banner-top12

Поэзия Nature_Mountains__001732_1

Қосқан уақыты Мамыр 18, 2014 | 917 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Нәбидолла Құдайбергенұлының өлеңдері

Өмірбаян Нәбидолла Құдайберген ұлы1984- жылы 21-наурызда ҚХР-ШҰАР-ның Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 2006 жылы Тарихи отаны Қазақстанға оралып, Алматы облысы, Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылына қоныстанған.     Намыс   Еміс-еміс естілетін өсек сөзді термедім, Бәрі шындық, бәрі дағы, өз көзіммен көргенім. Біреу жатыр қиялымен өзін-өзі тербетіп, Көкке қарап төсегінде, бақырайтып көздерін,   Ойға шомды ол, мен не болдым, қайда қалды еңбегім, Мына күннен көрім еді-ау жақсы иттерше өлгенім. Тау құласа құламайтын жігерлі едім қаншалық, Бұл шіркіннің қайдан білем мені қалай жеңгенін.   Дәл осылай бір тәубесі қанат қағып жатқанда, Терезеден күн үңілді белгі беріп ақ таңда. Көрпесімен басын бүркеп жата қалды тұрмады, Кім біледі әлде кімнің сілесі оны атқан ба?   Бір бұрышта қарт ана отыр сөзге келмей гүркілдеп, Тұрғандайын күй-жайымді тентек ұлым білсін деп, Жас келін жүр шай қайнатып, үй сыпырып тынымсыз «Кейінгі жәй не болады»- дейді ішінен күңкілдеп.   Ақсай басып келді анасы тентек ұлға тұр-тұр деп, Қатты айтуға дәрмені жоқ ұрт еттері бүлкілдеп. Өзім тапқан, өзім баққан, өз ұлымнан,өзім бүгін қорқамын, Иә құдай ажалды бер бүйткен күнің құрсын деп, Кеудесінде соғып тұрды әлсіз жүрек дүрсілдеп.   Ұлы тұрды төсегінен ерінгендей ақырын, Солқылдады шеке тамыр ауруы үдеп басының. Тұрды дағы сыртқа шығып дүкен жаққа көз салды Сарыла бір күткен жандай қымбаттысын – ғашығын.   Баяу басып тағы кетті мекеніне кешегі, Көңілінде сағыныштың самал желі еседі. Кіріп барып дүкенге, ащы арақтың исіне, Біз тұмсығын бір көтеріп көкірегін төседі.   Осы сәтте ғашық сезім қос жанарға тығылды, Сол қос жанар мөлдіреген бөтелкеге үңілді. Арманы бар дәрмені жоқ арыстандай азамат Құр қалтаның түбін сипап қабағы сәл түйілді.   Шешілмеген күдігі бар көңілінде көптеген, Құдайында қарғап салды-ау еш рахым етпеген. Рас-рас, қоқылдаған қораз көрсе қойнына тығатын, Ежелден бір ерлігі бар өскелең. Кезек келді-ау соны тағы ескерер.     Арманына асыққанда жасыратын сыр қайда, Тәубесінің тәк-тәк сөзін тазы қыран тыңдай ма Әне біреу ақ қораздың әп-әдемі тұрқынан, Елес беріп екі жарты тұрмай ма,   Қайталамай қайтсін енді жатса бәрі жатталып, Дүкеншіні қимылымен кетті тағы басқарып. Ауыздығын ақ көбік қып арманына алдағы, Ақ қоразбен бара жатты аттанып. Кетті осыдан жаңа сапар басталып.   Күлкісімен танытқандай тамаша бір талғамын, Стаканнан татып көріп арманның бал дәмін. «Шіркін арақ ,шіркін арақ» -деп кеудесін қағып ап, Шола қарап жан-жағын шошайтып тұр бармағын.   Содан барып ашылғандай бұлтқа толы аспаны Арғымақтың арындады жас жаны, Құмыраның құрдасы боп құр қиялмен тұрғанда Ал алтын күн тұрған еді батқалы.   Тақырыбы қойылмаған   Намысын қашанда ту қылып тіктеген, Қайсарлық қанымда қалыпты сүтпенен. Домбыра шанағы саусақпен тербелсе, Дауысы теңелген бүлтпенен   Басқадан бөлекше діні бар, тілі бар, Самұрық көтерген биікке күні бар. Төскейі, беткейі кеңдігі соншалық, Қойнында жүз жиырма ұлт жылынар.   Тақымда әрдайым тыпыршып асауы, Қамалын берік қып ұстаған жасағы. Міне бұл күллі Әлем тамсана қарайтын, Қазақтың отаны.   Санамда сан шаттық жарқырап ертеңім, Ерке өмір еріксіз өзіне елтеді. Таулардың тәбиғи тұлғасы толғана, Тарих тағлымынан аздап сыр шертеді.   Сәбидің жылаған, ботаның дауысы боздаған, Қасірет сыйлайдау ол маған. Қаншама боздақтар қып-қызыл қан кешіп, Қаншама аналар сорлаған.   Қаншама адамзат қалды екен күйзеліп, Жауының жанқияр найзасы түйреліп. Қаншама қарагөз қан жұтып кетті екен Тақымда сүйреліп.   Әр қазақ баласын ақ сүтпен баптаған, Қан кешіп жүрсе де, ешқашан қайтпаған, Жүрегін жұлғалы тұрса да жауы кеп Қазақтық намысын сақтаған.   Сондықтан әрдайым кең оның өрісі, Әр ісін істейтін тек қана елі үшін. Бүгінгі бақыт күн кешегі күрестің, Күрестің жемісі.   Ендеше жаныңды жеріңнен суытпа, Пенделік құлқыңды бес минут құрықта. Табанда тапталған топырақ бетінде, Бабамның қаны бар ұмытпа.   Наурызға шашу   Қазағымның танытып ұлылығын, Ақындардың оқылар жыры бүгін. Атам қазақ бір кесе көжеменен, Бастаушы еді, ұлыстың ұлы күнін.   Бір кесеге бауырым жәй қарама, Бір жұтып ап қарашы айналаға. Қияал шіркін қыдырып қыраттарда, Кешегі елес шындыққа айналады.   Қазақ кеше, бүгінде рухты адам, Наурыз күнін қашанда ұлықтаған. Найза ұшында тұрса да қыл тағдыры Жеті дәмнің парызын ұмытпаған.   Ата салтын келеміз сақтап әлі, Әр жүректе ерекше жатталады, Дәл осы күн, күн мен түн теңелет те, Ал таңертең күн ұзап басталады.   Бәрін толық сіңдіріп санамызға, Айналдырып кетейік сан аңызға. Бір кесеге бір үлкен бата керек, Ақсақалды ата отыр арамызда.   Ең әуелі «құдайым сақтасын» деп, Осы салтты ұрпағым жаттасын деп, Бір кеседен ұрттаған әрбір адам Бір жартыны ешқашан татпасын деп.   Ал екінші рухым таймасын деп, Халқарада қазақтар жайнасын деп. Бір кеседен ұрттаған әрбір адам Әрбір адам, әр арна, әр уақытта, Тек қазақша, қазақша сайрасын деп.   Ал үшінші тың әрі бастамасы, Ұлы отанның талмасын жас қанаты. Ортамызда ортақ ой тұндыратын Дін-исләм ешқашан ақсамасын.   Жеті дәнмен тазартып көңілімді, Көл көжеден көрейін көп ұғымды. -Ау жеңеше мағанда бір кесе құй, Шыт жаңадан бастайын өмірімді.       Анаға сәлем   Өткен күнді өткерейін елеспен, Еске алумен сағыну тең емеспе. Сараптайын сабылысқан сан ойды, Санамдағы салып көріп кеңеске.   Алтын қолдың тасып аққан суының, Кеше ғана таңдап ішкен тұнығым. Міне бүгін жетегімен арманның, Туған жерден алыста жүр бұл ұлың. Анасынан алыста жүр бұл ұлы.   Алыс жүрсең әр нені еске аласың, Жүрегіңе сан өкініш саласың. Талай рет қатты-қатты тіл қатып, Кешір мені ренжітттім анашым.   Иә солай, ренжіткен күнім көп, Бірақ маған ашуың бар, зілің жоқ. Сәл айқайлап сабаңызға түскен соң, Аялайсың айналайын күнім деп.   Ауылымнан аттанатын кезімде, Бөлендім-ау ерекше бір сезімге. «Қайда жүрсең аман бол» деп тіл қаттың, Жас моншағын төгіп тұрып көзіңнен.   Алыс жүрген адамдарға қиыны, Телефоннан тыңдау екен бір үнін. Трубкадан естіліп тұр анамның, Әрең шыққан дауысының дірілі. Сезіп тұрмын тағы төкті көз жасын, Сағынумен, сарғаюмен бұл ұлын.   Жоқ анашым, жылай көрме өтінем, Сен жыласаң мен өмірде өкінем. «Жыламаймын» демеп пе едің кетерде, Қара ұлыңның сүйіп тұрып бетінен.   Ұрпақтардың сан көтеріп әлегін, Қиындыққа төзе білген жан едің. Жылай көрме, жылай көрме, анашым, Қабыл алсаң қара ұлыңның сәлемін.                Махаббат сыры   Сан сұрақтың шырмауында толғана, Мен отырмын қаламымды қолға ала. Жаным менен үлкен үміт күтпессің, Бар өнерім, бар өлеңім сол ғана.   Жолда келем қиялдаумен әр нені, Сезіле ме, сезілмей ме жан лебі. Сырға толы сенің анау кеудеңде, Маған деген махаббатың бар ма еді.   Есіңде ме бірге отырған кеш қандай, Сонда мені үлкен бақыт тосқандай. Өзің үшін пайда болған сезімді, Өшіре алмас кедергілер ешқандай.   Жігіт болмас ғашық дертін бір кешпей, Көңілінен көп сезімін гулетпей. Дәл сол кеште ритмді ырғақта, Біз екеуміз көп биледік тілдеспей.   Көңілсіздеу өтсе мейлі бұл күнім, Ғашық үшін үлкен бақыт күрсіну. Бір әңгіме болмаса да ортада, Бірге соқты жүректердің дүрсілі.   Жыр жазбауға өзін үшін төзбедім, Бірақ қарғам біреуінде сезбедің. Жетелейді мені үлкен арманға, Жанарыма қадалғанда көздерің.   Сезіледі сол көзіңде от бардай, Биіктерден мына мені тосқандай. Әйтеу бір күн сол биікке шығармын, Кедергіні елең қылмай ешқандай.   Мен бір торғай шырылдаған тордағы, Ғашықтықтың қиын білем жолдары, Уақыттың өткенімен санаспай, Биіктерден күтіп тұрсаң болғаны.   Абайды құтқар ағайын   Қазақтың мынау мейрамы, Гүлденген әлем жаңаша. Думанға толып жан-жағы, Той болып жатты тамаша.   Ләйім тыныш ел іші, Тойламай қайтіп жатамыз. Заманның жастар серісі, Сеніммен есік ашамыз.   Жанымда жүрген ұл-қыз көп, Дәуірдің бір-бір дүлдүлі. Қыдырып тойды жүрміз деп, Жүздері түгел күлкілі.   Ауылдың жақын-алысы, Қуаныш тойға жиылып. Жастары түгіл, кәрісі, Билеп тұр тынбай иіліп.   Осылай болып қызық іс, Жарқырап, жайнап тұр әлем Биіңді болып үзіліс, Ортаға шықты бір адам.   «Көңілде толып тұнық ой, Кезіміз биге басатын, Айтылсын тілек биік ой, Қуаныш, шаттық жасасын.» Үздіксіз солай толғанып, Ортада тұрды жас ақын.   О,бәлі міне жарайсың, Абайдың жолын ұстағын. Алдыңда күтер талай сын, Бойыңда болсын нық, дарын.     Арнамен осы бара ғой, Кедергі шықса жолыңнан. Шаханов салсын санаңа ой, Жетелеп жүріп қолыңнан.   Қарттарым солай жырына, Риза болып көп-көрім. Алдында тұрған ұлына, Көңілден құрды мектебін.   Батамен бірге көп шашу, Кәмпиттер жатты домалап. Өлеңмен адам достасу, Шіркін-ай, шіркін ғажап-ақ.   Риза болып шашудың, Қолыма алып біреуін, Шаттығым түгел басылды, Дір ете қалды жүрегім.   Кәмпиттің орап бір бетін, Тұратын анау қағаздан, Абайдың көріп суретін, Жас ағып түсті жанардан.   Шашылып кәмпит қағазы, Домалап жатты санамда. Алты Алаштың абызы, Тапталып қалды табанда.   Ұлы Абай, сізге обал-ақ, Басыңнан басты талайы. Қағазбен жатқан домалап, Абайды құтқар ағайын.   Сол Абай кеше сендерді, Қапастан алып шығып ед. Бастырып қойған аяққа, Опасыз неткен құдырет.   Жалындап тұрған жастардан, Шыға ма енді ұлы Абай. Абайды жерге таптаған, Аяма бізді құдай-ай.     Жастардың қайтып жүрегі, Баспасын қапас түнегі. Абайды құтқар ұлы елім, Басқалар бізге күледі.   Абайды таптау азалы-ақ, Кім ойлап тапты осыны. Алдында елдің жазалап, Қылмаңдар әсте кешірім.   Дедім де қызық, думаннан Теріске бұрдым ат басын, Дәл бұлай сауық құрғаннан, Құдайым енді сақтасын Ақын                                                  ақын қарындасыма   Жүрегімде жүрген кезде толып мұң, Жырларымды кетуші едім төгіп бір. Сондай мұңлы күндерімнің бірінде Қарындасым қарсы алдымнан жолықтың.   Сырласып ем мен өзіңмен сәл ғана, Көздеріңнен алу көрдім маздаған. Сенде осы өлең жолын талдапсың, Жас қыранша көк жүзінде самғаған.   Сосын барып сырлас достай бұрынғы, Сенде оқыдың, менде оқыдым жырымды. Мұқағали болып кеттім қиялда Фәризаға ақтарғандай сырымды.   Біздің мына жолымызда күрделі, Таусылмайды армандардың тізбегі. Айналайын қарындасым әрдайым, Тәтті жырмен сусындатып жүр мені.   Аспаныңа ұзақ қарап көгілдір, Жұлдыздардай жыр-моншағын төгілдір. Жырға жақын мынау Қазақ халқымды, Жырларыңның мөлдіріне шомылдыр.   Жүрегінде басылмайтын шатттығы, Көңілінде ашылмайтын тәтті мұң. Соны ұмтпа қарындасым қашанда Ақын деген әділеттің ақтуы.                                                     Бір сәбидің естіліп жүр шырылы   Жүрегімнің жиілетіп дірілін, Күндерімнің болып барад түні мұң. Көптен бері құлағымның түбінде, Бір сәбидің естіліп жүр шырылы.   Жерден бе, әлде біле алмадым көктен бе, Бұл дауысты тағы естіп ем өткенде. Мұңға толы жас сәбидің шырылы, Жүрегіме қайғы кұйып кеткендей.   Тыным бермей жүргенін-ай жаныма, Бұл не дауыс тағы шықты, тағы да. Күңіреніп бүкіл қазақ даласы, Құлақ түрді жас сәбидің зарына.   Жүрегімді қарып тұрған от сынды, Таң тағы атты………… Бірақ жылдам кеш кірді. Сол сәбидің шырылдаған дауысы, Шекараның ар жағынан естілді.       Жас сәбиге жететұғын жол қайда, Жылап жатыр………………. Оны біреу қорлайма. Кісі елінде кірбең тартпай көңілі Өз елінде ойнап жүрсе болмай ма.   Қасіреттің қайғысында көктеген, Ойлар жатыр жазылмаған көптеген. Сатылып жүр, сәби, қара базарда, Шаранасы әлі толық кеппеген.   Жасқа шылап отырамын жанарды, Есіңе алшы батыр болған бабамды. Сәби сатып байысын деп айтып ед, Азат қылып ап бергенде даламды.   Мен бекерге көз жасымды төкпеймін, Үлкен қайғы жүрегімнен кетпейді. Сәбилерді қайта сатып алар ем, Әттең қайтем қолым қысқа жетпейді.               Ұлыма   Иә, балам азамат бол жүректі, Мынау қазақ даласына гүл екші. Қағазыңа қазағым деп ту жасап, Қаламың мен кең даламды күзетші.   Сол даламда бабалардың мұңы бар, Әділет деп төгіп кеткен жыры бар. Ат жалында ажал құшқан атамның Айтылмаған сыры бар. Таудың анау байқайсың ба қатпарын, Әр қатпарда әр тарих жатқанын . Сен соларды сезіміңмен оқып ап, Бабалардың батырлығын жатқа біл. Соның бәрін жатқа білсең жасыңнан, Қызықпайсың алтын менен асылға. Сақтанасың елдің тонап ақшасын Шетелдерге қашудан. Мұңға толы жарық қылып түнекті, Бабалардың кеудесінен жыр есті. Басқа тілді елең қылмай ешқандай, Күрессе олар өз тілі үшін күресті.   Бұны да біл қазақ тілі ең ұлы, Мүмкін емес басқа тілдің жеңуі. Үйрен бірақ өз тіліңмен сөйлеші Бабалардың қап қоймасын көңілі. Жырлары бар көңілінде жаттаған, Қазына мол ұрпағына сақтаған. Бірақ олар біз сияқты ақшаға Ислам дінін ешқашанда сатпаған Мұңға толы жазып жүрмін жырымды, Жүрегімнен тыңдап көрші бір үнді. Әлі жасқа толмасаңда сен бүгін, Ақтарайын сырымды.   Тарихтың танып-біліп талғамын, Сен жалғашы бұл әкеңнің арманын. Басын біраз шолып өттім қайтейін Өзің түсін ар жағын. Отаныма   Ұлтым демей азаматтық арға сын, Тағдыр маған еркімен сый талдасын. Енді міне өліп кетсем арман жоқ, Сыйса болды алақандай жамбасым.   Өйткені мен шетте жүрген бауырың, Кет демедің өз ұлыңды таныдың. Басқа отанның бесігінде тербеліп, Жігерімді намысыма жаныдым.       Жігер, намыс еш тоқтаусыз тербеттің, Тілім, дінім менімен қатар сенде өстің. Қазақ, Отан, таусылмайтын көп сұрақ Сол сұрақтың ортасында ержеттім.   Отан саған оқылатын жырым көп, Санама сен сәуле құйдың күнім боп. Бір басыма керек емес басқа сый, Енді өзіңде жүрсем болды құлың боп.   Жол тартамын өмірдің сапарына   Келіп тұрмын жан ата зиратыңа, Үміт толы арманым ширатыла. Батаңызды беріңіз қолды жайып, Зор сеніммен жүк артып бір басыма.   Немереңіз ержетті жігіт болды, Арманы да құлаштап биіктеді. Жырламақшы дамыған дәуір легін, Жырламақшы дамыған сүйікті елді.   Заманға сай биіктеп армандары, Заманға сай түрленді талғамдары. Қазаық үшін қызмет істей алса, Сол емес пе бір ұрпақ жалғанғаны.   Тізімделіп боздақтар жасағына, Қосылайын нағыз ел қатарына. Жігерімді шегелеп ақылыңмен, Жол тартайын өмірдің сапарына.       Арманым алып ұшқан азаматпын   Өнердің өктем үнін қаламас кім, Жасымнан жалын жырға жағаластым. Ақындар аруағын ауызға алып, Тайыңды таң нұрына тағалаттым. Қашанда қарлы шыңға қанат қағып, Арманым алып ұшқан азаматпын.   Арманның әлдилеуге арай таңын, Әрдайым асқақтата ән айтамын. Жігіттік жігерімді желге жықпай, Тағдырдың тауқыметін тарайтамын. Ақтауға азаматтық арманымды, Жүрегім соғып тұрсын бар айтарым.         Уақыт көз жібертіп ұзақтарға, Секунд шықылымен сыр ақтарған. Сезімнің сиқыр күші сенімімді, Арбаған бірақ-бірақ құлатпаған. Арманның алтын туын алға сүйреп, Ләйім асқар шыңнан тұрақ табам.   Білемін қалың мұның азабы да, Талмаймын қамшы басам талабыма. Тасқынын өлең жырдың талдау үшін, Арманым арындаса жазалы ма. Сенемін санімімді серт қып ұстап, Жастықтың жалын жырын жазарыма.   Кешіріңіз әпеке   Бойда шабыт тұрғанда ойымда арын, Осы өлеңмен ақтарғам көңіл зарын. Осы өлеңмен анықтап арманымды, Осы өлеңмен түсінгем өмір заңын. Шарықтаған шабытты шақтарымда, Ақ қағазбен сырласқам ақтарыла. Сен сенбейсің әпеке осы өлеңмен, Арманыма алғаш жол ашқаныма. Сондықтан да осы өлең мазалайтын, Мазалайтын әр ойды саралайтын. Бірақ оны түсінбей әпекежан, Пайдасы не оның деп жазалайсың. Пайдасы жоқ, білемін, зияны да, Бірақ, осы өлеңсіз өтіп жатқан Күндерімнің көңілсіз бәрі мына. Кешіріңіз әпеке ақылыңыз Қатты естіліп барады құлағыма.       Махаббат   Махаббат қой өзіңе ғашық қылған, Махаббат қой сезімді асықтырған. Махаббат қой көпіртіп жатқаныммен, Қарсы алдыңа барғанда жасық қылған.   Махаббат қой жүректі тербететін, Махаббат қой сезімді селдететін. Махаббат қой қайсарлы жігіттерді, Қыз алдына барғанда терлететін. Махаббат қой құлаққа үн беретін, Махаббат қой жүрекке мұң беретін. Махаббат қой кіршіксіз адалдыққа, Бір өмірлік кетпейтін кір беретін.   Махаббат қой қапаста қалғаныңда, Жұбататын қос қолымен гүл беретін. Махаббат қой ажалды төндіретін, Махаббат қой азапқа көндіретін.   Махаббат қой шындық жоқ өтірікке, Біліп тұрып еріксіз сендіретін. Махаббат қой гүл болып ашылатын, Махаббат қой қуаныш асыратын.   Тұрақтылық, арлылық, жақсылыққа, Махаббат қой тағы да бас ұратын. Сондықтан да жыр шабыт ерленеді, Бұл да болса тосылып көрмегені.   Біз екеуміз бұл жырдан шабыт алсақ, Сонда ғана махаббат өлмегені. Ортақ ниет болса егер екеумізде, Сонда ғана махаббат сөнбегені.   Шыға алам ба ағалар тілегіңнен   Толғанамын тобықтайдан түйем сыр,               Қолда барым поиезия ием-пір.               Көңіл қошын бөлісерге пенде жоқ,               Менің қосым өзгелерден иен тұр. –         Балапан Рабат *** Осы менің өнегем ұзтазым да, Көсілемін жыр шабыт қыспағында, Келем деп тұр жаңа жыр жаңа шабыт, Өлең боп тұр сол үшін құшқанымда. Бәрі-бәрі жүректі тұндыратын, Әлі дағы ақын көп жыр құратын. Баласын ба ағалар мына мені Арасында жарысып жұр бір атым. Сол атыма әр қашан ырық бергем, Қорасында тұлпардың іріктелген. Құнығамын сондықтан өлең десе, Тұнығарым жыр десе күліп берген.   Жыр дегеным қашанда биік маған, Ізденемін өлеңмен ырыс табам. Есем кетіп жүргенде басқаларға, Нөсерлетіп шабыт пен құйыпта алам. Қалғанымда байқап бір жыр азығын, Алдарында асқақтап тұрады үнім, Өлең үшін ортаңда өліп кетсем, Сонда ғана өзіме разымын.   Жыр жазамын сондықтан жүрегіммен, Тың базарын өмірдің білемін мен. Тіге алам ба өлеңнің алтын туын, Шыға алам ба ағалар тілегіңнен.         Махаббатқа қош айттым   Кетпесе де бойымнан балалығым, Махаббатқа жасымнан жаралымын. Бал сезімнің гүл дәурен базарының, Басып жүрмін мінеки жаза мұңын.   Бала сезім жүр екен сезіп нені, Жүрегімді жалын ғып еріткені. Шын жүрекпен сүйіп ем бір сұлуды, Бірақ одан адалдық кезікпеді.   Ғашық қылған сол сұлу кеше мені, Қыздық атын қайтейін өтемеді. Қызып алып, би соңы тарқағанда Құшағында біреудің кете берді.   Арман ару жанымды жылытпады, Жүрегімді жалын ғып… Суытқаны. Сондықтан да алғашқы махабатқа, Қош айтумен жас жаным тыныстады.   Дара шумақтар   Артық емес ақынға мұң дегенің, Сондықтанда қайғы мұң іздегенім. Қанша жылап қаншалық күрсінсем де, Бұл өмірден күдерді үзбегенмін. ***************************** Поезия, өлең, жыр сұлу неткен, Асау шабыт жүректі дірілдеткен. Отты өлеңді көпіртіп көкейінде, Нағыз ақын әлемді дүрілдеткен. ***************************** Жатырмын қиял тербеп айлы түнде, Жүрегім дүрсілдеуден тоқтағандай. Саламын мұңлы әніме қайғы ішінде, Қу жаным бір сыңарын жоқтағандай. ***************************** Қайда кеткен қалам, сауыт, қағазым, Әкелші оны шабыт жырын жазамын. Мініп алып сезім атты тұлпарға, Аралаймын өлең жырдың базарын. ***************************** Толқын соққан кемедей менің жаным, Қапастағы бұлбұлдай менің зарым. Сенде бір күн мұңымды түсінерсің, Жүрегімде тек қана өзің барым. *****************************   Ән сөздері   Ділдәжан   Көңілді сәтті күлкімді, Жанарың сыйлаған. Жүректе тұрған бір сырды, Айта алмай қиналғам.   Қайырмасы: Ділдәжан Сырымды тыңдаған, Сезімді ұрлаған, Парталас шақты еске алып Өзің деп жыр жазам.     Айта алмай сырды жүргенде, Алыстап кеткенім. Жылаумен қалды бұл кеуде, Арманға жетпедім.   Қайырмасы: Ділдәжан Жанарың сыр маған, Жүрегім тулаған. Қолымда тұрған суретке, Көп қарап жыр жазам.   Әнімді естіп достарым, Жеткізші Ділдаға. Өсекке мені қоспаған, Оны да қинама. Қасыңа бара алмадым   Мені өзіңмен бір кеште танысқанмын, Тіл қата алмай бірақта алыстадым. Сырларымды асығып айтпасам да, Жырларымды тек саған бағыштадым.   Қайырмасы: Дәл қазір жырақтамын, Жүректі жылатқанмын. Әнімді саған арнап, Жанымды жұбатқанмын.   Күтем сені дағы да кезігерсің, Кезігерсің жанымды сезінерсің. Жанарыңнан суретім орын алса, Құлай келіп құшаққа көз ілерсің. Қайырмасы: Сырларым осы менің, Мұңлы күй кешудемін. Басқаға күле көрме, Өзіңнен Өтінерім.   Сүлулықтан барады ұйып демім, Біле алмадым басқаны сүйіп пе едің. Сүйген жарың шынымен жоқ болса егер, Сырларымды тыңдашы ұйып менің.   Қайырмасы: Қасыңа бара алмадым, Бір хабар ала алмадым. Басқаны ұнатсаңыз, Таыусылмас бар арманым.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑