Насихаттық топ «Алатау» балалар лагерінде «Қазақтану» лекторийін өткізді
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен шаралар аясында Алматы қаласы, «Алатау» балалар лагерінде «ҚАЗАҚТАНУ» лекторийін өткізді. Шараға республика өңірлерінен келіп лагерьде демалып жатқан балалар мен олардың ата-аналары қатысты.
Шарада «Қазақтану» тақырыбында этнограф, Салт-дәстүр академиясының академигі Болат Бопайұлы, «Рухани жаңғыру мен қазақтың ырымдары мен тиымдары» туралы, этнограф, жазушы Б.Жұмабайұлы «Балалар ойындары» туралы, ақын, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Даулетбек Байтұрсын «Рухани жаңғыру және Түркі әлемі» тақырыбында лекциялар өткізді.
Шаралар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті.