығын төлеушiлері болып табылмайды.

 –                Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қайта алу үшін қандай талаптар қойылады? Ол кісілер қайта емтихан тапсырып ала ма әлде тек қана ауыстырып бересіздер ме?

–           Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қайта алу үшін келесідей талаптар қойылады:

Қызметалушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес қажетті құжаттарын ұсынуы тиіс (олар: 083/у формасындағы медициналық анықтама, мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты және т.б.), сонымен қатар теориялық және практикалық емтихандарды тапсыруы қажет.

 –       Мерзімі біткен күннен бастап, неше уақыт аралығында ауыстыру керек. Бұл жағдайда да айыппұл мәселесі қарастырылған ба?

–       Қазақстан РеспубликасыныңЖол жүрісіқауіпсіздігі туралы” Заңыбойынша ұлттық жүргізуші куәлігі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше шектеу көзделмесе, он жыл мерзімге беріледі.Яғни, азамат осы уақыт аралығында өзінің қалауы бойынша емтихан тапсырмай-ақ айырбастай алады.

 –         Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан Г.Алпамысқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑