banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 4 июня, 2015 | қосқан shalqar | 683 рет оқылды

0

Наурызбай ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

5 маусым күні  сағат 12.00-де Алматы қаласының Наурызбай ауданында халыққа қызмет көрсету орталығының ресми ашылуы өтеді.  (мекенжайы: Ақжар шағын ауданы, Егінсу к., 33).
Шараға ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Бек Арпабаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин, «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева қатысады.
Алматы қаласы Наурызбай ауданының бөлімі есеп бойынша 9-ыншы болады. Бұған дейін қалада автокөлік иелері үшін Мамандандырылған ХҚКО-ны қоса, 8 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді.
ХҚКО-лар 191 мемлекеттік қызметті ұсынады. Қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін онда «Connection Point» — Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Ол жерде баланы бала-бақша кезегіне қоюға, жеке кредиттік есепті алуға, мемлекеттік қызметтің кадр қорына есепке тұруға және т.б. барлық электрондық қызметтерді алуға болады.

«ХҚКО» РМК баспасөз-қызметі




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑